Үш бірдей Кеңес Одағының Батыры шыққан ауыл

Тау бөктеріндегі тулақтай ғана Подгорное ауылынан Кеңес Одағының білдей үш батыры шыққан. Көкпекті ауданына қарасты Подгорное елді мекенінен сұрапыл соғыс жылдары 183 адам майдан даласына аттанса, олардың алпысы ғана туған топырағына аман-есен оралған екен. Ал Иван Яроцкий, Николай Фонов және Сергей Седеневтердің майданда көрсеткен ерліктері ескеріліп, Кеңес одағының Батыры деген атаққа лайық болды. Біле білсек, батырға бай мұндай ауыл Қазақстанда біреу ғана.

Жапон жауынгерлерін жайпаған – Иван Яроцкий
Қиын-қыстау заманда бір үйдің үш ұлы әкелері Сила Яроцкийдің үгіттеуімен тиесілі тоқымдай-тоқымдай жерлерін сатып, Қазақстанның Шығысына қоныс аударады. Отбасыларымен Подгорное ауылына көшіп келген үш ағайынды бөтен жерге тез-ақ сіңісіп кетеді. Бау-бақшаларын баптап, еткен еңбектерінің арқасында күндерін көре бастайды.
1941 жылдың жазында бейбіт өмірдің шырқы бір-ақ күнде бұзылды. Ағайынды Яроцкийлер әулетінен соғысқа сегіз ұл аттанып, төртеуі ғана аман-есен оралады. Отан үшін жан аямай шайқасқандардың ішінде Кеңес Одағының Батыры Иван Яроцкий де бар еді.
Ваня 1937 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Хасан көлінің маңында әскери оқу-жаттығуларынан өтеді. Жаттығуға белсене қатысқан ол 1939 жылы тұңғыш Қызыл тулы Қиыр Шығыс әскерінің кіші лейтенанттар курсын тәмамдайды. Сөйтіп кіші лейтенант Яроцкий Тынық мұхиты флотындағы теңіз пехотасының 13-ші бригадасына рота командирі болып тағайындалады. Әскери өмірге әбден шыңдалған Иван Яроцкий 1945 жылғы Жапон соғысына қатысып, Солтүстік Кореяны жапон империалистерінен босатуда ерекше батылдық көрсеткен.
Қырық бесінші жылдың тамызында теңіз пехотасының 390-батальонына жүктелген тапсырма - Сейсин айлағындағы плацдармды жаулап алып, келесі әскер келгенше бекіністе болу еді. Жау әскерлері айлаққа басып кіргенімен, аға лейтенант Яроцкийдің атқыштар ротасы бел шеше ұрысқа кіріседі. Алайда, аямай оқ жаудырған жапон жауынгерлері Кеңес әскерінің ротасын қоршап алады. Қарша бораған қорғасын оқ бас көтертер емес. Бұл ұрыста командир Яроцкий жарақат алғанымен, нақты бұйрық беріп, қорғанысқа көшеді. Оның үстіне жапон жауынгерлері қосымша күш шақырады. Кеңес әскері болса, жасырын жау тылына кіріп, қол төбелесіне көшеді. Алысқанды алып ұрып, қарсыласа бастағанда командир Яроцкий екінші рет жараланады. Рота солдаттары әбден әлсірейді. Осылайша төрт күн шайқасады. Төртінші күні ғана жеткен Кеңес әскерінің десанттары жапон жауынгерлерін ойсырата жеңеді.
Осы шайқастан кейін Иван Яроцкийге «Алтын Жұлдыз» медалі және Ленин ордені, сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Соғыстан кейінгі жылдары да ол әскери қызметтен кеткен жоқ. Ленинград облысы, Пушкино қаласындағы әскери училищеде сабақ берді. Кейіннен зейнетке шығып, Пушкино қаласында тұрған Иван Яроцкий 64 жасында қайтыс болады.

Немістің танкілеріне тойтарыс берген – Николай Фонов
Подгорное ауылында 1911 жылы дүниеге келген Николай Фонов әскер қатарына шақырылғанша Өскеменде қаржы саласында жұмыс істеген еді. Соғыс бастала салысымен әскер қатарына шақырылып, оқу-жаттығу жұмыстарынан кейін ұрысқа кіріседі.
1943 жылдың жазы. Сержант Фоновтың қару-жарақтары тұрған Корниловка ауылына немістердің танкісі, оның соңында жаяу әскері жылжып келе жатады. Жақындай бере жаудың әскері танкіден, пулеметтен оқ жаудыра бастайды. Көп қан төгілген қиян-кескі бұл шайқаста 59-шы артилериялық полктің 30-шы атқыштар дивизиясы немістің үш бірдей танкісін өртеп, батылдық көрсете білді. Ол дивизияның құрамында Николай Фонов та бар еді.
Сол күні бір соққы жасап өткен неміс әскері қайта шабуылға көшеді. Ал Фоновтың «расчетында» қалған екі адам алынбас қамалдай болып қала береді. Мықтап бекінген Фоновтың расчеты бір күнде немістің бес танкісін, екі минометін жарып, бір рота жауды жайпап тастайды. Сонымен қатар, Днепр өзенінен өтіп келе жатқан он екі танкіні істен шығарды. Осындай ерлік көрсеткен Николай Фоновқа 1943 жылдың желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Днепрге батып бара жатқан паромды алып шыққан – Сергей Седенев
1917 жылы Подгорное ауылындағы Седеневтар отбасында дүниеге келген ұлдың болашақта батыр боларын кім білген?! Бейбіт күннің шырқын бұзған Ұлы Отан соғысына Сергей Егорович 1941 жылдың тамызында аттанады.
Бірінші Украина фронтында соғысқан Сергей Седеневтің шеберлігінің арқасында көптеген өзендерге қалқымалы көпір салынып, еш қиындықсыз бір жағадан екінші жағаға өтуге мүмкіндіктер жасалды. 1943 жылдың 25 қыркүйегінде  Сергей Седенев БМК-70 қайығымен 30 тонналық паромды тіркеп, Днепр өзенінің оң жағалауына үш жүздей рейс жасап, әскери техникаларды жеткізді. Қарсыластардың қарша бораған қорғасын оғынан құтылып үлгерген.
Бірақ бірде дөп тиген оқ техникалар тиелген паромды өзенге батырып жібере жаздайды. Алайда, ефрейтор Седенев бар күшін салып, батып бара жатқан паромды құмды жағалуға алып шығады. Сөйтіп, 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақты иеленеді.

Ауыл неге Подгорный деп аталған?
Жүз сексеннен астам ұлдарын майдан даласына аттандырған Подгорное ауылы көркем табиғат аясында орналасқан. Ауыл тау бөктерінде орналасқанымен, атауы тұрған жерімен байланысты емес көрінеді. Көнекөз қариялардың айтуынша, қалың қарағайлы орманда алғашқы көшіп келген шаруалар соқпақ салып, ағаштарын кесіп құлата бастайды. Орман арасына орналаса бастаған шаруалардан кейін Черниговск, Воронеж, Курск губернияларынан отбасылар көшіп келе бастайды. Түгін тартсаң майы шығатын жерге шоғырланушылардың да саны жылдан-жылға арта түседі. Ресми деректер бойынша ауылдың іргетасы 1902 жылы қаланыпты. Ауыл атауы алғашында Воскресенское деп аталған көрінеді. Бірақ уақыт өте 1922 жылы ХХ ғасырдың басында шыққан батыр, большевик Григорий Подгорныйдың атымен атала бастайды. Демек, бұл жерден ертеректе де батыр шыққан.
Батырлар дүниеге келген Подгорное ауылының жұрты жерлестерін ешқашан ұмытпақ емес. Батырларын ғана емес, жалпы соғыс жылдары Отан қорғауға аттанғандардың ерлігін жерлестері мәңгі есте сақтайды.

Мерей Қайнарұлы,
Көкпекті ауданы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста