Самал Саматованың тұңғышы – 10 жаста ғана болса, кішісі 1 жастан енді асқан. Күнделікті күйбең тіршілік пен бала күтіміне қарамастан астаналық ару өз сымбатын сақтап қалған.
"Мен фитнеске баруды бірінші баламнан кейін-ақ әдетке айналдырдым. Сосын дұрыс тамақтанамын. Түске дейін ауыр тағамдармен тамақтансам, кешке таман тек жеңіл тағамдарды жеуге тырысамын. Адам өз-өзіне қараймын десе, бәріне де уақыт табуға болады", - дейді жас ана.
Бүгінде жұмысымен бірге ол желі арқылы бизнес жасап, табыс тауып та үлгеріп отыр.
"Табысым өзіме және балаларыма жетеді. Жолдасым да жұмыста. Балаларымды күнделікті мектепке, балабақшаға апару менің мойнымда. Үйдің де, түздің де жұмысына үлгеруге тырысамын. Меніңше әр жас ана өзіне аз да болса уақыт таба білу керек. Себебі, әйел адамның денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы болса, отбасының да берекесі кетпейді деп санаймын", - дейді астаналық келіншек.