ЖАЗДЫҢ СОҢЫН БОДРУМДА ӨТКІЗІҢІЗ

ЖАЗДЫҢ СОҢЫН БОДРУМДА ӨТКІЗІҢІЗ

Түркияның ең тартымды мекені –  Бодрум жаздың соңғы айында туристерді күтеді.

Түркиядағы жазғы демалыстар туралы айтатын болсақ, ең тартымды бағыттардың бірі – Жерорта теңізі мен Эгей теңіздерінің түйіскен жерінде орналасқан Мугланың таңғажайып аймағынлағы Бодрум. Бодрум өзінің таңғажайып табиғатымен және көрікті жерлерімен жыл сайын миллиондаған туристі қарсы алады. Бодрумның тіршілік қыз-қыз қайнаған түнгі өмірі,толқыны тулаған көк теңізі және круиздерден бастап дайвингке дейінгі түроі қызық шаралары кез келгенге тамаша демалыс сыйлайды. Мұндайда  мейрамханалардағы түрік және әлем тағамдарының тамаша дәмі туралы айтпау мүмкін емес.

Көгілдір теңіздегі ерекше шытырман оқиғалар
Орманды пейзажы бар әдемі бухталар, алтын құм, Көк жалаулы жағажайлар және мөлдір сулар Бодрумның ерекше белгілерінің бірнешеуі ғана. Бұл көркем аймақтағы әрбір жол әдемі шығанаққа апарады. Көптеген жағажай клубтарының бірінде сіз Бодрумның Гүмбет, Битез және Түрікбүку сияқты әйгілі жағажайларында күн мен керемет ауа-райында ләззат ала отырып, теңіздің саф ауасынан ләззат аласыз. Теңіз үстіндегі саяхатымен әйгілі Бодрум жыл сайын түрік гулеттері мен яхталарымен сұлулығына көз тоймайтын көгілдір шығанақтарын жағалай жүзіп өтеді. Гүмүшлүк, Битез, Яликавак, Аспат, Ценнет және Иассос шығанағы – ең танымал көк круиздік шығанақтардың кейбірі. Сондай-ақ Бодрумның көркем порттарының бірінде қайықты арқандап қойып, қаланы аралауға мүмкіндік бар.

Сәнді тұрғын үй таңдау

Бодрумда әлемдік деңгейдегі 5 жұлдызды қонақүйлер мен тамаша жайлы мекендер көп.  Ірі халықаралық қонақ үйлерден бастап түрік қонақ үй желілері мен бутик қонақүйлерінен, сәнді курорттарға дейін Бодрум теңдесі жоқ мүмкіндіктерге ие. Заманауи жабдықтармен, VIP қызметтерімен және СПА, жеке жағажайлар және бассейндер т.б. Бодрум қонақүйлеріне келушілерді талғампаз және жайлы бөлмелер күтеді. Сонымен қатар, әлемге әйгілі көптеген мейрамханалар Бодрумдағы люкс қонақүйлерде орналасқан.

Түрік халқының аспаздық аялдамасы
Бодрум түрік асханасының молшылығын аймақтың бай және дәмді аспаздық мәдениетімен дастархандарында көрсетеді. Бодрум жаңа піскен шөптер, теңіз өнімдері мен Эгей деликатестері ұсынатын шынайы мейрамханаларымен, сондай-ақ әлемдік асхананың ең жақсы үлгілерін ұсынатын қоғамдық тамақтану орындарымен танымал. Бодрум Измирмен бірге Эгей және Жерорта теңізі тағамдарымен осы жылы Түркияның Мишелин гид картасының ең жаңа бағыттарының бірі болады. Бодрумдағы Мишлин жұлдызды мейрамханалар 2023 жылдың 9 қарашасында Ыстамбұлда өтетін арнайы рәсімде жарияланады. Өзіңіз таңдаған мейрамханалардың бірінде түскі ас ішіңіз және Бодрумдағы Күннің ббатуын тамашалаңыз. Естен кетпес естелік болары анық.

Өткенге тарихи саяхат
Бодрум – көне жәдігерлер, ескерткіштер мен тарихқа толы тар көшелерімен ашық аспан астындағы мұражайды еске түсіретін сиқырлы орын. Толқындары аспанмен астасқан мөлдір теңізі, әдемі жағажайлары және тарихи ескерткіштері туристерге ұмытылмас сапар сыйлайды. Бодрум тарихтағы Кария, Парсы, Грек, Рим, Шығыс Рим және Осман империялары сияқты әртүрлі өркениеттердің куәсі болды. Бұл дәуірлердің негізгі қалдықтары қалада да кездеседі. Родос рыцарлары 15 ғасырда Бодрум қамалын салды және қамалда орналасқан Бодрум су асты мұражайы Бодрумның тарихи құндылығын жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін орындардың бірі. 1995 жылы Еуропаның «Жыл мұражайы» жүлдесін алған мұражайда Түркияда табылған кемелер сынды көптеген жәдігерлерді тамашалауға болады. Бодрумды көзбен көру керек.


 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста