ҚҰДИЯРХАН ТЕЗЕК ТӨРЕҰЛЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР(ІІ БӨЛІМ)

(Жалғасы)

ҚҰДИЯРХАН ТЕЗЕК ТӨРЕҰЛЫ АБЫЛАЙХАНОВ
(1851-1930 ж.)

Жетісуда көтеріліс басшылары қатарында – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Нұқа Сатыбеков, Ұзақ Саурықов, Тезек Тазабеков, Әубәкiр Солтанбекұлы, Самалтыр Диханбаев, Хасанай Әдербеков және т.б. көптеген адамдар аталады.
Ал, Жетісудағы бар көтеріліс басшысы Құдиярхан Тезеков (ел бекер хан сайламаған болар) айтылмады да. Бұны қалай түсінуге болады, әлде оның хан ұрпағы болғандығынан ба? Совет дәуіріндегі саяси идеология бойынша кеткен тарихи бұрмалаушылықтар қашан түзеледі десеңізші?! Өкінішті! Хандар мен байлардың тұқымдары үстем тап өкілдері, олар ешқашанда қарапайым халықтың қамын жемейді деген ішмерез, «таптық» көзкарастың жемісі осы.
Сол кездегі мұрағаттық-тарихи құжаттарды зерделей қарасақ, Қазақ-қырғыз көтерiлiсшiлерiнiң бiрлiгiне жiк салу үшiн орыс шенеунiктерi ру және жеке бас аралық қайшылықтарды пайдаланып, көтерілісшілер ішіне «сатқын-жансыздарын» енгізіп, іріткі салғандары, ал орысша бiлiм алғандарды, отаршыл орыс әкiмшiлiгi қызметiндегiлердi барынша өз жақтарына ұстап, тартуға тырысқаны көрініп тұрады. Мысалы, Орыс үкіметі Омбыдан Ешмұхамет Аблайхановты шақыртып, Көксудағы (Талдықорған маңы) қазақтар арасына белгiлi нұсқаулармен жiберіп, елді тыныштандыруды тапсырған.
...Алаш көсемдері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтың 1916 жылғы көтерілісті қазақты шексіз сүйгендеріне қарамастан, аса қолдамағандықтары, қайта қазақтың солдатқа барғанын жақтағандары белгілі. Осы туралы әр түрлі пікірлер бар, бізде ой жүгіртіп көрелік. Біріншіден, ол білімді ардақтыларымыз қара қазақтың босқа қырылғанын қаламады, екіншіден солдатқа барса жай, қараңғы халықтың көзі ашыла түсетінін ойлағандары анық секілді. Оған тағы бір Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романын (биографиялық деуге болады) оқи отырып, көз жеткіземіз. Сонда майдандағы бір қазақтың сауатты татармен әңгімесі келтірілген эпизод бар, яғни кеше ғана түк көрмеген қыр жігітінің соғысты да, бар қару түрлерін де, әскер тәртібін де, Европа мәдениетін де көргені (қырғын болса да), ой түйіндегені, қазақтың соншалықты артта қалғанына күйінгені туралы т.б. ойлары айтылып, еліне деген сағыныш, сүйіспеншілігі арта түскені баяндалады. Тәуелсіздікті қан кешіп, көптеген құрбандықпен алған елдердің ерекше бағалайтындығының табиғи бір заңдылығы бар екендігіне қазіргі өмірде де көз жеткізуге болады деп түйіндейміз. Алаш көсемдері бірінші кезекте осыны ойлаған болар.
...Артынан жазалаушы отрядпен Құдиярхан Верныйға алдырылып, Жетiсу облысының әскери генерал-губернаторы Фольбаум тарапынан қысымға түскен. Өзі «Алтынемелдегi халыққа ғана жауап беремiн» деп өлімнен әрең аман қалады.
Құдиярхан (қолға түсіп тұрып) мен Тоқаш Бокиннің сол жолы тірі қалғанын генерал-губернатор Фольбаумның (отарлаушы Орыс үкіметінің) ел түгелдей көтеріле бермесін деген саясаты екені қазір түсінікті. Оның үстіне Жетісудың көзі ашық азамат, қайраткерлері Алаш көсемдерінен елді тыныштандырып, солдатқа баруға үгіттеу туралы тапсырмалар алулары да әбден мүмкін деп санаймыз...
Бұл жолы өлімнен құтылғанымен Құдиярханды Орыс үкіметінің жансыздары қатаң бақылауда ұстап, әр басқан қадамын аңдып отырды...
...Одан кейінгі Төңкеріс, қызыл мен ақтың ары-бері сапырылысуы, қазақ ауылдарын тонау, атып-асу және 1920 жылдан бастап жайлаған ашаршылық Алтынемел өңірін де айналып өтпеді. Еске алудың өзі қорқынышты!
Алтынемел тауларында «Кісі қырылған», «Адам өлген», «Боршабұлақ қырғыны» (зерттелмеген) (А. Ақылбековтың бабасы Ақылбек, інілері Ақылбай, Кенжебекпен бірге опат болған) т.с.с. жер аттарын үлкендер «мұндағы ел Қытайға қашқанда орыстар қуып пулеметпен, мылтықпен атып қырған» деп түсіндіретін.
...Қолдан ұйымдастырылған ашаршылық Жетісу еліне зор нәубет, зобалаң әкелді, бір ғана мысал ретінде келтірейік: Алматы облаткомының мәліметтеріне қарағанда, облыстан 1932 ж. барлығы 32906 шаруашылықтың 31005-і (бір немесе бірнеше отбасылар) басқа елдерге қаңғырып, ауып кеткен (ҚХР – 7730; Қырғызстанға – 8082; басқа жақтарға – 842) [7]. Адам адамды жеу фактілері көптеп кездескен. Сол жылдарда (1921-22; 1930-33) Жетісуда Совет өкіметінің қанды қырғындарына, асыра сілтеу саясатына қарсы тұрғындардың әлденеше көтерілістері орын алған: Ақкөл көтерілісі (1930. Балхаш ауданы. 11 адам сотсыз, тексерусіз атылған. Әлі толық зерттелген жоқ.), Бақалы (1930. Наурыз. Балқаш ауданы. Тұрғындар Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарында зомбылыққа қарсы көтеріліс басталғанын біліп, Совет өкіметіне қарсы шықты. Аяусыз басылды, 12 адам атылып, 16 адам сотталды.) және Балқаш-Шоқпар көтерілістері (57 адам тұтқындалып, 30-ы атылып, 20-ы сотталған).
Алтынемел елі де дәл осындай үрей туғызатын сұмдықтарды бастан кешті. Халқымыздың сүйікті өнер жұлдызы Тоқсын марқұмның әкесі Құлыбек қарияның 1960 жылдар соңында (Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылы) айтқан бір әңгімесін келтірелік: «...1923 жылдар шамасы болу керек, ел әбден ашықты. Кей жерде адам адамды жеген дегенді естіп жүрдік. Сенесіңдер ме, әшейінде тауда жыртылып айырылатын аң да қалмады. Сонда болса, тентіреп тау мен даланы кеземіз, қақпан құрып, шөптің түрлі тамырларын қазамыз, саршұнақтың ініне су құямыз. Бірде өзіміздің осы Жүз Асудың маңында үлкен бір үңгір бар еді, содан ыңырсыған дауыстар естіп, жақындадым. Не екен деп қарасам үңгір аузы таспен бастырылыпты, ақырын қозғап аштым. Қарасам, о сұмдық-ай, өңшең шүпірлеген тірі өлік жас балалар. Үлкеніректері кішілерін құшақтап, алдарына сап отыр. Үңгір аузы ашыла салысымен жаңағылар шырылдап жан-жаққа қашты. Бейне бір жабайы аң дерсің. Әрең дегенде қазір нан берем деп жинап, қайта таспен бастырдым. Содан не болғанымды білмеймін, ауылға жетіп құлаппын, көп жатып әупіріммен өлмей қалдым ғой. Кейін ойласам сол балалар мына өзіміздің Керейлердікі секілді, әкелері ит-құсқа жем болмасын деп үңгірге қамап кеткен тәрізді. Сол сурет әлі күнге есімнен кетпейді. Үңгірге кейін қайта баруға дәтім шыдамады...». Міне, еліміз осындай сұмдықтарды бастан кешірген. Дұға етелік!
Одан кейінгі 1930 жылдары да Алтынемел елі көпке дейін оңалмағаны анық. Сол оқиғалардың куәгері болған жазушы Құрманбай Игілікұлы Толыбаев
(Шелек ауданы, Асы жайлауы. 1928) ақсақал туралы естеліктерде былай жазылған: «...Әкесі Игілік Іледегі Қалқан, Матай тауларын қоныс еткен. Кеңес үкіметі билік тізгінін ұстаған соң, ел іші жік-жікке бөлініп бүлінген тұста Игілік түртпек көріп, қысымға тап болып, Іленің оңтүстік бетіндегі әкесі аң аулап, мекен тұтып жүрген тоғайлы өңір Ақтоған мен Қызыл жиде даласын қыстап, біраз жыл Ассы, Қарақара жайлауларына шығады.
1930 жылдары Күреңбел өңіріндегі ел кеңестік қызыл қырғынға қарсы наразылық білдіріп, бас көтереді. Сол арпалыста Шаңқанайдың атақты байы Асубайдың немерелері, Игіліктің жұбайы Кенжебаланың інілері Алмабай мен Жидебай және өзінің інісі Игісін оққа ұшады. Сөйтіп, босқындық басталады да, ел қуғын-сүргінге ұшырайды. Ат-көлігі сайлары шетке ауып, жан сауғалайды. Кенжебаланың бір інісі Бәйтерек осы тұста Құлжа қаласына ауып кетеді де, 20-шы жылдары барған, Жетісу Алаш партиясының бір қайраткері, нағашы ағасы Иса төрені паналайды. Құлжада Жетісу Алаш партиясының жетекшілерінің бірі Ыбырайым Жайнақов та бар еді. Бұлар мұнда да ағартушылық қызметін жалғастыра береді. Ал Игілік өзінің туған мекеніне қайта орала алмайды. Ақтоғанға үй салып тұрып қалады.
Бұл кезде Алатаудың етегін қызыл империяның темір шеңгелі бүріп, жоқшылық, жұт жайлайды. Аштықтың араны ашылады. Оның үстіне бардам адам ретінде Игілікке салықты үстемелей салады. Соның салдарынан үйінің басына ашаршылық пен жоқшылық қаупі төнеді. Бір шаруашылықты басқарып жүрген інісі Игенбай ағасына тағы бір кесірдің жабысатынын біледі де, енді тонауға түсіп, жер аударылатынын айтады. Содан Игілік 1930 жылдың қыраулы күзінде Қытай ауып кетуге мәжбүр болады. Туыстарынан Игенбай бастаған оннан астам үй ереді. Іленің қытайдағы өңірінде қырқалары сусыз болғанымен, жері кең Сарыбұлақ өзені саласының адырларын мекен етеді. Шөлге астық егіп, мал өсіріп, қатарға қосылады.
1934 жылғы қыстың ортасында Құрманбайдың шешесі, Кенжебала дүние салады. Әкесі қабырғасы қатпаған баласын жүдетпеу үшін Құлжа қаласында тұратын нағашы әжесі Тәжидің қолына апарып қояды. Сол жылдың күзінде Құрманбай Құлжа қаласындағы «Шәриқ» (Шығыс) деп аталатын ұйғыр мектебінің табалдырығын аттайды.
... Ауып барғандардың елді сағынуы күшейеді. «Елге кеңшілік орнапты, қысымшылық жасалмайды екен» – деген қауесет тарайды. Бір топ зиялылар соның анығын біліп келуге Бәйтеректі жұмсайды. Сол кеткеннен ол қайта оралмайды. Содан-ақ ел ішінің халі әлі оңды емес екенін сезеді.
Ал 1939 жылы Шығыс Түркістанда да қазақ-ұйғыр зиялыларын жаппай тұтқындау науқаны басталады. Аймақтың қазақ-қырғыз ағарту ұйымында қызмет істеп жүрген бұрынғы Алаш қайраткерлері Ыбырайым Жайнақов пен Иса төре де қамауға алынады. Иса төренің қора-жайы тәркіленеді. Сөйтіп, өлкенің билеушісі Шың-Шицай аз ұлттардың алқымын қысады. Халық іштен күңіренеді...». Осы естеліктен-ақ ауқатты адамның көрген қорлығы қандай болса, Алтынемелдің жай шаруалары қаншалықты қиыншылықтар көргендігін қарай беріңіз! 1920 жылдардан 30 жылдар аяғына дейін бұл жақтағы Қызыл Совет үкіметі елді тап-тапқа бөліп, бір-біріне айдап салу саясатын бастады.
«Іштен шыққан жау жаман» демекші көбінесе кешегі ұры-қарыларға, дымдары болмаған тексіздерге қару беріліп, елдің бетке ұстарларына, тиянақты шаруақорларға қарсы арандату жүргізілді. Олардың біршамасын алдыңғы кітабымызда, БАҚ басылған арнайы мақаламызда («Каждый стремиться к истокам») атап өткен едік, қайталап жатпай-ақ қоялық.
Осындай ел басына күн туған қиын-қыстауда Құдиярхан бастаған ел ағаларының бар тапқан амалы бұндағы елді Қытай жеріне асыру болса керек. Зерделей қарасаңыз ол кезде, жалпы Шығыс Түркістанда Қытай мемлекетінің үстемдігі басым еместігін ескерсек, одан басқа жол да жоқ еді...
Биыл ҚР Алматы облыстық ҰҚК (КНБ) департаменті мұрағатына сұрау жолдап, Құдиярхан сұлтан туралы мәліметтермен (қылмыстық іс) [4] танысудың реті келді.
Тезеков-Аблайханов Кудаирхан Дело № 4341
Родился в 1851 г., Алмаатинская обл., Талдыкурганский р-н, аул 9.; казах; образование начальное; Проживал: Алма-Атинская обл., Талды-Курганский р-н, аул 9..
Арестован 27 сентября 1930 г. Талды-Курганское ПП ОГПУ
Приговорен: Тройка при ПП ОГПУ. 19 ноября 1930 г., обв.: 58-10 УК РСФСР.

Приговор: ВМН Реабилитирован 10 апреля 1989 г. Талды-Курганская облпрокуратура УКАЗ ПВС СССР ОТ 16.01.1989
Источник: Сведения ДКНБ РК по Алматинской обл.
Арестован 28 июля 1930 г. под стражей в Ядринском ИТД. 19.08.1930 г. мера пресечения изменена на подписку о невыезде. ... Тезеков-Аблайханов Кудаирхан
Шынымызды айтсақ, бұл деректер сұлтан турасындағы құпияларды түгелдей ашуға көмектесті дей алмаймыз. Алайда, бұрын белгісіздеу болып келген біраз нәрсеге қанықтық. Құжаттар ішінде сұлтанның өзі, басқа көптеген куәгерлер (түрікпен, арғын, ақбұым, қарашапан, төлеңгіт т.б. деген сияқты елдері де жазылған) берген сұрақтың хаттамалары (протоколы допросов) бар.
Іс [4] барысында түсінгеніміз: Алтынемел жері қазіргі Кербұлақ ауданының солтүстік-шығыс бөлігі (Шаған, Қотырқай, Көксу бөлігі) Талдықорған ауданына, орталық-батыс бөлігі (Сарыөзек, Архарлы) Малайсары ауданына, ал күнгей жағы Октябрь ауданына қараған. Сол Октябрь ауданына қарасты № 2 ауылдан 1930 жылдың сентябрінде Құдиярхан ұсталып, алдымен Қоғалыға, сосын Алматыға апарылған. Совет Өкіметіне қарсы шығып, қарулы «банда» ұйымдастырған деген айып тағылған. Әлдебір куәгерлердің айтуы бойынша Совет Өкіметі орнамай тұрып, мыңдаған мал айдаған ірі феодал, хан және болыс болған. Сол уақытта 25 адамнан тұратын «банда» құрып (ішінде атақты Нұртазинов Омар төре, Қарабеков Бектас, Құдиярханның ұлы Омар, Құстанов Әлімжан т.б. бар) елді Қытайға қашуға үгіттеген, оған көзі ашық ауыл советінде істегендер (Рақымбай Мықтыбеков, Досжанқұл Самылтыров – А. Ақылбековтың атасы Алтайдың нағашылары, Жалайыр, «Қарашапан») көмектескен...
...Істе (суреті жоқ) Құдиярхан сұлтанның 1951 жылы туғандығы (79 жаста), бауырының (қай бауыр екен сұрағы туындап тұр!) әйеліне әмеңгерлікпен үйленгендігі, оның қазіргі уақытта қайтыс болғандығы, отбасында 5 адам, біраз ғана малдары бар екендігі айтылған.
Құдиярхан сұлтанның өз қолымен жазғандарының (маржандай әріптермен, таза орысша) біраз жерін келтіре кетейік (сөзбе-сөз қазақшаға аударған автор): «...мен егер алдыңғы сұрақта бар шынымды айтпасам, оған себептер бар. Шынымды айтайын мен хан әулетінен (ханского рода) шыққанмын, әкем полковник, хан Тезек Аблайханов. Мұсылманша да, орысша да білімдімін. 5 жыл Орынбор (Оренбург) гимназиясында оқығанмын (ойлап қарасақ, Орынборда 1865 жылдар шамасында оқыған болады, яғни тиісті құжаттар Орынбор архивінен шығуы керек), алайда толық бітірмей көптеген істер шығып, Жетісуға қайтып оралғанмын. Мені елдің бәрі біледі және сыйлайды...». Елдің бәрі жақсы көреді дегеніне осы істегі Қарабеков Бектас (1905-1989) атаның (суреті бар) (Малайсары ауданы, № 7 ауылдан ұсталған. Отбасында 5 жан, күнкөріске біраз малдары бар) хаттамадағы (протокол допроса) жауаптары дәлел болғандай: «...Құдиярхан, баласы Омар, Құндақбай, Нұртазинов Омар, т.б. ешқандай да «бандит» емес, бәрін де танимын. Ешкімге тиісіп көрген жоқ, ал Сіздер «банда» деп отырған Әлімжандарыңыз бізге жолай да алмайды, қорқады. «Винтовканы» Тұяқбаев Ерназар екеуіміз бірге Алматыдан сатып алдық. Аң аулауға қолданамыз. Үкіметке өткізу керектігін білмедік...». Бұдан Бектас атаның ешкімді сатпағанын көріп отырмыз және куәгерлердің басым көпшілігі дәл солай істеген, дегенмен, өкінішке орай, сатқындар да кездескен еді...
Іс соңындағы (1930. 19 ноябрь. Алматы.) атышулы «үштіктің» (ПП ОГПУ КССР) үкімімен (ст. 58-1 және 59-3) Тезеков Кудаирқан (79 ж.), Балакирев Г., Байдәулетов Аязбай (38) ату жазасына кесілген. Түбекбаев Ерназар («Қарашапан»), Самалтыров Дүйсенқұл (30 ж. «Қарашапан»), Мықтыбеков Рахымбек (33 ж. «Қарашапан»), Сарсеков Сейітқазы (26 ж. «Сыпатай»), Аманжанов Абдрахман деген кісілер 3-5 (біразы одан да көп) жылға сотталған. Мал-мүліктері тәркіленсін делінген.
Ондай мал-мүлік те ешкімге опа әкелмеген болар. Шейіттердің жандары жәннатта болсын дейміз!
...Міне осылай 1916 жылы отарлаушы Патша үкіметі өлтірмеген елім деп егілген асыл тұқымды есіл ер, Құдиярхан бабамыз репрессия құрбаны болды, оның 79-80 жастағы қария екендігіне де ешкім қарамады...
Алдында айтқанымыздай бұл істегі материалдар Құдиярхан туралы көптеген сұрақтарды ашудың орнына, көптеген мәселелерді туындатып отыр. Зерттеулер әлі де жалғаса бермек...
...Ағайын арасында алауыздық тудырмас үшін көп нәрселерді (анау ананы сатқан екен деген сияқты) айта берудің қажеті де шамалы шығар (негізінен ондайларды талайлар-ақ біледі, сонда да болса). Өткен өтті, қазіргі кезде еліміздің тыныштығын, бірлігін ойлауымыз қажет және кеше ғана Совет дәуірінде аталарымыздың бірін «бандит», бірін «революционер» деп жүрген болсақ, енді кеп олардың бірін мақтап, бірін даттамай-ақ қоялық! Олардың барлығы да сұрқия саясаттың құрбаны екендігін есте ұстап, ТАҒЗЫМ етелік!...
Кейбір кісі, жер аттарына түсініктер
*Бекболат Әшекеев - қырғыз-қазаққа танымал Ұлы жүздiң Жаныс руының биi Әшекей Дайырбековтiң ұлы.
*Ұзақ Саурықов – Албан, Бұғы, Суанға белгiлi Саурық батырдың ұлы.
*Тезек Тазабеков – қазақ-қырғызға бiрдей әйгiлi Албанның батыры Тазабек Пұсырмановтың ұлы.
*Әубәкір Солтанбекұлы (1871-1930) - Тазабек Пұсырмановтың немересі. 1916.22.06. күні Ұзақ, Жәмеңке (1838-1916 Қарақол), Әубәкір үшеуі ұсталып, Қарақол (Пржевальск) түрмесіне қамалған, Әубәкір одан қашып шығып ҚХР өтіп кеткен.
* Иса төре – Құрманбай Толыбаевтың Алтынемелден дегеніне қарай Ақылбековтердің бір атасы болар деп ойлаймыз. Үлкендерден Сағындықтың екінші ұлы, білімді кісі еді, қашқында Қытай асып, аты-жөнін өзгертіп кеткен дегенді естігенбіз. Анықталады.
* Бектас Қарабеков – іс бойынша 1905 жылы туғанын анықтадық, өзі 5-6 жас қосып айтушы еді. Кербұлақ ауданы, Шаңқанай ауылында тұрып, қайтыс болды. Сол маңдағы бар төрелерді анықтаудағы айтқан әңгімелері өте маңызды. Алдыңғы бірнеше мақалаларымызда аталады.
Қолданылған әдебиет.
1. Азамат Ақылбеков. Тезек Төре. «Офсет». Талдықорған. 2013. [1]
2. Н. Ивлев. «Султан Тезек торе» Простор. Алма-Ата. 1993. [2]
3. Арман Қият (Ахметов) «Абылай ханның ұрпақтары» 2014 [3]
4. Дело №4341. «По обвинению Кудаирхана Тезекова. Сентябрь-Октябрь. 1930г. Архив департамента КНБ по Алматинской области. [4]
5. «Қазақстан тарихы орыс жазу көздерінен 16-21 ғ.ғ.(ОЖК)» 8- том. [5]
6. Алматы қаласының тарихы тұлғалар келбетінде. ҚР БжҒМ ҒК. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты. Алматы 2010. [6]
7. Жетісу энциклопедиясы. «Арыс». Алматы. 2004. [7]
8). Ч.Ч.Валиханов ПСС. 1 том [8]
9) Құрманбай Толыбаев «Естеліктер» [9]
10) Хан Әділ ұрпағы, профессор Аман Шотаевтың ата-әжелеріңнің айтқандарынан жинақтаған әңгімелері [10].
Аман Шотаев, профессор, Абылайханның Жетісудағы ұлы хан Әділдің ұрпағы. Алматы.
Азамат Ақылбеков, публицист, өлкетанушы. Талдықорған.
Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста