Абайдың бесінші ұрпағы баспанаға зәру

Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл Абай ұрпақтарына мемлекет есебінен қамқорлық жасау керектігін айтып дабыл қағуда. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтен осыны сұрап, Смайыл мырза Абай ұрпақтарына баспана беру туралы ұсыныс жасады. Расында, қазақтың ұлы ақыны хақында әңгіме болғанымен, оның ұрпақтары туралы бүгінде көп айтыла бермейді. Бақсақ, ұлт руханиятының көшбасшысы болған хәкімнің ұрпақтары қазір онға жетпейді екен. Бүгінде Алматыда тұратын Абайдың бесінші ұрпағы баспанасыз жүргенін айтып қалды депутат.

Халық қалаулысы осыны депутаттық сауалына желеу етіп, Үкімет басшысына үш бу хат жолдады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа көрсетілген құрмет шексіз. Елімізде жоғары оқу орындары, мектеп пен көше, даңғылдар аудан мен қала аты ақынның есімімен байланысты. Оған қойылған ескерткіш Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түркия, Өзбекстан секілді елдерде бой көтерді. Шығармашылығы туралы әңгіме бөлек. Өлеңдері шет тілдеріне аударылып, оннан астам тілде кітабы жарық көрді. Осыдан екі жыл бұрын Мәскеу жұрты Абайды өз бетінше ұлықтап, оппозиция белсенділері қазақ ақынының өлеңдерін оқып, кітабын іздеп жүріп сатып алғанын ұмыта қойған жоқпыз. Ендігі кезекте ұлы ақынның ұрпақтары туралы әңгіме қозғау өзектігі айналыпты. Рас, кеңестік кезең орнаған соң Абай ұрпақтары қуғын көрген. Атылғаны атылып, тірі қалғандары түрмеге түсті. Қырғыннан аман қалғандары майдан даласына аттанды. Соғыстан тірі қайтқаны Мағауиядан тарайтын Ишағы деген шөбересі ғана екен.

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Белгілі жазушы Медеу Сәрсеке «Ақын трагедиясы» деген мақаласында Абай әулетінің келешегіне алаңдаушылық білдірген еді. Бүгінде ақын ұрпақтарынан арамызда жүргені – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған Ақылбайдың балалары ғана. Ақылбайдан Әлімқұл, одан Бағыфур туады. Сол Бағыфурдың баласы Ақылбаев Айдар мен оның жалғыз ұлы қазір Алматы қаласында тұрады. Данияр Абай ақынның бесінші ұрпағы. Кезінде Ленинградтағы гидрометеорологиялық институттың мұхиттану мамандығын бітіргенімен, жұмыс табылмай Маңғыстаудағы мұнай компанияларының бірінде еңбек етеді. Алматыда тұрады. Депутат сауалға өзек болған Абайдың бесінші ұрпағы «Еңлік-Кебек», «Медғад-Қасым», «Абылай» поэмаларын жазған Мағауияның немересі Ғазел Жағыпар қызы өмірден озарының алдында өзінің екі бөлмелі пәтерін мұраға қалдырыпты. Қазір сонда тұрып жатса керек.

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Абайдың Ақылбайдан тарайтын төртінші ұрпағы Даниярдың әкесі Айдос Ақылбаев та Алматы қаласында тұрады. Бірақ баспанасыз. Қазақ халқына рухани тұғыр болып келе жатқан, бола да беретін данышпанның ұрпақтары мемлекеттің қамқорлығына бөленуі тиіс. Мұны ел азаматтары бізден бұрын да ойлаған. Қазақ КСР-інің 1945 жылғы 15 тамыздағы қаулысында Абай есімін мәңгілікке қалдыруға арналған. Онда ақынның 100 жылдығын жоғары деңгейде атап өту ұйғарылып, сол кездегі көзі тірі ұрпақтары Исрайыл Ақылбайұлы, Ғазел Жағыпарова, Уәсилә Жақыпова, Ақылия Оразбаева, Кәмила Оспанова, Бибі Ысқақоваға 500 рубль көлемінде дербес зейнетақы тағайындалған еді. Соғыстан кейінгі уақытта ақынға көрсетілген құрмет айтуға тұрарлық. Оның ұрпақтары да сол шапағатқа бөленгені белгілі. Ендігі кезекте бүгінгі ұрпақтарына мемлекет есебінен көмектесіп, Айдар Ақылбаевқа баспана беру бірден қабылдауға лайық шешім. Кемеңгер ақынның ұрпақтарына құрмет көрсету көп ойлануды қажетсінбейтін шаруа екені анық. Премьердің атына бағытталған хатта ақын ұрпақтарының ахуалымен танысуды сұрап, көмектесу керектігін айтқан депутат ұсынысының соңы қалай болары әзірге белгісіз. Ең бастысы Алдан Смайыл мырза, осы сауал арқылы Үкімет басшысының қайраткерлік парасаты мен азаматтық ұлағатын сынауға бекінген секілді. «Өтініштің орындалатынына күмәнданбаймын» деп қайырды ол сауалын.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста