"Жаным, ажыраса тұрайықшы…"

altaynews.kz фото

Көптен хабарласпай кеткен құрбым бар еді, кенет смартфонымда соның аты шыға келгені.
«Үйге кел, үйге кел!» деді бірден. Түсінгенім: баспаналы болған ба, соған мені шақыруға хабарласқан түрі екен. Айтылған адреске жеттім. Олар мені су жаңа баспанада қарсы алды.
«Саған екі жаңалығымыз бар деді құрбым мен күйеуі. «Жақсысынан бастайын ба, жаманынан ба?» деген де жоқ әдеттегідей, бірден «Біз ажырастық!», — деп айтып салды.
Сілейтіп тұрдым да қалдым. Бірақ, олар мәз. Және осы сөзді айтқанда, екеуі құшақтасып тұрды. Түк түсінсем бұйырмасын. Өмірде өздерінің ажырасқандарына осынша қуанышты жанұяны көруім бірінші рет.
«Есесіне, үй алдық!» деді тіпті таң қалдыра түсіп. Бір сәтте екі бірдей тосын хабар естіп, ештеңенің байыбына бара алмай есеңгіредім де қалдым.
Артынан барып «қайғылы хабарға» сонша қуанып тұрғандары белгілі болды. Бұл отбасы қағаз жүзінде ғана ажырасыпты.
Не үшін?
Шұғыл түрде баспаналы болу үшін!
Бұл қалай болғаны?
«ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңды» оқымайсыз ба?..
Сонда мынадай жолдар бар:
67-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары:
1.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Әлгі «асты сызылған топқа» кім жатады?
Оны да білер едіңіз, егер 68-бапты жақсылап оқысаңыз… Бас аяғы 11 ді құрайтын ұзын сонар тізімді ілмей ақ, біз соның ең соңғы 11-шісіне бір-ақ секірейікші.
11) толық емес отбасылар…
Міне, менің құрбыма «үй алу үмітін сыйлаған» осы категория!

Қалайша? Оның отбасы бар ғой?
Мәселе, сонда…
Осының алдында ғана бұл жұп жас отбасы ретінде тіркеуде тұрып, дәл үйдің кезегі келгенде «жасы 29 дан бірер ай асып кеткен» «кінәратпен» уыста тұрған су жаңа пәтер кілті сырғып түсіп кеткен болатын. Сонда көз жасына ерік бере алмай, әбден жылаған құрбым…
Сөйтіп жүргенде бір күні «заңды жаңғақша шағатын» танысын ұшырасады оған. Екеуара әңгімеде, әрине, «баспана қайғысы» қалыс қалсын ба, уыстан сырғып түскен кілт жайлы айтылады. «Соған да жылай ма адам?» дейді әлгі. «Ажырас!». «Немене?» дейді құрбым оған «жындымысың?» дегендей. Өзі баснпанасыз қалған келіншекке, және жалғыз емес, баласы бар әйелге енді кеп күйеуіңнен айырыл деген адамға кім де болса солай қарары түсінікті. «Ажырас, сөйте те балаңды өз атыңа жаздыр», сосын қалғанын маған қалдыр, үйлі боласың!» деген ол. Әбден ойлана келе, келіскен. Шынында…бізде «бүтін отбасынан» гөрі «түтін отбасы» , онда да оң жақта отырып босанып қойғандардың үй алуға «шансы» мол екен.
Міне, оның «ажырасса» да бүгін мәз болу сыры осында! «Заманың түлкі болса, тазыбоп шал» деп қулана жымиды құрбым. Небары бір жыл ғана бұрын аузын ашса, жүрегі көрінетін еді оның.
Құрбым «өйтіп-бүйтіп» үйлі болғанына қуандым…
Бірақ, осы қаншалықты заңды? Осы сұрақ көкейімде тұрды да қойды. Сондай ақ отбасы бүтіндігінен гөрі, алауыздығы «шансты» молайтуының өзі естір құлақ, көрер көзге де жақсы іс емес қой? Мүмкін, бізде ажырасудың жыл санап көбейіп жатқаны осы себептен шығар? Кім білсін, бірақ… Әйтеуір не керек, заңгерге жүгіну керек деген шешімге келдім.
Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер
- Қазір біздің мемлекетте «жалғыз басты ана» деген ұғым жоқ. Егерде бұрын мемлекет тарапынан жалғызбасты аналарға көмек көрсетілетін болса, қазіргі кезде оларға мемлекеттен қандай да бір материалдық көмек берілсе, ол біріншіден, өздеріне емес, тек балаларына және тағы бір жеңілдігі жалғызбасты аналар баласы он төрт жасқа толмаса жұмыстан қысқартылмайды, қысқартуға жұмыс берушінің құқы жоқ. Ал нақты тұрғынүй қатынастарына келер болсақ, «жеңілдікпен үй беру» деген түсінік жоқ, бірақ егерде әйелдің бірнеше баласы болып, оларды жалғыз өсіріп жатқан жағдайда, онда да бала саны төртеу болса, онда тұрғынүй қатынастары туралы заңның «көпбалалы ана» категориясы бойынша жеңілдікке ие бола алады. Онда да бірден үй бере қоймайды, кезекке тұруға ғана құқылы.
- Егер кей азаматтарымыз алдап, құжаттарын өтірік туралаған болса ше? Жалпы, олай «қулық асыру» мүмкін бе?
- Мүмкін не мүмкін емес деп біреулердің арына сын таққым келмейді, бірақ, заңға сәйкес айтар болсам,біріншіден, үй бірден берілмейді. Яғни, азаматтарымыз кезекке тұрғанда бір рет құжаттар өткізсе, кезегі келгенде тағы да бір рет құжат өткізеді. Мүмкін, кезек бес жыл, мүмкін он жылға созылатын шығар, ал осы жылдарда үй үшін күйеуімен ажырасқан күнде де ол әйелге тек үйден ғана емес, күйеуінен де айрылып қалу қаупі төнуі әбден мүмкін. Егер тіпті үй үшін ондай да қауіпке бас тіксе, онда өзі біледі.
Бұл бір. Екіншіден, бізде үй беру барысында пәтер мөлшері отбасындағы адам санына сәйкес бөлінеді, яғни, неғұрлым отбасы мүшесі көп болса, соғұрлым шаршы метр де ұлғая түседі. Сондықтан әлгі «жалғызбасты аналар тез үй алады» дегеніңіз қай елдің заңына сәйкес айтылып жүргенін және қандай логикаға сай әңгіме екенін мен шынымды айтсам, түсіне алмай тұрмын.
- Ал жас отбасыларға…
- 29 жасқа дейін отбасын құрып, бір емес, бірнеше бала сүйіп үлгерсе, олар үшін мүмкіндік мол. «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша да.
- Осы 29 жас қайдан шыққан? Неге 30, 31, 32 жас емес?
- Оны біз шешпейміз ғой, бұл әлемдік стандарт және Заң шығарушы органдардың құзырында… Дегенмен, осы жас мөлшерін қайта талқылауға мүмкіндік бар, әрине.
- Осы жастан тіпті бір күн асып кетсе де үй берілмей қалады, рас қой?
- Айту қиын, мәселе құжат қашан тапсырылды, соған қарай. Сондықтан азаматтар ертерек әрекеттенсін… Дегенмен, 28 жасында құжат тапсырып, үй аларда 30-ға толса, онда негізі үй алуы керек. Ал сіз айтқандай «29-дан бір күн асса» деген ол, құжат қабылдардағы мәселе. Яғни, 29 жасқа кеше толып, бір күн ғана өтті, бүгін үй кезегіне тұруға келсеңіз, құжатыңызды алмайды. Себебі заң солай.
Жолай қалтафонда заңгермен сөйлесіп келіп, үйге кіргенім сол, төргі бөлмедегі теледидардан таныс бейнелер жылы ұшырады. Иә, иә, тап солар… Өңшең қыздар… Отбасын құрмаған… Өз жартыларын таппай жүр… Жатақханада тұрады.
Тап бастыңыз, «Жалғызбастыларға жатақхана беріледі» деп аталады кино. Неге екені, әдетте жылап отыратын фильм, осы жолы күлкімді тыя алсам-шы… Жоқ, сіз теріс түсініп жүрмеңіз, есім орнында…
Тек…
…жалғызбастыларды жарылқаукеңестік кезеңмен бірге келмеске кетті ме десек… бүгін де бар екен…
Көз алдымда «біз ажырастық» деп мәз болып тұрған құрбым мен күйеуі тұрды…

Мәриям ӘБСАТТАР, aynaline.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста