Қазақ білетін кіндіктің киесін ғалымдар енді дәлелдеп жатыр

Туған жер туралы сөз болса, «кіндігім кесілген жер», «кіндік қаным тамған жер», «кіндік кесіп, кір жуған»… деген тұрақты тіркестер тәкбірдей тізіліп тіліміздің ұшына оралатыны табиғи десек, айгілі Қазтуған жыраудың:

Қарға бойлы Қазтуған,
Батыр да болып туған жұрт.
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт…(Қайран да менің Еділім) деп келетін жыр жолдары мен «кіндігім кесілген жер, төріне ата-бабам көсілген жер» деген өлең өрнектері осының айғағы. «кіндігімнің жас қаны, тамған жері ауылым…» деп басталатын «ауылым» әнінің «әуелгі сөзі» де кіндіктің киесімен ұштасып жатыр.
«Қазақ тілінің тұсіндірме сөздігінде« кіндікке «адамның, малдың қарнындағы ішкі дене мүшесімен жалғасатын ішек; қарынның орта тұсындағы шұңқыр жер» деп анықтама берілсе, қазіргі медицина ғылымы кіндікті «іштегі бала мен ана ортасында энергя тасымалдайтын негізгі дәнекер» ретінде қарастырады. Дәлірек айтсақ, құрсақтағы туашаққа(нәрестеге) оттегі мен қоректік заттар ана қанынан пласенталіқ (бала жолдасы) қан айналыс көмегімен жеткізіліп, кіндік венасы арқылы тасымалданады. Сосын да шығар, тіршілік тынысымыздың түп қайнары болған кіндіктің осы бір кереметін ерте білген бабаларымыз оған ешқашан бейжай қарамай, кіндік кесудің өзін керемет салт ретінде санасында сақтап, ұрпаққа жалғастырды.
Қазақ халқы іңгәлап дүние есгін ашқан сәбидің кіндігін кесуге айырықша мән береді. «Кіндігін кім кессе, баланың мінезі соған тартады» деп ырымдап, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайдары, ақ көңіл, ақ еділ аналарға кестіреді. «Есейгенде батыр болсын, елін, жерін жаудан қорғасын» деп сәбидің кіндігін айбалтамен кесетін салтта күні кешеге дейін жалғасып келді. Бағамдай білсек, дәл осы арада бүгінгі ғылым әлі дәлелдей алмайтын ғажайып сыр жатыр. Әр адамның тағдыры, жаратылысы бөлек болса да, баланың кей мінезі немесе әрекеті иненің жасуындай болса да, кіндік шешесіне тартуында қандай заңдылық бар?! Сол сияқты кіндік кесілген, кіндік қан тамған жер мен адам санасы арасында да бір сабақтастық жатқан жоқ па?! Қазақтың «ұл баланың кіндігін алты қырды асырып көмуінде немесе кіндігін аттың жалына байлауында; ал қыз баланың кіндігін ошақтың түбіне көмуінде» нендей пәтуә бар?! Мұны қазіргі қариялар «ұлын елін-жерін жаудан қорғайтын жауынгер, түзде түнеп ел күзететін ер болсын; ал қызын қазан-ошаққа ие болар ақылман ана болсын деген идеядан туған» деп түсіндіреді. Жөн-ақ дейік. Сонда осы ұғымның қалыптасуына негіз болған заңдылық не? Қазақ салтында кіндікті неге ұятты жердің бірі ретінде қымтап ұстау діттеледі?!… Ссы сауалдардың бәрін санамызда салмақтасақ, бабаларымыз кіндік пен кіндік қанның қасиетін баяғыда байқаған секілді.
Кіндігін ашып жүруді мәдениет санайтын батыс елдерінің ғалымдары соңғы кездері кіндік пен кіндік қанның рөліне бейжай қарамауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, «ашық келетін ажал» деп аталған ақ қан ауруын емдеуге сан мың түрлі сынақ жасаған ғалымдар аталған індеттің емін кіндік қаннан тапқаны төрткіл дүниені таңдай қақтырды. Батыс медицина саласының ғалымдары 10 неше жыл зерттеу жүргізу арқылы кіндік қанда адам денесінің қан жасауын және иммунитет жүйесінің қан жасауын қайта құрай алатын тек клетка бар екенін, осы тек клетканы көшіру арқылы әртүрлі ауруларды емдеуге болатынын байқады әрі жаңа туған сәбидің жолдасы мен кіндік қанын кәдеге жаратып, оларды сүйек кемігінен бастау алатын қан ауруларын емдеуге қолданып та кетті.
Батыс ғалымдарының ойынша, кіндік қанының құпиясы ашылған сайын оны қолдану мүмкіндіктері де молая беретін көрінеді. Оңтүстік Корея ғалымдарының жүргізген зерттеу тәжірибелерінің мәліметтеріне қарағанда, кіндік қанының тін жасушалары (тін жасушалары – адам мен жануар организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар) қан түзуші жасушалардан басқа жүйке жасушаларына да айнала алады екен. Оған мынадай мысал келтірілген: «Омыртқа жарақатының әсерінен 19 жыл бойы жүру қабілетінен айырылған 37 жастағы әйел адамға кіндік қанның тін жасушаларын көшіру арқылы жұлын миының жасушалары қалпына келіп, жүре алатын болған»… Міне көрдіңіз бе, кіндік қанның кереметін?! Соңғы кездері медицина ғылымындағы маңызды бір жаңалық ретінде айтыла бастаған бұл әңгіме бізді қазақ ұғымындағы кіндіктің киесіне жетелеп тұрған жоқ па?! Сілтемесі талай томға жүк болатын тылсым сырды бірер ауыз сөзбен-ақ аңғартып кеткен қайран бабалар-ай десеңші …
qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста