Жазушы Аягүл Мантайдың кітабы жарық көрді

Жазушы Аягүл Мантайдың кітабы жарық көрді

Бүгін Жазушылар одағында өткен дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы барысында былтыр өмірден өткен жас жазушы Аягүл Мантайдың «Уақыттың көз жасы» атты кітабының тұсауы кесілді.
 
 
Аталған жиын 2021 жылы өмірден өткен ақын, жазушыларды еске алумен және бір минуттық үнсіздікпен басталды.


Жиын барысында Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет былтыр өмірден баз кешіп, бақилық болған жас жазушы Аягүл Мантайдың шығармаларын кітап етіп шығарғандарын мәлімдеді.


Былтыр Аягүлді Жазушылар одағына мүшелікке неге алмағансыңдар, деген айыптау сұрақтары болды. Бірақ ол құжат өткізіп, мені мүшелікке қабылдаңдар демеген. Дегенмен газетте жүргенде жрлын ашып, көмектестік. Әділ қазылар құрамында болғанда оның «Серпер» сыйлығын алуға ықпал еткенмін. Оның өмірден өтіп кететінін ешкім ойлаған жоқ,-деді ол.

Сонымен қатар ол Аягүлдің шығармаларын жинауда тергеуге байланысты біраз қиындық болғанын атып өтті.

Тергеу болғандықтан оның компьютерін тексеруге алып кетіпті. Соның бәрін күтіп, ақыры жиынап шығардық. Бұл іс бойынша Қасымхан Бегмановқа тапсырма бердім, ол Аягүлдің шығармаларын жинақтап, өз қаржысына басып шығарды. Аягүлді оқырмандары, қаламдастары іздейді ғой, сондықтан меценаттық танытқан азаматтарға ризашылығымды білдіремін,-деді Ұлықбек Есдәулет.
Айта кетсек, жазушы Аягүл Манта былтыр 29 шілдеде Түркістан облысында өз үйінде қайтыс болған еді.  Оның 2006 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» және 2019 «Жүрекке оралу» атты қос кітабы жарық көрген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста