«Жасыл даму» орман өртіне жол бермеуі тиіс

«Жасыл даму» орман өртіне жол бермеуі тиіс

Соңғы бес жыл көлемінде республикамыздағы орманды алқаптардың аумағы күрт азайған. Мәселен, 2005-2007 жылдары орман өрттерінен 69 мың гектар алқап жанып кетіпті. Биылғы жазда да нулы жерлердің тілсіз жаудың шырмауынан шыға алмағаны белгілі. Кеше Алматыда өткен ТМД Орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында орман алқаптарын қорғауға бағытталған жұмыстар талқыға салынды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ма­мандарының мәліметінше, биыл көр­шілес Ресейде болған табиғат өрттері елімізбен шекаралас аймақтардағы ор­ман­дарға зиянын тигізбей қойған жоқ. Осыған байланысты өткен аптада ел Үкіметі 2011-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Ормандарды қорғау, оларды тиімді пайдалану мен санын көбейтуге бағытталған жоба барысында далалық жерлерде санитарлық-қорғаныш аймақ­тары құрылып, ормандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылмақ. Дәлірек айтқанда, еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында ормандар жасақталып, Арал маңында сексеуілді алқап отыр­ғызылады. Елорда маңындағы орманды алқап аумағын 85 мың гектарға дейін жеткізу жоспарда бар. Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында орман авиацияларын күрделі жөндеуден өткізіп, өрт сөндіру техникаларын көбейту де қарас­ты­рылған.
Ерлан НЫСАНБАЕВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы:
 – Еліміздің орман шаруашылығы өрт сөндіру машиналарымен бар болғаны 65 пайызға қамтылған. Арнайы техникалар саны одан да аз. Мұның орман алқаптарын тілсіз жаудан сақтауға қауқары жетпейді. Сол себепті осындай қажетті техникалар санын көбейтіп, өртке қарсы қызметті жыл бойы жұмыс кестесіне көшіру бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Тіпті орман өрттерін бақылау мұнараларын орнату да көзделген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста