Түркия қазақтары қосазаматтық сұрайды

Бәрінің күй-жайымен таныстым. Тұрмыстары тәуір болғанымен, ұлт пен ұрпақты сақтап қалу күн сайын құрдымға кетіп барады. Мектептер қостілділікке ауысып жатыр. Газет-журнал, радио, телеарна дегеннің бәрі қытай саясатын соғады, ұлт үшін ешнәрсе жасап жатқан жоқ. Сонан соң оқуы жақсы қазақ балаларын ішкі Қытайдағы белді оқу орындарына қабылдап, өздерінде қалдырады.
Жас қазақ: Талғат мырза, оралмандар туралы әңгіме шықса, сізді іздейміз. Ал сіздер Қауымдастық қызметінің шектеулі екенін айтасыздар. Сонда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметі қандай?
Талғат Мамашев: Біз – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы көші-қон мәселесімен айналыспайды. Сырттағы диаспорамен айналысамыз. Егемендіктің алғашқы жылдары, Қауымдастықты марқұм Қалдарбек Найманбаев басқарып тұрған кезде біз көші-қонмен тікелей айналысқанбыз. Моңғолиядан ұшақпен, пойызбен, жүккөліктермен қандастарымызды елге көшіріп алғанбыз. Тәжікстан мен Ауғанстаннан да қаракөздерді сол кездегі қиын жағдайларға қарамай ұшақпен көшіріп әкелдік.
Жас қазақ: Ол бұрынғы жағдай. Бүгінгі Қауымдастық қызметі – шеттегі қазақтардың мәселесімен айналысумен ғана шектелетін болды ғой?
Талғат Мамашев: Олай бірауыз сөзбен түйіндеуге болмайды. Қазір біз көші-қон шаруасымен де ептеп айналысып жатырмыз. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын қазақ көші қаңтарылып қалған еді. Елбасы: «Көшті реттеңдер, тәртіп орнатыңдар» – деді, бірақ «көшті тоқтатыңдар» деген жоқ. Біз соны құзырлы орындарға айтып, Елбасының өзінің назарына бірнеше рет жеткіздік. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Көш қайтадан жанданғалы жатыр. Бірақ біткен іске сыншы көп дегендей, «батырлар» көбейіп кеткен.
Жас қазақ: Талғат мырза, нақты айтыңызшы, көш қашан, қай күні жанданады және сіздердің тараптан жаңа көші-қон заңына қандай ұсыныстар берілді?
Талғат Мамашев: Бұл арада жалғыз біздің ұсыныс өтті деп айта алмаймын. Жеке азаматтардың, көші-қонмен айналысып жүрген мамандардың, мекемелердің, сырттағы ағайынның бәрінің ұсынысы қаралды. Соның ішінде, біріншіден, қандастарға «оралман мәртебесін» беру; екіншіден, тіркеудің қиындығы қаралады; үшіншіден, ықтиярхат беру мәселесі анықталу керек. Бірақ Көші-қон полициясы басқармасындағы мамандар барлық оралманға «ықтиярхат» беру керек деп қателесіп жүр. Меніңше, «ықтиярхат» осы құжатқа тәуелді зейнеткерлер мен елге біржола оралғысы келмейтін, жоғары лауазымды қызметкерлерге ғана берілуі керек. Ал басқа қазақтардың бәріне бір жылдың ішінде төлқұжат берілуге тиіс.
Ал сіздің сұрақ бойынша нақты жауап берсем, өткен аптада Астанаға барып, министр Тамара Дүйсеновамен кездесіп қайттым. Меніңше, біздің ұсыныс жаңа жылға қарай күшіне еніп, көші-қон туралы жаңа заң шығады деп ойлаймын.
Жас қазақ: Қазақстан азаматтығына өткісі келмейтіндерге ықтиярхаттан басқа жеңілдік бола ма?
Талғат Мамашев: Ықтиярхаттың өзі – жеңілдік. Бірақ бұл арадан тағы бір мәселенің басы қылтиып тұр. Түркиядан келген қандастарымыз біздің және түрік елінің де азаматы болып жүргілері келеді. Қосазаматтық болса дейді. Қосазаматтық Түркияда бар шығар, бірақ бізде ондай заң жоқ. Қазақстанға қазақ керек. Құдай жамандықтың бетін аулақ қылсын, алда-жалда ел шетіне жау тисе, көк тудың астына жиналатын – қазақтар, басқа ұлттың өрісін өрт шалмайды. Сондықтан, қазақ еліне келетін әр қазақтың ойында қосазаматтық түгілі, қос мемлекетшілдік сезім де болмауға тиіс.
Жас қазақ: Көші-қон туралы қайта қаралып жатқан жаңа заңда арнап қоныстандыру мәселесі бар ғой, осыны таратып айтыңызшы...
Талғат Мамашев: Арнап қоныстандыру дегеніміз – солтүстік облыстар мен орталық және батыс аймақтарымызға қоныстандыру. Өйткені, бұл аймақтарда қазақ саны аз және жұмыс күші жеткіліксіз. Солтүстік облыстардың қазақылануы ел тыныштығына, мемлекет тәуелсіздігіне де пайдалы.
Арнап қоныстандырумен барған қандастарға қызметтік пәтер, жұмыс беріледі. Қызметтік пәтер 5 жылдың ішінде сол азаматтың басына аударылады. Жолы мен жүгіне де қаржылай көмек беріледі. Мамандығы болмаған қаракөздерге Жол картасы бағдарламасымен мамандық беріледі, тегін оқытылады. Сонан соң жұмыс тауып беруге де кепілдік қарастырылған.
Арнап қоныстандырумен бармаған, Алматы мен Астана сияқты ірі қалаларда қалғысы келетін қандастардың еркі өзінде. Бірақ оларға квота, пәтер, жұмыс беру деген сияқты жеңілдік қарастырылмайды. Олар азаматтыққа өтеді, өз жанын өзі бағады.
Жас қазақ: Мамандық беру демекші, жыл сайын алыс-жақын шетелден келген қазақ жастарының қаншасы оқуға түсіп, қаншасы ортаға бейімделіп жатыр, осы жағында нақты сан бар ма?
Талғат Мамашев: Жыл сайын ұзын саны 1500 жас білім қуып, елге келеді. Бірақ оның тең жартысы оқуға түссе де, 700-800 жас мемлекеттік грантты жеңе алмай жатады. Бұдан кейін сол оқуға түсе ал-маған жастардың бәрін арнап қоныстандыратын аймақтарға бөліп, сол жақтағы орта техникум, кол-ледждерден білім беруіміз керек. Сонда ешкім далада қалмайтын еді.
Жас қазақ: «Ешкім далада қалмайтын еді» деген сөзіңізден шығады. Қытай елінен келген қазақтар тұрақты тіркеуге тұруға, ықтиярхат алуға, тіпті азаматтыққа өтуге бір жапырақ қағаз – «сотталмады» деген құжаттың қиындық тудырып жатқанын айтып, шабылып жүр ғой. Соны реттеуге келмей ме?
Талғат Мамашев: «Сотталмады» деген құжатты талап етіп отырған – Көші-қон полиция басқармасындағы қызметкерлер. Олардікі жай ғана сылтау. Өйткені, осыған дейін көш саябырлап, азаматтық беру уақытша тоқтатылды ғой. Сол кезде халықты алдарқату үшін істеген Басқарма қызметкерлерінің ісі болатын. Көші-қон заңында ондай құжатты талап еткен ешнәрсе жоқ. Осының бәрі маусым айында Таразда өткен оралмандардың жиынында үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа айтылды. Ол кісі: «бұдан кейін ондай құжатты талап етпеңдер, оралмандарды ары-бері сандалтпаңдар» деп ескерту жасады.
Жас қазақ: Сіз шетелдегі қазақтар қоныстанған аймақтарда көп болып жүрсіз. Алыстағы ағайынның жайы қалай?
Талғат Мамашев: Осыдан бірнеше жыл бұрын Түркіменстанда болдым. Түркменбасшы деген қаланың айналасында 25 мыңдай қазақ тұрады екен. «Аққулы» деген ауылда түгелге жуық қазақтар қоныстаныпты. Теңізге жақын. Бүкіл түркменнің тұзын солар шығарып, өңдейді. Экологиялық аймақ. Жері тақыр, ауасы көк тұз. Сол жерде де қазақтар отыр. Жастарының тісі түсіп қалған, азып-тозған, жүдеген жұрт. Моңғолияның да табиғатын көрдім. Жазы жайлы демесең, қысы аязды. Өзбекстанда жұмыссыздық басым. Экономикалық жағдайы ауыр. Экологиясы нашар. Қарақалпақстан жағындағы Амудариясының экологиясы күн сайын ауытқып тұрады. Жер тар. Өзбек мектептері латынға көшті, қазақ мектептері әлі кириллицамен отыр. Қытайдағы қазақтар тұратын Алтай, Тарбағатай, Іле, тіпті Шыңжаңның арғы жағындағы Гансудың Ақсайындағы қазақтармен де кездестім. Бәрінің күй-жайымен таныстым. Тұрмыстары тәуір болғанымен, ұлт пен ұрпақты сақтап қалу күн сайын құрдымға кетіп барады. Мектептер қос тілділікке ауысып жатыр. Газет-журнал, радио, телеарна дегеннің бәрі қытай саясатын соғады, ұлт үшін ешнәрсе жасап жатқан жоқ. Сонан соң оқуы жақсы қазақ балаларын ішкі Қытайдағы белді оқу орындарына қабылдап, өздерінде қалдырады. Бұл да – саясат. Қысқасы, Қазақ-станнан басқа елде қазаққа қарайлас жағдай жасалып жатыр деп айта алмаймын.
Отанына оралған қазақтар туралы барлық БАҚ көрсетеді. Әсіресе, «Kazakh-tv» телеарнасы оралмандар туралы бірнеше жылдан бері арнайы бағдарлама жасап отыр. Біз осы жобаның авторы «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Жұмабаеваға ризашылығымызды білдіреміз!
Жас қазақ: Қауымдастық Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын өткізеді. Биыл Түркиядағы құрылтай екіге жарылыпты. Неге?
Талғат Мамашев: Осы құрылтайдың алдында Түркиядан үш-төрт азамат келді. Сол жақтағы қазақтың бес-алты қоғамдық қорының басшылары. Арасында Фазыл Топлы деген қор басшысы бар. Кіші құрылтай туралы әңгімелестік. Мен олардан не керек деп сұрадым? Салт-дәстүрге қатысты керек-жарақты дайындап қойғанбыз. Олар: «Бізге ешнәрсе керек емес, бес-алты шапан, екі-үш домбыра ала келіңіздер» – деді. «Спортзалды жалдауға, т.б шараларды қайтесіңдер?» – деп қадалып сұрадым. Олар: «Бәрін өзіміз шешеміз. Алаңдамаңыз» – деп, менімен қоштасты. Арада 15-20 күннен кейін Фазыл Топлы қоңырау шалады. «Аға, спортзалын жалдауға 5-6 мың доллар керек екен, оған алдын ала тапсырыс беріп қою керек екен» – дейді. Мен: «Екі-үш мың долларға шамам келеді. Өткенде осылай айтсаңдар, біз де ертерек қамданатын едік, «қысылғанда қымыран іріпті» дегендей, аяқастынан ақшаны қайдан табамыз?» – дедім. Ол: «Біз ойланайық, бір жөнін табармыз» – деді. Тағы бір-екі күн өтті. Түркиядан факспен салақұлаш хат келді. Оқысам: «Сіз Еуропа қазақтарына көмек-тесесіз, бізге көмектеспейсіз. Егер осы жолы бізге 10 мың доллар бермесеңіз, біз құрылтайды өткізбейміз!» – деп мінез көрсетіпті. Фазылға ақыл-кеңес беріп, интернетте шуылдатып жүрген азаматты да білеміз. Олар «Мамашев бізді бөліп жатыр» – деп шықты. Мен шеттегі қазақты бөлу емес, олардың басын қоса алмай жүрген жоқпын ба.
Ұйымдастырушы қызметкеріміз Ботагөз Уатқан Түркияға барып, Қазақ-түрік ғылыми-зерттеу қоғамымен келісіп, істі пісіріп қайтты. Сөйтіп, біз Ыстамбұл қаласында кіші құрылтай өткіздік. Жақсы өтті. Түркияның және Еуропаның көптеген қалаларынан қазақтар келіп қатысты. Қазақ-түрік қоры болса, футбол ойынын өткізіп, оны Құрылтай деп атады.
Жас қазақ: Осы Құрылтайды қазағы көп Қытайда, Өзбекстанда, Моңғолия мен Ресейде неге өткізбеске? Сіздер неге Еуропа, Түркиямен ғана шектелесіздер?
Талғат Мамашев: Біз Еуропа мен Түркиядан басқа шетелдерде мәдени күндерді сылтауратып өткізіп жүрміз. Қытайдың Алматы мен Астанада мәдени ошақтары бар. Бірақ ол жақта қазақ құрылтайын өткізу қиын. Қытайға мәдени күндерді желеу етіп барып, шағын шара ұйымдастыруға ғана болады. Ал жалпықазақтық құрылтай ұйымдастыруға қытай саясаты илікпейді. Өзбекстанда да мәдени күндердің негізінде барып жүрміз. Биыл мамырда барып қайттық.
Шетелдегі қазақтың мәдени орталығы биыл бірінші рет Берлинде ашылды. Біз Сыртқы істер министріне хат жаздық. Осындай мәдени орталықтар басқа да шетелдерде ашылса, оның жарғысы, штат қызметкерлері бөлінсе деген ойымызды білдірдік. Егер ондай орталық болса, біз құрсаулы Қытайда да, Ресейде де, Өзбекстанда да қазақ құрылтайын өткізбесек те, мәдени шара аясында біраз жұмыс істейтін едік. Моңғолияда кіші Құрылтай өткізіліп келеді, ол жақта өткізуге еш кедергі жоқ.
Жас қазақ: Талғат мырза, Үрімжіде виза ала алмай жатқан қазақтардың жанайқайы қашан басылады?
Талғат Мамашев: Оның себебі былай. Үрімжіде біздің толыққанды консулдық қызмет жоқ. Ол жақтағы виза беретін мекемені кезінде Қазақстан теміржолы ашқан болатын. Штаттық қызметкерлері де аз. Қытайдағы қазақтарға толыққанды консулдық болмай, виза мәселесі оңайлықпен реттеле қоймайды. Үрімжіден консулдық қызмет ашқысы келетін шетел көп, оған қытай ықыласты емес. Себебі Шыңжаңның жағдайы бүкіләлемге аян ғой.
Қазір Үрімжідегі виза беретін орталықта 5 мың адам кезекте тұр дейді. Бірақ оның бәрі қазақ емес.
Жас қазақ: Сонда олар кім?
Талғат Мамашев: Қазақтан басқа қытай, ұйғыр сияқты ұлт өкілдері. Олардың да Қазақстанға келгісі келеді. Тіпті ұйғырлардың арасында қазақ атын жамылып елге келгендер бұрын болған, қазір ондай ақпарат аз. Дегенмен осы жақтағы туыс-туғандарына келіп-кетіп жататын ұйғырлар көп. Ал біздің қазақ виза керек болғанда ғана шапқылайды, алдын ала кезекке тұрмайды. Сонан соң жастар күзде оқу басталарда «виза бермей жатыр», «кезек көп» деп бұл жақтағы журналистерді шулатады. Қазақ ондайды: «ас ішкенде керек» – деп айтқан.
jasqazaq.kz сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста