Беларусьтің Гроднен облысында Кеңес Одағының Батыры атанған отандасымыз Қазыбек Нұржановтың рухына бағышталған іс-шаралар басталды.
Игі шара Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Қазыбек Нұржанов зұлмат жылдары мұғалімдік қызметін құрыш бұзушыға алмастырып, кейіннен барлау командирі болып елін қорғады. Ол басқарған взвод «Первомайский» ауданындағы жау тылын бұзып кіріп, 100-ге жуық фашистерді қолға түсірді. Беларусь жерінде жасаған өшпес ерлігі үшін Қарағанды облысының тумасына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Владимир Глинка, Гроднен облысы Волков ауданы әскери комиссарының орынбасары:
- Біздің елімізді қорғау жолында өз өмірін қиған ержүрек ерлерді тәрбиелеген қазақ халқына мың алғыс! Біз ұрпағына осындай бейбіт күнді сыйлаған әкелеріміз бен аталарымыздың ерең ерлігін мәңгілік жадымызда сақтауымыз керек. Олардың өткен жолынан сабақ алып, әлемге бейбітшілікті насихаттап, соғыс өртінің тұтануына жол бермеу біздің асыл мұратымыз.