Әзірбайжанның атымтай жомартынан қазақ зиялылары қандай жақсылық көрді?

Мұнай өндірісі дамыған Әзірбайжан өңірін сөз еткенде, қара алтынның алғаш негізін қалаған, ел өнеркәсібінің дамуына кең жол ашқан, білікті маман, қайырымы мол меценат, мұнай алпауыты Зейнел-Ғабиден Тағиев туралы айтуымыздың өзіндік себебі де бар. Тағиев – Әзірбайжан Республикасында өнер, халық-ағарту, журналистиканың орнығуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан азамат. Сондықтан да болар Әзірбайжан халқы оны «Ұлттың әкесі» деп атаған. Англия, Германия, Ресей және Франция сияқты білімі мен ғылымы дамыған мемлекеттерге жүздеген әзірбайжандық жастың барып оқуына мүмкіндік туғызып, өзі тікелей көмектескен. Осындай өнегелі істерінің нәтижесінде, кезінде Ресей империясының, Иран мен Бұхара эмигранттарының көптеген орден-медальдарымен марапатталған. Ендеше осындай жанның қазақ мәдениеті мен руханиятына қандай еңбегі сіңді? Атымтай жомарттың азаматтық ісіне кімдер куә еді?
Зейнел-Ғабиден Тағиев 1823 жылы қарапайым етікшінің отбасында дүниеге келіпті. Он жасқа толғанда анасынан айырылады. Күнделікті тұрмыс тауқыметі әлі буыны бекімеген баланы құрылысқа барып жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Күн сайын алты теңге табады екен. Он екі жасында тас қашауды он бес жасында кірпіш өруді меңгереді. Осылайша, жинаған қаржысына Тағиев екі дүкен сатып алып, тікелей саудамен айналысады. Ол – Әзірбайжан халқының мұнай өндірген ең алғашқы өкілі. 1870 жылы Тағиев екі қазандығы бар зауыт салады. Сөйтіп керосин өндіре бастайды. Араға екі жыл салып жинаған барлық ақшасын толығымен мұнай өндіруге жұмсайды. Алғаш рет мұнай бұрғысын орнатады. 1897 жылы мұнай өндірумен айналысатын жекеменшік фирма ашады.
Тағиев ХХ ғасырдың басында тоқыма өнеркәсібімен де айналысады. «Хазар қоғамдық мануфактурасының» негізін қалайды. Жергілікті кәсіпкерлермен біріге отырып, 1914 жылы Баку коммерциялық банкін ашады. Банк басқармасының төрағалығына өзі сайланды.
1916 жылы Тағиевтің балық өнеркәсібі акционерлік қоғамы құрылады. Балық аулайтын кемелер сатып алып, балық өндірумен, консервілер жасауменде айналысады.

З.Тағиевтің Бакудегі үйі. Қазіргі көрінісі.


 

1917 жылдың соңында Тағиевтің жеке қаржысы 30 миллионды құрайды. Зейнел-Ғабиден Тағиев – Әзірбайжан халқының атымтай жомарты. Қайырымдылық істеріне қысқаша тоқталып өтер болсақ, Петербордағы мұсылман ғимаратына – 11 мың сом, «Святая Нина» орыс қыздар мектебіне – 5 мың сом, Кавказ бен Дағыстандағы мешіт жөндеу жұмысына – 5 мың сом, Бакудегі зиратты көркейтуге – 5 мың сом, Астрахань мешітін жөндеуге – 5 мың сом, Тегерандағы медресе құрылысына – 55 мың сом, «Сағдаат» мектебіне – 5 мың сом, жетім балалар мен аура және жесір әйелдерге – 8500 сом, коммерциялық училищелер мен мұсылман балаларының оқуына 50 мың сом, тағы да басқа толып жатқан қайырымдылық шаралар жасап отырған.
1911 жылы наурыз айының 16-сы Астраханьдағы Апресянц-Окур баспаханасынан «Қазақстан» деп аталатын газеттің тұңғыш нөмірі жарыққа шығады. Редакторы Елеусін Буйрин. Бұл газетті шығарушылар – Шәңгерей Бөкеев, Бақытжан Қаратаев, Ғұмар Қараш және тағы басқа қазақтың қамын жеген зиялы қауым еді. Ал демеушілік жасаған – Жетісу өңірінің түлегі Шәңгерей деген азамат. Ол алғашқыда газетке байғазы ретінде 500 сом берсе, кейін демеушілік мақсатында 1000 сом береді. Осы қаржыға қажетті әріптер сатып алынады. Дегенмен газеттің екінші санын шығаруға қаржы жетпейді. Міне, осы кезде редакция алқасы ақылдаса келе Бакуде тұратын мұнай алпауыты Зейнел-Ғабиден Тағиевтен көмек сұрауға мәжбүр болады. Ғұмар Қараш пен Елеусин Буйрин Бакуге аттанады. Бұл сапар жөнінде Ғұмар қараштың «Қазақстан» газетінің 1912 жылғы № 8 санындағы бас мақалада Бакуде З.Тағиев ашқан «Бакинское женское русско-мусыльманское Александровское училище» жөнінде түсінік берілген «Бақы» деп аталған мақаласы жарық көрген. Мақалада мынадай мәліметтер де бар: «Былтыр 1911 жылы зауза жұлдызының бас кезінде «Қазақстан» газетін атқа мінгізіп, адам ету қайғысында адамдар арасында етілген бір қаулы бойынша Алла деп аттанып, Бақы қаласындағы Зейнел-Ғабиден Тағиевті іздеп, елден екеу шықтық. «Еріккен екі тентек елден шығып кетті» деушілер көп болса да, шын тән көңілдерінен «қайырлы сапар тілеп, жеңіл барып, ауыр қайтқай» деп дұға етуші деп дұға тілеуші хайыр қуаттыларымыз болуын да білетін едік. Ақ ниетіміз құрметіне Алла тілегімізді оңғарып, барған қажымыз қош алды, «Қазақстанға» 1000 сом жәрдем берді, аталық сифатынан ағып шыққан сөздерін айтты... »
Соншама бай болғанымен, кірпіш қалаушы кезінен қалған балтасын жанына тастамайды екен. Өзінің үлкен сейфін ашқан сайын балтасы алдынан шығып, өткен өмірін есіне салады. Осылайша ол сабасына түседі. Өмірінің соңында көп қиындық көреді. Большевиктер зауыттарыңзы мемлекетке қайтар дейді. бар байлығы талан-таражға түсіп, жеке басына да қауіп төнеді. Бірақ өзі бір кездері ақша бөліп оқытқан жастардың бірі Нариман Нариманов ортаға түсіп, Мардакиянда тыныш өмір сүруіне жағдай жасапты. 1918-1921 жылдар арлығында Мұстафа Шоқайда Кавказда жүрді. Сол өңірдегі демократтық көзқарастағы азаматтардың бір бірімен байланысып отырғаны рас.
Зейнел-Ғабиден Тағиев 1924 жылы Бакудің маңындағы Мардакиян деген елді мекенде дүние салады. «Баку жұмысшылары» газетінде көңіл айту жарияланып, қазанама басылады. Талай игі істің басынада жүріп, қамқорлық көрсеткен қария 101 жасқа қараған шағында өкпесіне суық тиіп қайтыс болды.

Мәліметтер Қ.Бегмановтың «Мұстафа Шоқай жолымен» атты кітабынан алынды

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста