Орыс тарихшылары қазақтан Тұранды тартып алмақ

Соның кесірінен, бұрын тарихы жоқ – халхаға Шыңғыс қаған телініп кетсе, енді Ұлы Тұранға ауыз салуды РФ ғылыми ортасы мәсіхшілдік аярлықпен қолға ала бастады (өйткені, чуваш пен татарлардан басқа түркі ұлттары – еуропеоидтік текті жоғалтып алғандығы басты фактор болып отыр). Рентв арнасы осы бағытта ғылыми-көпшілік бағдарламалар циклін жолға қойып та үлгерді.
Иезуиттердің түркіге істеген қысастығы бұрын тек Мұрат Әжі тарапынан сөз етілсе, енді орыстар да Иезуиттерді рустерге істеген қияпатын алға тарта отырып, ешкім күмән тудырмаған түркі тарихына жабыса бастады.
Иезуиттердің түркі мұрасына жасаған иттігі туралы әңгіме көптен көтеріліп жүр.
Бірақ бір таңқаларлығы осыған біздің тарихшылар енжар. Неге екенін өздері білер. Біз ондай бәлелі жерге жолағымыз келмейді-ақ. Бірақ, бір қазақ емес, мұқымтүркілік енжарлық осыған соқтыруда дегіміз келеді.
Соның кесірінен, бұрын тарихы жоқ – халхаға Шыңғыс қаған телініп кетсе, енді Ұлы Тұранға ауыз салуды РФ ғылыми ортасы мәсіхшілдік аярлықпен қолға ала бастады (өйткені, чуваш пен татарлардан басқа түркі ұлттары – еуропеоидтік текті жоғалтып алғандығы басты фактор болып отыр). Рентв арнасы осы бағытта ғылыми-көпшілік бағдарламалар циклін жолға қойып та үлгерді.
Ресми тарих дұрыс емес, Баламалы тарих керемет деп, тарихты ойыншыққа айналдырған РФ ғалымдары адамның ойына келмейтін тарихи фактілерді топан судай ағындатуда. Осы сел түркі тарихын шайып кетпесін деп тілейік.

Сиясы кеппеген жаңа тарихсымақтардың ішіндегі шығыс славяндары үшін ең құндысы саналатын кітаптар мен беделі дау тудырмайтын авторлар легі орыс тілді мәдени кеңістіктің есігін ғана ашқан жоқ, төріне де қонжиды. «Крым – наш» ұраны осындай жалған иделогиядан туады.
Елді «Туран – наш»-пен улаған тобырдың серкесі ғылымсымақтар дүбірлеткен, түркітектестер арасындағы орыс тілді ағайындарымызды екі ойлы ететін рухани-мәдени шаралардың ғылыми сенсациялық легі тарих даңғылында шеру тартуда. Сондай кітаптің бірі – О. Гусевтің “Древняя Русь и Великий Туран” (“Ежелгі Рус және Ұлы Тұран”) кітабы нағыз арандатушылыққа толы. Енді біз ұлт оқырмандарына “Панславяндық” интернетфорпосты kramola.info сайтынан (крамол – бұлғақ деген ұғымды береді) алынған кітаптың аннотациясы мен доғарыстағы полковник Ноғайсібірлік жазушы Юрий Григорьевич Тупикиннің оған берген рецензиясын Әбіл-Серік Әбілқасымұлының аударуымен Ұлт кз оқырмандарына ұсынып отырмыз.
Аннотация
Осы кітапты парақтаған жан Ұлы Тұран түркі қағанатына еш қатысы жоқ екенін аңғара алады, өйткені, ол – Ежелгі Рустің жерді мұз басып, мыңжылдықтар қойнауына кететін кезеңінен б.д.д алғашқы ғасырлардағы бөлінбес құрамдас бөлігі екендігін білетін болады.
Автор, рус-үндіеуралықтардың таяу шығыстық, оңтүстікзәңгілік, қара теңіз маңындық ілкі отандарының бар екендігін еш жоққа шығармай, сонымен қатар, орыстардың тербелген бесігі ең ілкі ата қонысы Сібір қисындылықпен палеоклиматология, палеогеография, палеоэпиграфика және тағы басқада мәселелер бойынша беріліп отыр.
Тап осы Сібірден рустер әлемге тарыдай шашылған. Оның ішінде, б.з.д. дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің алқаптары игеріліп, суарылмалы егістік жүйесі қалыптасып, каналдар мен дамбылар тұрғызылды. Осы кітапта неге олардың осы жерлерді тастап шыққаны, әрі, төл тарихтың Қытайдан бастау алғандығы ұғындырылып беріледі. Рустер өздерімен қоңсылас көшіп қонып жүрген сары нәсілдерді жерге жабысуға үйретті. Белгілі бір кезеңде олардың саны кұрт өсіп, кейін келе өктемдік жасауға көшті. Сол себепті, Ұлы Тұранның бүгінгі «жапон» аралдарынан Хан Тау (Тянь-Шань) мен Кавказға дейін созылған «межесі» пайда болып өмірге келді. Осылайша рустар өздерінің өмір сүру ортасын өзге нәсілдерден шектеді.
Юрий Григорьевич Тупикиннің рецензиясы

Шағын шолу:
Еуразияның жүрегінде кент-шәрі, жолы, көпірі мен дамбалары бар Кіндік мемлекет (түркіше – Көктім Аймақ) өмір сүрді. Тап осы жерде: компас, қағаз, жібек өндіру, шойын құю, жерді бұрғылау, көмір мен газды қолданып үй жылыту ойлап табылды.
"Кіндік мемлекет" атауын қытайлар кейіннен өздеріне иемденіп кетті.
О. Гусев ақ нәсілдің риясыз сеніп үйреткен технологиялық ақпараттарын жапон сияқты сары нәсілділер қалай кәдеге асырғандықтары әңгіме етеді.
Ресей қытайтануының атасы Н.Я. Бичурин-Иакинфпен бірлесе әрекет еткен "Иисус Қоғамы" иезуит орденінің қытай тарихын қайыра жасаудағы ойдан шығаруларына, жалғандыққа баруларының, барды жоқ етулерінің тереңіне сүңги отырып, аянышты тарихымызды суреттейді.
Қытай картасындағы және оның маңындағы түркі дүниесінің барша славян-орыстық атауларын Бичуриннің көмегімен иезуиттер қайтадан жасап шықты. Манчьжурия аймағы мен орыс Қиыр Шығысының оңтүстігіндегі орыс топонимикасы тып-типыл етілді.
Болашақ қытай тарихы үшін сюжеттік коллизияларды иезуиттер Ежелгі Рим, Батыс Еуропа, Византия мен Ұлы «моңғол» империясы тарихынан алып жаза салды.
Қытайда XVIII ғасырға дейін әдебиет, тарихи жылнама болған емес.
Иезуиттерге 8000-мың жылдық тарихи түс көру сипатындағы Қытайдың тарихы неге керек болды?
Себебі біздің Сібірлік Бағзы Отанымыз Ватиканға әлемді жеке дара билеуде кедергі келтіргендіктен жоқ қылып жіберу керек болды.
Ұлы «Қытай» қорғанын... орыстар шамамен б.д. ІІ ғасырына дейін тұрғызған. Ол – үндіеуропалықтардың сары және қара нәсілдермен шекара бөлісуінің нәтижесі. Біздің ойымыз үшін әдеттен тыс автор түйіндеуі, әрі оның сенімді уәжді дәлелдеуі ақылға қонымды.
О. Гусев түркі тілдерінің шығу төркіні мен типологиялық жалпылығын басшылыққа ала отырып, оның жасанды тіл екендігін негіздеп шығады. Түркі тілі – бұл Ежелгі Рустің Ұлы Тұрандық ағартушы орталығы өмірге әкелген эсперанто. Тура осындай тарихқа бір кездері барша еуразиялық кеңістікке ортақ болып келген «қытай» пішпек жазуда ие.
Біздің бабаларымыздың Ежелгі Рустің Ұлы Тұрандық бөлігіндегі жасампаздық істері ведалық типтегі әлемдік өркениетке көптеген азиат халықтарын тарта білді, бұл өзі, автордың пікірінше, жеке дара зерттеуге тұратын тақырып.
Автор өз оқырманы А.Г. Махоткиннің: "орыс өркениеті – орыс этносынан да ауқымды" деген қызғылықты пікірін бөліп көрсетеді, өз басым осы пікірді қолдай келісемін. Ол барлық бізбен бірге тарихи тіршілік кешкен барша халықтарды орыс мәдениетінің бесігінде тербеліп өскендерге жатқызады.
Рус-үндіеуралықтар өздерінің Сібірлік БағзыОтанынан әлемнің басқа аймақтарына тарап, еш табиғи басып алусыз Бүкіләлемдік Ілкіимперия Ұлығ Орысты құрды. Тамаша қару болып табылатын Орыс мәдениеті мен Орыс тілі арқылы рус-үндіеуралықтар, - деп әділеттілікпен жазады О. Гусев, - әлемді жаулап ала білді. О. Гусев Бүкіләлемдік Ілкіимперия Ұлығ Орыстың соңғы кезеңі Татар-моңғол империясы болды деп орынды атап өтеді.. Осы Империяның Рухани мұрагері – Ресей-Рус...
Бәрін айтып тауса алмайсың. Орыс тарихын хош көрушілерге айтар кеңесім Олег Михайлович Гусевтің еңбегін біздің кітаптардан іздейтін интеллектуалды ләззат алуымыз үшін жеке дара оқып шығуларыңыз керек...
P.S. Осындай жанды жанып, рухты қайрайтын жалған дүниеден түркінің жасырын жауһарын да табуға болады. Өйткені, бұрмаланып жазылған кітап ондағы жоқты тауып, барды жоғалту үшін жазылады.
14 тараудан тұратын кітапта “Жылқыны неге жемейміз...”, “Орыс Сібірі” сынды құлық қоятын тараулар бар. О.М. Гусевке өтірігіңе берек берсін деп: а/я 171. С.-Петербург, 190103. Және zrdp@rol.ru; www.zrd.spb.ru бойынша өз пікірлеріңізді жолдай аласыздар.
Сондай-ақ автор пайдаланған әдебиеттер тізбесі ішіндегі назар аударуға тұратындары: Алексеев С. Т. Арвары. Родина Богов. М., «Олма-Пресс», 2004.; Быструшкин К.К. Феномен Аркаима. М., «Белые Альвы», 2003; Дёмин В.Н. (Северная прародина Руси. М., «Вече», 2005; В поисках колыбели цивилизации. М., «Вече», 2004.); Драгункин А.Н., Образцов А.А. Амур и Атлантида. СПб., «Андра», 2006; Дубровская Д.В. Миссия иезуитов в Китае. М., «Крафт + ИВ РАН», 2001; Жарникова С. Древние тайны русского севера. М., «Палея», 1996: Иванов Вс.Н. МЫ на Западе и на Востоке.
СПб., 2005; Каргалов В.В. Русь и кочевники. М., «Вече», 2004; Кривцов В.Н. Отец Иакинф. Л., «Лениздат», 1978; Леонтьев А., Леонтьева М. Биармия: северная колыбель Руси. М., «Алгоритм», 2007; Мартыненко А.А. История народа Русы — история мировой цивилизации. М., «Элиа-Арто», 2007; Морозов Н.А. Новый взгляд на историю Русского государства. М., «Крафт + Леан», 2000; Новгородов Н.С. (Сибирский поход Александра Македонского. Томск, 2006: Сибирская прародина, М., «Белые Альвы», 2006); Носовский Г.В., Фоменко А.Т. Начало Ордынской Руси. М., Петухов Ю.Д. (Русы Евразии. М., «Вече», 2008. Тайны древних Русов. М., «Вече», 2008.Русы древнего Востока. М., «Вече», 2007; Сверхэволюция.
Суперэтнос Русов. М., «Метагалактика», 2005: История Русов. М., «Метагалактика», 2003: Норманны. Русы Севера. М., «Метагалактика», 2003); Петухов Ю.Д., Васильева Н.И. Русы Великой Скифии. М., «Вече», 2007: Петухов Ю.Д., Васильева Н.И. Евразийская империя скифов. М., «Вече», 2007: Путенихин В.П. Тайны Аркаима. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2006; Разоренов Ф.Н. Аркаим в нашей истории. М., «Палея», 1996; Русаков Р. Дыхание дракона. Россия, Китай и евреи. М., «Москвитянин», 1995; Топпер У.
Великий обман. Выдуманная история Европы. СПб., «Нева», 2006; Шамбаров В.Е. Великие империи Древней Руси. М., «Алгоритм», 2007; Шамбаров В.Е.Русь: дорога из глубин тысячелетий. М., «Алетейна», 1999; Шилов ЮА. Прародина Ариев. История, обряды и мифы. Киев, «Синто», 1995; Чудинов В.А. (Русские Руны. М., «Альва-Первая», 2006. Загадки славянской письменности. М., «Вече», Руница и тайны археологии Руси. М., «Вече», 2003.Вернём этрусков Руси. М., «Поколение», 2006 және Вселенная русской письменности до Кирилла). Янович B.C. Великая Скифия: история докиевской Руси. М., «Алгоритм», 2008. сынды кітаптардан ақ пен қарасын айыра отырып, қосымша ақпарат ала аласыздар.
«Ұлт» порталынан
Түпнұсқадағы тақырыбы: Орыс тарихшылары енді Тұранды да рухани қоржындарына салмақ па!?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста