Шетелдік көліктерді заңдастыру процесін қадағалау үшін Түркістан облысына ҚР ІІМ-нен өкіл келді

Шетелдік көліктерді заңдастыру процесін қадағалау үшін Түркістан облысына ҚР ІІМ-нен өкіл келді

Бүгін Түркістан облысына ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев жұмыс сапарымен келіп, шетелдік көліктерді тіркеу мәселесі бойынша тексеру жүргізді.
Өздеріңізге белгілі күні кешеден бері, елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау науқаны басталған еді. Осыған орай полиция полковнигі Қ.Сұлтанбаев, киелі өңірге арнайы ат басын бұрып, көліктерді тіркеу процесінің дайындығы мен алгоритмін бақылау үшін Түркістан қаласында орналасқан арнайы мамандандырылған ХҚКО барды. Сондай-ақ мамандандырылған ангарда Полиция департаменті қызметкерлерінің көлік құралдарын тексеруі мен халыққа қызмет көрсетуін бақылады. Өз кезегінде министрліктен келген өкіл: «Шетелдік көліктерді заңдастыруға келген тұрғындарға барынша жағдай жасау қажет. Олардың кезекте тұрып қалмауына, уақтылы қызмет алуына жұмыс жасаңыздар!»-деп атап өтті. Ақпарат ретінде айта кетсек, бір реттік акцияның бірінші күнінде 500-ге жуық өтініш тіркелсе, бүгін, яғни екінші тәулігінде түскі уақытқа дейін тағы да 100-ге тарта өтініш қабылданып, жалпы 14 тұрғын қазақстандық нөмір алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста