Теңгенің рубльге қатысты бағамы бұрынғыдай болмайды: Ұлттық банк себебін түсіндірді

Теңгенің рубльге қатысты бағамы бұрынғыдай болмайды: Ұлттық банк себебін түсіндірді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қазіргі жағдайда теңгенің рубльге қатысты бағамы не себепті бұрынғы деңгейде қалмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз сауда байланыстарына қарамастан, қазіргі жағдайда екі елдің валютасына бірдей салмақ түсіп тұрған жоқ. Ресей рублі қиын жағдайға тап болды. Ал теңгеге ондай қысым жасалмады. Сол себепті теңге мен рубльдің бұрынғы бағамы негізсіз.

"Біз Ресей Федерациясының валюта нарығындағы құбылмалылықтың біздегі валюта нарығына қарағанда бірнеше есе жоғары екенін көріп отырмыз. Оны рубль құнының төмендеуінен анық байқауға болады. Ал бір рубль үшін 5-6 теңге аралығында бұрыннан қалыптасқан теңге/рубльдің тарихи бағамы жаңа шынайылықты көрсетпейді және елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты теңгенің рубльге қатысты қандай да бір тарихи бағамына бет түзеу негізсіз", - дейді Молдабекова.

Төраға орынбасары қазіргі жағдайда теңгенің серпіні рубльдің жай-күйіне байланысты болмайтынын ерекше атап өтті. Сол себепті халық орынсыз дүрбелеңге салынбауы қажет.

"Нарықтағы белгісіздік жағдайында орынсыз үрейленбеуге және шетел валютасын сатып алуда саралы шешім қабылдауға кеңес береміз. Ұлттық банк нақты уақыт режимінде әлемдегі жағдайды қадағалап отырады және жағымсыз сценарийлер іске асырылған жағдайда ішкі қаржы нарығындағы тұрақсыздықтың алдын алу үшін барлық қажетті құралдарға ие болып қалады", - деп атап өтті Молдабекова.

Ұлттық банк бұрынғыдай сыртқы нарықтардағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп, Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне әсер ету дәрежесін бағалайды. Қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға дайын.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста