Түркістан облысында полицейлер парасаттылыққа тексерілуде
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Сапардың төрағалығымен маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды. Онда ішкі істер органдарының жұмыс ерекшеліктерін ескеріп, парасаттылыққа, одан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға тексеру жобасы айтылып, талқыланды.
Жалпы парасаттылыққа тексеру – мемлекеттің, ішкі істер органдары имиджінің жоғарылауы мен халықтың билікке деген сенімін арттыруға септігін тигізбек. Осы ретте жиынға қатысқан жеке құрамға Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша парасаттылыққа тексерудің жеке құрамға арналған жадынамасы таратылды.
Полиция полковнигі Б.Сапар: «Құрметті әріптестер! Сіздердің әрқайсыңыз халықпен тығыз байланыста болғандықтан, парасаттылық үлгісін қалыптастыру керексіздер. Ал бұл қызметтеріңіз әрдайым бақылауда. Яғни патрульдік, ювеналдық, көші-қон саласы, учаскелік полиция пунктері, кезекші бөлімдер және т.б. барлығы тексерілетін болады. Ол жерде қызметкерлердің сыпайылығына, азаматтармен қарым-қатынасына, ең бастысы азаматтардың өтініштеріне жедел түрде іс-әрекет етулеріне басымдық беріледі.
Сонымен қатар, қызметкерлердің сыртқы келбетіне, материалдық-техникалық жабдықталуы, қызметтік планшеттерді, бейне тіркегіштерді және қызметтік автокөліктерді мақсатты пайдаланулары да тексерілетін болады. Сондықтан талапқа сай қызмет етіңіздер!»-деп жиынды қорытындылады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі