ШҚО-да ер адамнан 50 түйіншек есірткі табылды

ШҚО-да ер адамнан 50 түйіншек есірткі табылды

Ол 10 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

ШҚО-да кезекті есірткі қойып кетуші «синтетика» партиясымен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының соңында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен қаладағы тұрақ орындарының бірінде облыс орталығының 49 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті азаматты тергеу барысында полицейлер оның есірткі сататын интернет-дүкеннің кепілгері болғанын анықтаған. Тінту барысында оның автокөлігенен скотчпен және фольгамен оралған 50 полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар салмағы 15,40 грамм «Альфа PVP» психотроптық заты және салмағы 18,60 грамм метикатинон психотроптық затының аналогы мефедрон екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста