Текеліде тербеліс тоқтамай тұр

Текеліде тербеліс тоқтамай тұр

25 маусым күні  19 сағат 41 минутта Алматы облысының Текелі қаласында тағы жер тербелістері сезілді. «Тербеліс күші MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балды құраған» деп Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлап отыр.

Сондай-ақ аталмыш министрліктің мәліметінше, жер сілкінісінен құрбан болғандар мен зардап шеккен­дер жоқ. Бұл жолғы К-8,8 энергетикалық класына жа­та­тын жер сілкінісі эпицентрінің координаты 44 градус 42 минут солтүстік ендік пен 78 градус 49 минут шығыс бойлықтағы Алматының шығысында 235 шақырым қашықтықта орналасқан.
 Естеріңізде болса, бұл ауданда жерасты дүмпулері бұған дейін де бірнеше рет тіркелген еді. Алғаш 14 мау­сым күнгі күші 6-7 балға тең болған зілзаладан 200-ден астам нысанға сызат түскен болса, одан кейін 18 маусым күнгі 3 балдық жерасты дүмпуі айтарлықтай зиян келтірмеген. Білім және ғылым министрлігіне қа­расты Сейсмология институты мамандары: «2009 жыл­дың 25 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Ал­ма­тының болжау полигоны аумағында шектелген коор­динаттар бойынша 42 градус 30 минут — 44 гра­дус 00 минут солтүстік ендік пен 75градус 00 минут — 80 градус 00 минут шығыс бойлықта күші Рихтер ба­ға­ны бойынша 5,5 балдан асатын жер сілкінісі бол­майды», — деп хабарлап отыр.
Ал осы мәселе бойынша газетімізге түсініктеме бер­ген Сейсмология институтының директоры Таңат­қан Абақанов: «Қазіргі таңда жер сілкінісінің алдын алу шараларымен кеңінен айналысып жатырмыз», — деп жауап берді.
Бір айда бірнеше рет жер сілкінісі тіркелген Текелі қа­ласында зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде. Сондай-ақ облыс басшылары аудан тұр­ғын­дарына жәрдем берем деушілерге арнайы есепшот ашқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста