Абай елін туризм орталығына айналдыра аламыз ба?
Туризм саласын дамытып, сонымен күн көріп отырған елдер бар. Мәселен, Италияны алайық. Бұл елге жыл сайын 80 миллион турист келеді екен. Не үшін дейсіз ғой? Италияны көру үшін емес, Рафаэльдің, Микеланджелоның талантына бас иіп, олардың ғажайып өнерін, сәулетін көру үшін келеді олар. Келгенде де құр қол келмейді. Мемлекетке туристерден қомақты қаржы түседі. Яғни ұлттың құндылықтары өз ұлтына қызмет етіп отыр. Ұлттық жәдігерлер ұлттың игілігіне айналып отыр. Ал бізде ше? Біздің елімізде мұндай құндылықтар жоқ па? Әлде қолда бардың қадіріне жете алмай отырмыз ба?
Бала Абай мен Зере әжеге ескерткіш қою қажет
Осыдан біраз уақыт бұрын «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Жиһанкез» хабары-нан Моңғолиядағы Шыңғысхан ескерткі¬шін көрсетті. Алып ескерткіш екен. Алыстан қарасаң, құр ескерткіштің өзі тұрғандай көрі¬неді. Сөйтсек, әлгі алып ескерткіштің асты керемет мұражай екен. Моңғол тари¬хынан, Шыңғысхан өмірі мен жорықта¬ры-нан сыр шертетін. Ол жерде қонақ үй де, мейрамха¬налар да бар. Яғни ке¬лу¬¬ші¬лерге барлық жағдай жасалған. Әлгі кешеннің қызметкерлерінің айтуынша, Шыңғысхан-ның ескерткішін көруге әлемнің әр түкпі¬рінен туристер көп келеді екен. Мұны неге айтып отырмыз? Мұндай еңселі ескерткіш¬тер¬ден, құнды жәдігерлерден біздің ел де кенде емес. Бір ғана Жидебай¬дағы Абай¬дың мұражай-үйінің өзі неге тұрады? Этно¬туризмді дамыту туралы жиі айтамыз. Нағыз этнотуризмге сұранып тұр¬ған жоқ па Жидебай?
Жидебай демекші, белгілі ғалым, се¬на¬тор Ғарифолла Есім осыдан бірнеше жыл бұрын Жидебайдың басына мұнда келіп-кетушілерге арнап қонақ үй тағы бас¬қа тұрмыстық қызмет көрсету орталық¬тарын салу қажет деген мәселе көтерген болатын. Ғалым сонымен қатар Абай ауданына бара жатқан жолдағы Күшікбай кезеңіне Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі басты кейіпкер Ғазиза¬ға, ұлы Абайдың сүйікті жары Әйгеріммен алғаш кездескен жер Шілікті кезеңге және Жидебайдың басында бала Абай мен әжесі Зереге арналған ескерткіштер қо¬йыл¬са деген ұсыныс айтқаны есімізде. Орын¬ды ұсыныс. Оңды идея. Бірақ осы идея қалай жүзеге асып жатыр? Мән-жай¬ды білмек ниетпен ғалымның өзіне хабар¬ластық.
– Мұндай ұсыныстардың барлығын айтқаным рас. Алайда «Ғазизаға ескерткіш қоюдың қажеті жоқ» деп қарсы шыққан азаматтар болғаннан кейін бұл істі сәл кейінге шегердік. Ұлы Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасының басты кейіпкері Ғазизаға ескерткіш не үшін қажет? Әуезовтің Ғазизасына ескерткіш орнатсақ, бүгінгі Ғазизалар деген идея шығады. Қыз балаға қамқорлық деген идея шығады, – дейді Ғарифолла Есім.
Осылай деген ғалым бұл істің тоқтамай¬тынын, жаз шыға «Ғазиза және Ғазизалар» деген тақырыпта ақындар айтысын ұйым¬дас¬тырып, содан кейін Ғазиза бейітінің басына белгі қойып, кейінірек қаржының ретіне қарай Ғазизаға ескерткіш орнатуға ниетті екендігін жеткізді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Жидебай¬да мәдени-туристік кешеннің құрылысы басталған-ды. Алайда жергілікті жердегі бірқатар адамдардың қарсылығынан кейін кешен құрылысы тоқтатылған болатын. Сенатор Ғарифолла Есім мұндай қызмет көрсету кешені міндетті түрде болуы ке¬рек¬ті¬гін айтады.
Жидебайға мәдени-әлеуметтік кешен салу мәселесін Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының директоры Жандос Мағазбекұлы де қуаттайды.
– Әрине, бізге жан-жақты «сервис» қа¬жет. Бірақ оның тура Абай кесенесі немесе Абайдың мұражай-үйінің қасында болуы міндетті емес. Біз Ресейдің қорық-мұра-жай¬ларына барып, арнайы көрдік. Олар тарихи ерекшеліктерді сақтауға тырысады. Қонақ үй, конференция залдары мұражай ғимараттарына тым жақын орналаспайды. Біз де осы жағын ескеруіміз керек, – дейді ол.
Айтпақшы, мұражай директорының аузы¬нан жағымды жаңалық естідік. Жиде¬бай басындағы талай жылдан бері құры¬лысы тоқтап тұрған мәдени-тұрмыстық ке-шеннің құрылысы жалғасатын болып¬ты. Кешен сот шешімімен қорық-мұражай¬дың қарамағына өткен және аяқсыз қал¬ған істі құрылыс компаниясы өз мойнына алыпты.
Есті ел ескерткіштерімен де мақтанады. Әсіресе Батыс елдерінде ескерткіштерге ерекше мән береді. Ұлттық құндылық ре¬тінде бағалайды. Сол ұлтты әлемге таныт-қан жазушыларының тұрған үйін былай қойғанда, шығармаларындағы кейіпкер-леріне, тіпті, керек десеңіз, бір барып, ас ішкен жеріне дейін құрметтеп белгі қояды, ескерткіш орнатады. Мәселен, Ресейде Пушкиннің күтушісіне ескерткіш орнатыл-ға¬нын естідік. Ал бізде ше? Басқасын айт¬пағанда, қазақты әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтің кейіпкерлеріне қаншалықты құрмет көрсетіп жүрміз?
Өкініштісі, әзірге тек жалаң жоспарлар¬дан әріге аса алмай отырған секілдіміз. Орынды ұсынысты қолдайтын, жүзеге асыруға ниетті жан аз.
Жандос МАҒАЗБЕКҰЛЫ, Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының директоры:
– Абай ауданына баратын жолдың бойында бірегей тарихи орындар же¬тер¬лік. Сол тарихи орындарға, шы¬нын¬¬да да, Әуезовтің «Абай жолы» рома¬нын¬дағы кейіпкерлеріне болсын, ұлы Абай төңірегіндегі тарихи адам¬дарға болсын ескерткіштер қойылып жатса, артық етпейтіні анық. Жидей¬бай¬ға жет¬кен¬ше жұрт ескерткіштерді көріп, ұлы¬лар елінің тарихына қаны¬ғып, тереңіне бойлап, үлкен әсермен барып жатса қандай ғанибет? Әрбір кезең, әрбір бұлақтың өзінің тарихы бар. Әйгерім бұлағы дейміз. Ұлы Абай Әйгерімге алғаш сезімін білдірген Шілікті кезеңде Әйгерімге бір ескерт¬кіш қойылса айып па? Айып емес. Осы ретте бір тілегім, егер ескерт¬кіштер қойылар болса, әрқайсысы жеке-жеке болмай, симфо¬ниялық тұрғыда жа¬сал¬са нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын. Ол үлкен бір композиция бола ма, мүсіндер бола ма? Ең басты¬сы, көркемдігі мен мәні бұзылмаса болғаны.
P.S.
Ұлылар туған өлкені ұлықтау, өскелең ұрпаққа насихаттау – қай-қайсымызға болсын парыз іс. Тек қасиетті мекен қасиетінен айырылмаса болғаны.
«Алаш айнасының» мұрағатынан