«Үсік жүреді»: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
"Қазгидромет" синоптиктері 28 мамырда бірнеше өңірде найзағай ойнап, жел тұратынын, кей өңірде бұршақ жауатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 28-29 мамырда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 28-29 мамырда облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с. күтіледі. Облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Алматыда 28 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с.