Шымкенттегі құрылыс алаңында кран құлап кетті
Шымкенттегі құрылыс алаңына үлкен кран құлап кетті. Каранның құлаған видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шымкенттегі өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.
"2021 жылы 12 наурызда, сағат 10.00-де, Шымкент қаласындағы Бәйдібек би мен Көшерова көшелерінің қиылысында орналасқан "Ер-Наз 7" ЖШС-нің құрылыс алаңында мұнара кранын орнату кезінде оқыс оқиға орын алды. Монтаждау кезінде мұнара кранын ұстап тұратын кабельдің сынып, кран құлап кеткен. Нәтижесінде кранның бір бөлігі салбырап кетті", - деді департаментте.
Ресми ақпаратқа сәйкес, мұнара кранын "Отау-Строй" ЖШС жалдаған. Қаланың өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында атап өткендей, кран қабылдау сынақтарынан өтпеген, іске қосылмаған. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға болған жерді анықтау барысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жұмыс істеуде.