Еуровидениеде: Нәжіске тамсану

prikolisi.ru фото

Ән байқауында сақалды сормаңдайдың жеңіске жетуі, оның даусына «азат ойлы» журналист, «көреген» өнертанушы, «сарабдал» демократтардың хормен тамсануы - (ешқандай да әсірелеусіз) санаға жасалған ашық шабуыл. Бізді саяси көзқарастар, діни ұстаным, ру, жер, тіпті түрлі футбол клубының жанкүйері етіп бөлшектеп бітті.
Сындырылмағаны – гендерлік ерекшелік еді. 44 елден келген қатысушылар ішінен жеңістің дәл Вурстқа берілгені - енді либерал қоғам адамның адам екенін көрсететін ақырғы ерекшелік – жынысын жоймаққа білекті сыбанып кіріскеніне сөзсіз дәлел.

Нәпсіге жем болған ұлтшылдық
Жадыларыңызға өшпестей етіп түйіп алыңыздар – гей тақырыбы, біржынысты неке мәселесі, лесбилер - ешқандай да адам құқығы, жұп таңдау еркіндігі емес. Бұл – нақты саясат. Мақсат - адамды өз-өзіне сенімсіз, сенімсіздігі сондай, өзінің кім екенін басын тік көтеріп айта алмайтын тұқыл тобыр жасау. Өзінің не еркек, не қатын екенін қадап айта алмайтын, әйтеуір жүрген бір тіршілік иесінен асқан сорлы бар ма?
Ал бұл шабуылдағы соңғы шеп – біз (тағы да сөзімізде зәредей пафос жоқ). Ия, мен, сіз, ол. Кәдімгі мұндайға үрпие, үрке қарайтын, гомосектерге жиіркенішпен, жиіркеніш демей-ақ қояйық, аянышпен қарайтын дәстүрлі қоғамның өкілдері. Мүсіркегенде де, «алда бейшара-ай» деп емес, «әзәзілдің мазағына түскен тасмаңдай» деп қарайтындар. Ал бізді, соңғы бекіністі сындырса – бітті.
Сіздің бетіне жел тигізбей әлпештеп отырған аяулы қызыңызға, мәпелеп отырған тәтті немереңізге, қалаға енді кеткен студент балаңызға мектепте, университетте құрбысымен құнжыңдаса кетіп, құмар басуды, бауырымен нәпсі тойдыруды насихаттайды. Арнайы, бір жынысты секс тақырыбындағы оқулық, пән енгізеді. Кәдімгі «дамыған» елдердегідей қала мэрі, депутат, колледж директоры бір жынысты некеге тұра бастайды.
Өгіздей еркектер құлдыраңдап сабаққа барған құлыншағыңызға бұзылған бұқаның көзімен қарай бастайды. Яғни, ертеңгі сіздің ұрпағыңызды былғайды, гомосексуализм - қазақ танымына томпақ деген түсінікті паршалайды. Азғын буын өсіп шығады. Өзі азғын болса, одан кейінгі мутант болмай ма? Ақыры неге апарып соғады - бізді ұлт ретінде жояды. Ал ұрпағыңыздың қамын осылай ойламайтын болсаңыз, сіздікі - ұлтты жақсы көру емес. Құр барабаншыл ұран. Ұлтшылдығыңыз лайк жинаудың құралы, популизм. Қысқасы, нәпсі семірту.
Мифке сенеміз бе, Құранға ма?
Сылқым ағай неліктен қазір жұлдыз болды? Спарталықтар, Македонский әскері көгілдір болған дегенге меңзейтін фильмдер неге түсірілді? Футболшы Хитцельшпергер неге өзінің гей екенін енді мойындады? Рики Мартин ше? «Бүкір таудан» бастап «Филипп Морриске» дейінгі фильмдердің жүлделі болуы ше?
Өйткені, әнші, спортшы біткен танымал, ал елдің көбінің жүрегіндегі дерт – танымал болғысы келеді. Қуырылған жүгері құшақтап, кинотеатрға асық. Ал Кончита танымал болудың төте жолын күллі әлемге көрсетіп берді. Ол байғұс өзін талантпын деп жүрген болар, бірақ ол бар болғаны манипуляция құралы ғана.
Ежелгі Элладада гомосексуалдар, бәлкім, болған шығар. Бірақ бізге үлгі болатын тарих - Ескендір мен Гефестионның «махаббаты» ма? Мифке сенуге бармыз, ал Алланың Құранында тұрған, осы гомосексуализм себепті Құдайдың қаһары түсіп, жер бетінен типыл жойылған Лұт қауымы жайлы айтқымыз келмейді. Бухари мен Муслимнен еркін мысал келтіретін жігіттер осыны оқымай қалып па? Сенбеймін.
Ал олардың жамағатпен намаз оқуы жайлы хадис - небір кісінің жиіркенішін тудыратын күнә істесе де, шынайы өкініп тәубе қылғандар, не туылғанынан қос жынысты болған бейбақтарға қатысты айтылады. Әйгілі Ислам ғалымдарының сөзін бұрмалау арқылы әпшуін әдейілеп кесіп әтек болғандарды қорғаштаудың айыбы қандай екенін Діни басқармадағы білгір мамандар айта жатар. Әйтпесе, әл-Бұхари жеткізген Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадисінде «Әйелдерге ұқсауа тырысқан ерлерді Аллаһ лағынеттейді» делінген. Бұдан артық не керек?
Сосын, «Еуровидениеде» не адам емес, не адамнан бері еместердің жеңіске жетіп келе жатқаны бүгіннен басталған жоқ. Білеміз, 1998 жылы осы байқаудың бас жүлдесін Израильдың Дана Интерншнлы алған. Бұл кәдімгі жөйіттің Ярон Коэн деген жігіті болатын, кейін мүшесін ауыстырып, Шарон Коэн деген әйелге айналған сормаңдай. 2007 жылы Украинаның Верка Сердючкасы екінші орын алды. Травести-әнші. Яғни, әйелдің киімін киіп алып, шешпейтін, сол арқылы ат жасап, ақша табатын адам. Сол жылы DQ деген әнші де 19-шы орында сүрініп жығылған. Ол да осындай пәлекет болатын.
Ал 2002 жылы Словенияны «Sestre» деген драг-квин үштігі таныстырған болатын. Бұлар да Кончитаның «туыстасы». «Таң қалатын несі бар?» деп жатқандарға айтарымыз, бұл саясат жүйелі жасалып келеді. Асықпай. Көз үйретіп. Бастарынан сөз асырмай. Сердючка екінші орын алғанда неге шуламадыңдар дегенге айтушыларымыз, сонда бұл жамандыққа қарсы шыққанға да айыптымыз ба? Сердючканы образдап жүрген А.Данилко ең болмаса көгілдірмін деп ашық айтпаған, Кончита секілді 7 жылдан бері Жак Патриак секілді еркекпен ойнас еместігін жасырады. Ой, астапыралла, не айтып кеттім, бірақ сіздер нану үшін ең болмаса нәжістің өзін осылай салыстыратын болдық емес пе?
Ұят пен күнә
Шариғат некесіз жақындасуды айыптайды. Ал бір жыныстылардың жұп құруы - одан өткен былғаныш деген сөз. Ал күнәсінен ұялмайтын, ұялу былай тұрсын, оны айналасына насихаттайтын адамдардың көбеюі, ән байқауында жеңіске жетуі – жақсылық па екен? Малдас құрып алып сізге уағыз айту ниетімізде атымен жоқ. Айтпағымыз, олар – ұялу керек. Гей, лесби екеніне қысылып-қымтырылу керек.
Керек десеңіз, қорқу керек. Кончитаның жеңісі, керісінше, өзінің гей екенін жасырып, айта алмай жүрген бейбақтардың ұятын өлтірді. Қоғамдық пікір гей, бір жынысты неке күнә екенін терістеп тұр. Ұрлық, қыз зорлау, адам өлтіру - күнә. Оларды «негізі жаратылысы адам ғой» деп ақтай аламыз ба? Сыпайы маньяк, сұлу баукеспе, қадірлі педофил деп қорғаштамайтын шығарсыз?
Бірақ бұлай айтсаңыз болды, қазір гомосексуализмді насихаттайтын либералдар, өзінің отбасын басқара алмай отырып, елге насихат айтатын психологтар, қоғамдық пікірді төңкерген саяси технологтар «қоғамдағы әлеуметтік бір топтың құқын аяққа таптап жатсың» деп ойбай салмақ...
Негізі...
Біздікі – гомосектерге әсірекемсітушілікпен қарау емес. Біз тек адам боп қалғымыз келеді. Кәдімгі жігіт, Қазақстанның шекарасын күзететін солдат, анасын құрметтейтін азамат, жарын аялайтын отағасы болып қалғымыз келеді.
Бағланова джинсымен шықпаса да елді тәнті етті, Байбосынов юбка кимей-ақ сүйіспеншілікке бөленді. «Любэ» жігіттері нағыз еркектерше гимнастеркамен тұрып орыс патриотизмін қоздырды. Ендеше, «сақалы бар екен, ну и что, за то даусы зор» деген – былшыл. Даусына ілтипат қып ақтауымыз, сырттан қарағанда, «мына былжырақ қорытылып, үзіліп түсерінен бұрын тіл үйрірер тәтті ауқат еді-ау» деп унитаздағы қоймалжыңға сүйсіне, ұзақ қарап тұрудың о жақ, бұ жағы...
Ырысбек ЖАНТӨРЕ, jaqsy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста