Майданда тұтанған махаббат...

Шәкең 1916 жылы бұрынғы Қу ау­данында (кейін Егіндібұлақ ауданы болды, қазір Қарқаралы ауданының құ­ра­мында) туған екен. Ол кездің ба­лаларының ойын дегенді білмей, ең­бекпен есейгендігі мәлім. Шәкар Тө­леубайұлы да солай есейіп, еңбек жо­лын 1935 жылы округтік комсомол комитетінде бастаған екен. Содан 1937 жылы Қызыл әскер қатарына алынып, бір жылдан соң Қиыр Шығыста Хасан және Халкин-Гол көлінің маңында жа­пон басқыншыларына қарсы күреседі.

Фашистік Германия тыныш жатқан елі­мізге баса көктеп кіріп, Ұлы Отан со­ғысы басталған шақта ол Батыс май­данға аттанады. Содан қанқұйлы жау­дан туған жерін қорғай отырып, қатар­дағы жауынгерден гвардия ма­йоры дәрежесіне дейін көтеріледі. Атақты Ленин орденді Кантемиров танк дивизиясындағы бір танк баталь­онына командир болады. 1943 жы­лы М.Фрунзе атындағы Әскери Акаде­мияның қысқар­тылған курсының тың­даушысы болады.
Шегіне бастаған жауды танк корпусы да өкшелеп қуа түседі. Темір құрсаудың ішінде отырғанымен шынжыр табанды тажалдың шайқасы оңай болмайды. Оның үстіне жау да өліспей беріспеуге бекінген. Көмейінен от бүркіп, өлім шаш­қан алыптар жер бетін дірілдетіп, аспан астын жаңғыртып жібереді. Мұндай сәт­те қарсы келіп қалған тажалға қасқая қарсы тұру да оңай емес. Ба­тальон командирі жүректі болып, өзі қарсы тұрып, басқаларды бастай білуі, ұрысты дұрыс ұйымдастыруы қажет. Мұндай сәттер Шәкең өмірінде сан мәр­те қайталанғаны сөзсіз. Төрт рет жарақаттануы соның куәсіндей. Көретін қызығының көп болғандығынан да шы­ғар, соның бәрінен де аман қалған екен. Танктеріне немістің снаряды тиіп, жана бастаған уақыты да болған.
Денсаулығына байланысты 1946 жылы маусым айында әскер қатарынан запасқа шығып, туған елге оралады. Қарағандыда екі жыл облыстық партия комитетінің ұйымдық-нұсқаушылық бө­лімінде нұсқаушы болып қызмет ат­қарады. Содан, яғни, 1948 жылдың қараша айынан 1980 жылдың маусым айында құрметті демалысқа шыққанға дейін кәсіптік білім беру саласында еңбек етті. Қазіргі Бұқар жырау ау­данына (ол кезде Ульянов ауданы) Свер­длов атындағы совхозда (Көкпекті аулы) №28 селолық кәсіптік-техникалық училищеде жиырма жылдан астам уа­қыт бойы директорлық қызмет атқарды. Жас ұрпаққа білім нәрін құйды, оларды механизаторлыққа және басқа да ау­ыл шаруашылығы мамандығына үйретті, адамгершілігі мол азамат бо­луға тәр­биеледі. Бұл күнде ол кісі­нің тәлім-тәр­биесін алғандарды кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен кездестіруге болады.
Майдандағы ерлігі үшін екін­ші дәре­желі «Отан соғысы» орде­німен, екі мәрте «Қызыл жұл­дыз» орденімен, оннан ас­там медаль­дар­мен марапатталған. Он­дай награда­ларына «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың көтергені үшін» сияқты бей­біт өмір­дегі марапаттары қосылды. «Кәсіп­тік-техникалық білім беру ісінің үз­дігі» құрметті атағына ие болды. Ауыл шаруашылығы үшін кадрлар даяр­лаудағы алға қойған міндеттерді абыроймен жүзеге асырғаны үшін Қазақ КСР-нің «Алтын Құрмет кітабына» есімі жазылды. Екі рет қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасын алды.
Өмірлік қосағы Рахима Жан­құлқызы 1921 жылы туған. Ор­та мек­тептен соң Алматы медицина инс­титутын 1942 жылы бітірген. Бір жыл қызмет істеген соң Фрунзе әскери ко­мис­сариаты арқылы майданға алы­на­ды. Мәскеу қаласында қысқа мер­зімдік жас жауынгерлер кур­сынан өтеді де, Бі­рін­ші Украина май­да­нындағы эва­­куациялық госпи­таль­ға дәрігер етіп жіберіледі. Со­дан бас­тап майдан да­ласындағы Курск, Бел­город, Дембина, Краков, Глейвиц жолы­мен жаяу жүріп өтеді. Берлинге неғұрлым та­қаған сайын Рахима апай дәрігер болып жүрген дала госпиталі де жау соңына түскен әс­керлердің ізінен қалмай отырады. Бұл кезде олардың жолы гвардиялық, Қызыл тулы, Ленин орденді Кантемиров танк дивизиясымен қатар жатқан еді. Кейде бір болмашы нәрсенің өзі үлкен оқиғаның себепкері болатыны бар. Соғыстың толас тапқан бір сәтінде госпитальға кірген генерал Сүлейменов сөз арасында мұның қазақ екенін біліп, қазақ майоры Шәкар Көшкімбаев деген жерлесімен таныстырған. Сол та­ныстық соғыс аяқталған соң да бү­кіл ғұмыр бойы жалғасты. Отты жылдардың қиындығымен шыңдалған жандар соғыс бітіп, елге аман-есен оралған соң шаңырақ көтерген еді. Қиын-қыстау кезеңдерде мұндай ой саналарына да кірген жоқ. Ол кезде сұм соғыстың ажал сепкен оғынан аман қаламыз ба деген ой ғана болатын. Қанша дегенмен де соғыс ойыншық емес.
Жеңіс туралы қуанышты хабар бұ­лар тоқтаған Дрез­ден қаласына да қалықтап ұшып же­тіпті. Сол күнгі қуа­нышты өмір бойы ұмытпаған екен. Украина мен Польшаны басып өтіп, Ұлы Жеңісті капитан шенінде аяқтаған Рахима шешей соғыстан соң облыстық клиникалық ауруханада қызмет ат­қарған. Клиникалық ординатураны бі­тір­ген. Одан соң көп жыл бойы сол кездегі өздері тұрған Свердлов атын­дағы совхозда учаскелік аурухананың бас дәрігері болады.
Соғыс жылдарында екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальмен наградталған. Одан соң бейбіт еңбек кезіндегі наградалары да толып жатыр. Денсаулық сақтау ісінің үздігі атағын алған. Бірнеше рет бұрынғы Ульянов аудандық Кеңесіне депутат болып сайланған.
Ол кісі өзінің майдан жолымен жүріп өткен етігін және көйлегін, құ­тысы мен шанышқысын өмір бойы қас­терлеп, сандық түбінде сақтаған екен. Кейде алып шығып, сол күндерді еске түсіріп отырған.
Шәкең ағамыз 1982 жылы қыр­күйек айында көз жұмды. Сол жылы Рахима апай екеуі 9 мамырда атақты дивизия орналасқан Мәскеу облысындағы Наро-Фоминск қаласына барып, гвардиялық, Қызыл тулы, Ле­нин орденді Кантемиров танк диви­зиясының 40 жылдығына қатысып қайт­қан болатын. Ал Рахима апай болса 4 немере мен бір шөбере көріп, 2000 жылы дүние салған.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, бүгінде марқұм болған Шәкар ағай мен Рахима апайды білетіндер әлі күн­ге дейін ұмытпай, адам­гершілік асыл қасиеттерін айтып отырады. Ол кісілерді ауылдастары зор құрмет тұтқан.
Қос жауынгер бес бала тәрбиелеп өсіреді. Соның ішінде қыздары Римма анасының жолын қуып, дәрігер болды, көп жыл медицина саласында қызмет атқарған жұбайы Нұрбай Кенжебаев екеуі де қазір құрметті демалыста. Балалары мен немерелерінің қызығын көруде. Олардың атасы мен әжесінің көзін көрген балалары қарттарды ауыздарынан тастамай айтып оты­рады.
Кешегі күні Отан үшін от кешкен, кейіннен бейбіт еңбекте ел игілігі үшін тер төккен осындай ардагерлеріміздің өзі жоқ болғанымен, артында қал­ған ұрпақтары, олардың көзін көр­ген адамдар бар. Ұлы Жеңіс күні қар­са­ңында майдангерлерді тағы бір ес­ке алып, олардың аруағына дұға бағыш­тайды, оларды ардақ тұтып, мақтан ете­ді.

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ

ortalyk-kaz.kz

(Түпнұсқадағы тақырып: Бір отбасындағы қос жауынгер)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста