Видеода Мұрат Оспановтың аса қымбат мейрамханалардың бірінде өзін жаман сезініп, талып қалғаны көрініс тапты.
Түңгі клуб күзетшілері шенеуікті би алаңынан алып кетіп, жерге құлатқан. Алайда, оған қарамастан қайтадан аяққа тұрған Оспановтың мұрнынан бірден қан кетті. Оны бейнежазбада анық байқауға болады.
Бұл оқиға жайлы шенеуіктің пікірі мынадай:
"Интернет желісінде 5 сәуір күні түңгі клуб ішінде түсірілген бейнежазба таралып кетіпті. Видеода мен өзімді жаман сезінген соң, мейрамхана қызметкерлері маған көмектескені көрініс тапты.
Мен өзімді жаман сезінгендіктен талып қалдым, артынша есімді жиып қайта тұрдым. Ал күзетшілер маған шулы жерден шығуға көмектескен.
Мен ешқандай құқықбұзушылық жасағаным жоқ, есірткі мен ішімдік атаулысынды қолданбағанмын. Алайда желі қолданушылары бұл бейнежазбаны қолданып, шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратып жатыр. Бұрмаланып кеткен ақпарат менің ар-намысым мен қызметтік беделіме кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті көпшілікті жалған ақпарат таратпауға шақырамын", - деп айтты шенеуік NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында.