Жазасын өтеушілерге тегін заң көмегі көрсетілді
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығы бар тұлғалар оның ішінде соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қоғау және білдіру түріндегі, сонымен бірге, ҚР қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен заң көмегін беру талабы көрсетілген.
Осыған орай, адвокаттардың тегін заң көмегін оның ішінде құқықтық кеңес беру қызметін көтеру мақсатында түзеу мекемелерінде жаза өтеушілерге адвокаттар тарапынан мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мақсатында Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Косымбаев Айбар Сундетович Атырау облысы ҚАЖ Департаментінің №15 мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.
Кездесу барысында жаза өтеушілерді жеке қабылдап, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап беріп, құықтық кеңестерін беріп, осындай кездесулер әр аптаның сәрсенбісі өтетінін айтып өтті.
Байжанов Р.Б., САТжӘПЖ бөлімінің бастығы, әділет капитаны