Қазақстанда "Құрметті азаматтар" қаптап барады

Бүгінгі Қазақстаннан жай адам кездестірмейсіз. Қаптап жүрген «құрметті азамат». Қала берді, «еңбек сіңірген құрылысшы», «еңбек сіңірген металлург», «еңбек сіңірген мәдениет қызметкері»,.. тағысын тағылар. Еңбек сіңірмеген адам тапқаннан гөрі қою қараңғы түнде шөмеленің ішінен ине тапқан оңайырақ. Сөйте тұра, ылғи «құрметті азаматтар» мен «еңбек сіңірген...» мамандардың ортасында өмір сүре тұра елімізде қылмыс түрлері жыл өткен сайын көбейіп барады. «Құрметті азаматы» көп қоғамда жыл өткен сайын қайырым кеміп, кәрі де, жас та тасжүректеніп алған. Қойдың өзінен «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп кешірім сұрап барып соятын қазақтың ұрпағы бүгінде адамның өзін қолы қалтырамай соятын халге жетті.
Бірден айта кетейік, біз бұл мақаланы адамдарға атақ, марапат беруге қарсы болғандықтан жазып отырған жоқпыз. Замандастарымыздың еңбектерінің ескерілгеніне қуанбасақ, ренжімейміз. Ерекше екпін түсіріп атап өтер мәселе, мұндай атақтар мен марапаттар жас ұрпақ тәрбиесіне өзінің оң ықпалын тигізуі керек еді. Қалай болғанда да, «Пәлен ауданның немесе Түген қаланың құрметті азаматы» мына қоғамда, адамдардың арасында расында да құрметті болуы керек қой. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде...
Қалай ойлайсыздар, әлгі «құрметті азаматтарды» сол өзі атағын алған ауданның немесе қаланың өзге тұрғындары бейне қорқып тұрғандай құрметтейді ме? Сыйлайды ма? Сіздерді қинай бермей жауабын өзіміз-ақ берейік, құрметтемек түгілі тұрғындар олардың көпшілігін жыға танымайды да. Бір есептен сол танымағандарының өзі де дұрыс болып тұр. Таныса, Құд-а-а-аай, олардың ішінде кімдер жоқ дейсіз?! Қуды да, сұмды да, ібілістің мектебін үздік бітіргендерді де сол жерден табасыз.
Қайбір жылдары қазақстандық шенеуніктердің арасында Рябцев деген дөкейдің түкірігі жерге түспей тұрды. Еліміздің су шаруашылығы саласын басқарған Рябцевтің басқа облыстардан не олжалағанын қайдам, бірақ, Оңтүстік Қазақстан облысының бақандай бес ауданының «құрметті азаматы» атанды. Әлгі аудандар Рябцевке ол атақтарды не үшін берді, Рябцев ол аудандарға қандай еңбек сіңірді, ол арасы жұмбақ. Анығы Рябцев сол атақтарды алғаннан кейін көп ұзамай коррупциялық қылмыстарға жол бергендігі үшін анық есімде жоқ, сегіз жылға ма, тоғыз жылға ма, сотталып кетті.
Тағы да қайталап айтайық, аудандар мен қалалар өздерінің «құрметті азаматтарының» басым көпшілігін жөндеп танымайды да. Таныса сол ауданның немесе қаланың әкімі, әйтпесе мәслихат хатшысы, бірлі-жарым депутаттары мен белсенділері ғана тануы мүмкін. Себебі бүгінде аудандар мен қалаларда жәй адамдардан гөрі «құрметті азаматтар» көп. Сонша көп адамның есімдері мен түрлерін есте сақтау да оңай шаруа емес қой.
Рябцевтер жалғыз-жарым емес. «Храпуновтарда, Әблязевтарда, Әлиевтерде қандай атақ болды екен?» деп сауал тастағаннан гөрі «қандай атақтар болмады екен?» деп сұраған абзал.
Әңгімемізді оң қолымызды жүрегімізге қойып тұрып айтатын болсақ «құрметті азамат», «еңбек сіңірген қайраткер», тағы да басқа пәлен-пәштуан деген атақтар бүгінде негізінен біздің әріптестеріміз - журналистердің бас ауруы болып тұр. Өмірлері негізінен кінә мен күнәлардан тұрғандықтан шалбарлары үнемі дымқылданып жүретін кейбір әкімқаралар да өз аудандарының «құрметті азамат» атағын ең бірінші кезекте «журналистерге» беруге әуес. «Бәледен машайық қашыптының» кері ғой. Тіпті бір әріптестеріміз өзі туып-өспеген аудандардың да «құрметті азаматтары». Және мақала мен арыздың ара жігін ажырата алмай жүрген олардың амбициясын атан түйе тарта алмайды. Газеттерінде боқауыз жазып жүргендер «Пәлен ауданның, Түген қаланың құрметті азаматтары».
Журналистеріңізден ақын-жазушыларыңыз да қалыспайды. Өзінің атын шығару үшін жазған екі парақ әңгімесін міндет қылғанда бар ма, қара жер ойылып кетуге шақ қалып тұрады. Тура сол өлеңін, сол әңгімесін жазбағанда қазақ руханияттан жұрдай болғандай екен. Шіренгеннің көкесін алатын атағын көзін сатып, сұрамсақтанып алғаннан кейін немесе сасық трайбализммен, басқа да жолдармен алғаннан кейін көрсетеді. «Пәленшеев (өзі «құрметті азамат» болып отырған ауданның немесе қаланың әкімі) «Сәке, осылай жүре бересіз бе, құжаттарыңызды өткізсеңізші» деп буынсыз жерге пышақ ұрып тұрып алды. Соның бір ауыз сөзінен өте алмадым» дегенінде ол емес, қарадай сен ұяласың.
Кеше «Baq. kz» сайтында жарық көрген бір ақпарат еріксіз ойландырды. Грозный қаласындағы мешіттердің бірінде 20 жылдан бері ақысыз-пұлсыз еден сыпырушы болып еңбек етіп жүрген Хамсат Жанаралиева деген кейуанаға «Шешенстанның құрметті азаматы» атағын елдің басшысы Рамзан Қадыров өз қолымен тапсырыпты. Еден сыпырушы әйел... Және қыстың суығы мен жаздың ыстығындағы жұмысын бір тиын жалақысыз, Құдай үшін, мешітке келуші жамағат үшін тегін атқарған. Енді осы шешеннің Хамсат кейуанасы мен қазақтың бәлеқор журналистерін, сұрамсақ ақын-жазушыларын өзара салыстырып көріңізші. Сіз үшін осылардың қайсысы құрметті? Қоғамға осылардың қайсысы көбірек пайда әкеледі? Біздіңше, таразыны Грозныйдағы еден сыпырушы кейуана басып кетеді.
Р.S. Мақала ағайынның атағын көре алмағаннан немесе оларды жек көргеннен жазылған жоқ. Айту керек болғаннан кейін, жазу керек болғаннан кейін барып қолға қалам алуға тура келді. Өзін танып отырғандар өре түрегеліп, «дәлелде!»деп жатса дәлелдеп беруге де тура келеді. Бірақ, оның керегі не?..
«skifnews.kz».
(Негізгі тақырыбы: «Құрметті азамат»)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста