Жасанды кірпік жасайтын қазақ қызы Омбының супер келіні атанды

Жасанды кірпік жасайтын қазақ қызы Омбының супер келіні атанды

 27 жасар қазақ қызы Альбина Тагоева Омбы облысының супер келіні атанды. Қыз-келіншектер арасында жоғары сұранысқа ие дәстүрлі байқауды ұйымдастыруға «Омбы қазақтары» қоғамдық қоры мұрындық болған, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Отбасылық байқауға 25-33 жас аралығындағы келіншектер қатысты. Бақтарын сынағандардың қатарында қазақ, татар, орыс, неміс, казак, грузин және татар ұлттарының өкілдері болды. Супер келін байқауы алғашқы жылы қазақ келіндері арасында болса, биылғы жылы ұлтаралық мәртебеге ие болған.

«Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымының төрайымы Торғын Әшенованың айтуынша, шараны ұйымдастыру жас отбасылар арасында ажырасу оқиғаларын азайту, ұлттық құндылықтарды сақтау және ұлтаралық бірлікті насихаттау мақсатын көздейді. Игі мақсаты бар жоба Бүкілресейлік гранттар байқауында жеңіске жетіп, кеңінен қолдау тапқан.

«Жоба авторы - екі баланың анасы, психолог-маман Ғалия Шадиярова. Омбы облысында 100 некеге 60 ажырасудан келеді екен. Белсенді азаматты бұл жайт алаңдатпай қоймады. Психолог, сонымен қатар, қоғамымыздағы «әлеуметтік жетімдіктің» белең алып бара жатқанын қадап айтты. Көптеген отбасыда жылулық, ерлі-зайпытылар арасындағы сыйластықтың жоғалып бара жатқанын жеткізді», - дейді Торғын Әшенова.

Алдымен қатысушылар үш айлық «келіндер мектебінде» білімдерін жетілдірді. Олар 90 күн бойы аспаздық шеберлік, сымбатты жүріс, сахналық өнер сияқты бағыттар бойынша білімдерін шыңдады. Сұлулық шеберлік-сағаттары ұйымдастырылды, сонымен қатар, отбасын сақтап қалу бойынша психолог мамандардың кеңесіне құлақ түрді. Іріктеуден 12 келіншек өтті.

Нәтижесінде жасанды кірпік өсіру шебері, өнерпаз Альбина Тагоева жеңіске жетті. Альбинаның әкесі – қазақ, анасы – орыс. Келіншек бойына қазақ-орыс мәдениетін сіңіріп өскен. Ал байқауда жолдасының мәдениетін паш етті.

«Менің ата-анам - құлағы естімейтін адамдар. Соғын қарамастан маған саналы тәрбие, сапалы білім берді. Осындай отбасында туып-өскендіктен, ымдау тілін жетік меңгергенмін. Біздің тату-тәтті жанұямыз – көпұлтты. Әкем – қазақ, анам орыс болса, жолдасым – тәжік ұлтының өкілі. Шынымды айтсам, Тәжікстанда тұратын енем мені қабылдамай жүрді. Алайда байқауға қатысқанымды көріп, көзқарасын өзгертті. Бұл байқау өміріме оң өзгерістер әкелді. Тіпті, Тәжікстаннан тәжік ұлттық киімін жолдады», - дейді Альбина.

Байқау жеңімпазына қолдан жасалған тәж бен 10,5 мың рубльдің сыйлағы табысталды.

Айта кетейік, бүгінде Омбы облысында 80 мыңнан астам қазақ тұрады. Қандастарымыз ұлттық құндылықтарын дәріптеп, ана тілдерін меңгеруден қол үзбеген.


Baq.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста