Ұйғыр ауданында қыруар қаржы бөлген спорт-сауықтыру кешені құлай бастады

Ұйғыр ауданында қыруар қаржы бөлген спорт-сауықтыру кешені құлай бастады

Миллиардты та маңдытпады. Алматы облысында осыдан төрт жыл бұрын бюджеттің 1 миллиард 98 миллион теңгесіне салына басталған спорттық-сауықтыру кешеніне Ұйғыр ауданының тұрғындары әлі күнге дейін кіре алмай жүр. Өйткені нысан құрылыс бітпей жатып құлай бастаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 
Сөйтсе жобалаушы компания қателік жіберген, ал құрылыс компаниясы жұмысты сапасыз жүргізгенімен қоса, жобадан ауытқып кеткен. 2021 жылы екі компания да әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ құрылысты қадағалау керек болған мамандар да айыппұл арқалады. Қазір нысанның тек 45 пайызы аяқталып тұр. Енді қыруар қаржы кетіп, жарты жолдан тоқтап қалған дене шынықтыру-сауықтыру кешені қашан ашылады? Шелектің ішіне тас салып бірнеше мәрте көтеру Айдос Сұлтановтың балаларына үйреншікті жаттығу. Өзінің жаны спортқа жақын болғасын, ұлдарының да мығым болғанын қалайды. Осыдан 4 жыл бұрын дәл үйінің жанындағы спорттық-сауықтыру кешені соғыла бастағанда жігіт ағасы қатты қуанған еді. Бірақ құрылысы бітпей жатып құлап қалған соң, балаларына темір-терсектен батпантас, белтемір жасап қойған. Қазір бес ұлы осы құралдармен жаттығып жүр.

«Үмітіміз мол еді. Жаңа мамандар келеді деп естідік. Жақсы-жақсы жоғары деңгейлі мамандар келеді деп естідік. Салынған кезде қуанғанбыз. Балаларымыз сол жерге барып, денесін шынықтырып, республикада, дүниежүзінде өнерін көрсетеді деп үміттенгенбіз. Құлады да, арты жоқ болды», - дейді Шонжы ауылының тұрғыны Айдос Сұлтанқұлов.
Расында да құрылысы сонау 2019 жылы басталған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің сиқы мынау. Құжат бойынша нысанға бюджеттің 1 миллирдтан астам теңгесі жұмсалады деп көзделген. Оның 750 миллионға жуық теңгесі төленіп те қойыпты. Бірақ бір жылға жетпей, ғимараттың құрылымдары құлай бастаған. Арада бақандай үш жыл өтсе де, құрылыс әлі тоқтап тұр. Аудандағы атқамінерлердің сөзінше, осы сауықтыру орталығының құрылысы биыл қаңтар айында басталуы керек еді. Алайда біз бұл жерден күзетшіден басқа бір тірі жанды таба алмадық. Айнала тым-тырыс, нысан сол қалпы тұр. Ұйғыр ауданының шенділерінен мардымды жауап ала алмадық. Тапсырыс беруші Алматы облысының құрылыс басқармасы екен. Олардың айтуынша, жобалаушы компаниямен қоса, құрылыс компаниясынан да қателік кеткен.

«Зерттеу нәтижесі бойынша жобалаушы компания «Жезқазған проект» компаниясы және мердігер «Лидер-НК» компаниясы. Жобалау компания тірек құрылғыларын жобалаған кезде есептен қателік кеткен. Ал мердігер компания жұмысының сапасы төмен болған. Тірек құрылғыларының жобаға сәйкес жасалмаған», - деді Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы Сапар Нұрашев.
Айтуынша, мердігер компанияның қыруар қарызы болған. Жосықсыз құрылыс компаниялардың тізіміне де енген екен. Сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешені бойынша сол кездегі құрылыс басқармасының орынбасары жауапқа тартылған. Кейін тіпті жұмыстан босатылыпты.

Енді әкімдіктегілер конкурс өткізіп, жаңа құрылыс компаниясымен дене шынықтыру және сауықтыру кешенін келесі жылы толық бітіреміз деп сендірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста