Сейсмикалық картамыз қартайыпты

Сейсмикалық картамыз қартайыпты

Кез келген сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылыс нысандары сол жердің сейсмикалық картасына сүйене отырып тұрғызылуы тиіс. Себебі ол картада жердің қыртысы, судың деңгейі мен сейсмикалық қабілеттілігі суреттеледі. Аталған құжат әрі кетсе 10-15 жылға жарамды, сондықтан міндетті түрде жаңартылып, жаңа мәліметтермен толығып отыруды талап етеді. Ал біздің елдің сейсмикалық картасы ескіргелі қашан?! Сондықтан соңғы жылдардағы құрылыс нысандары сейсмикалық картаға жүгінбей бой көтеруде. Ал сейсмикалық картаны жасауға қаржы қолбайлау болып отырған көрінеді.
Соңғы жылдарда құрылыс нысан­да­ры көптеп тұрғызылып жатқан Алматы қаласының сейсмикалық кар­тасы тым кө­нерген. Осыдан 30 жыл бұрын құрас­ты­рылған құжат қазіргі құ­рылыстың нор­ма­тив­тері мен стан­дарт­тарына мүлдем сәй­кес келмейді. Сол себепті бұл мәселе Алматы қаласында өткен құрылыс саласы мамандарының оты­ры­сында талқы­лан­ды. Жиында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агент­тігі, ҚР Ұлттық инженерлік акаде­мия­сы және Қазақ ғылыми-зерттеу және жоба­лау экспе­ри­менталдық сейсмикаға төзім­ді құры­лыс пен сәулет институтының ма­ман­дары Германиядан, Ресейден, Өз­бек­­­станнан және Тәжікстаннан келген әріптестерімен кездесті. Ғылыми кон­фе­рен­ция барысында Қазақстанның сейс­ми­калық картасын қайта құрастыру мәселесі қаралды. Мамандардың айтуы­на қарағанда, әсіресе Алматы қала­сының сейсмикалық картасын жасап шығару жұмыстарын жеделдету қажет.
Жалпы, сейсмикалық карта дегеніміз не? Мұндай құжатсыз тұрғызылған нысандар қаншалықты қауіпті ?
Таңатқан АБАҚАНОВ, Сейсмология инс­титутының директоры, техника ғылымының докторы, академик, ЮНЕСКО-ның жер сілкінісі жөніндегі сарап­­шысы:
– Сейсмикалық карталар – сейс­мо­тектоника, геология және гео­фи­зи­калық жағдайларды зерт­теулердің нәтижесіне сәйкес құра­лады. Бұл күрделі зерттеулер сейсмикалық ре­жим­нің тұрақтылық дәрежесін, сейс­микалық қозға­лыс­тардың белсенді өрістеу ай­мақ­тарын анық­тауға, сол қоз­ға­лыс­тардың бағыт-бағ­­да­рын нақтылауға пай­да­ланылады. Әдетте нақтылы бағытта созыла саға­ланатын жер сілкіну ошақ­та­рының терең­діктерін анықтау мен терең жары­лымдардың терең­дік­те­рін шамалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жер сілкіну ошақтарының динамикалық пара­метрлері тау жыныстарды дефор­ма­цияға ұшы­ра­татын күштердің мөлшері мен бағыт-бағдары жайлы мәліметтер бере алады. Бір сөзбен айтқанда, сейс­ми­калық картада тұрғызылатын ны­сан­ның жер сіл­кінісі ошағының үстіне орна­ласқан-орналаспағаны, ол жер­ге қанша қабатты тұрғын үйлерді тұрғызуға болатынына дейін көр­се­тіледі.

Сейсмокарта құрастырылмай, күдік сейілмейді
Қазақстандық сейсмологтардың айтуына қарағанда, бізге Орталық және Орта Азияның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің ғалымдары мен инже­нер­лерінің тәжірибелерімен бөлісу ауадай қажет. Сондықтан алдағы уақытта сейс­ми­каға төзімді құрылыс секторларын дамыту және ары қарай жетілдіру үшін өзге елдердің озық идеялары мен инно­вациялық технологияларының жайын тал­қылау үшін ғылыми-тәжірибелік оты­рыс­тар жиі ұйымдастырылып тұрмақ. Өйткені Қазақстанда бұл мәселеге көңіл бөлінбей отырған көрінеді. Сонымен қатар мамандар Алматы мен Алматы облысы, Жамбыл өңірлеріндегі жүргізіліп жат­қан құрылыс жұмыстарына да алаң­дау­шылық танытуда.
Өйткені бұл салада стандарттарға то­лық­тай сәйкес кел­мейтін қытайлық құры­лыс материалдарын пайдалану артқан. Сондық­тан құрылыс саласының мамандары жеке­меншік тұрғын үйлер мен ойын-сауық және сауда орталық­тарын, мешіттерді, сонымен қатар страте­гия­лық нысандарды да қатаң бақылау керек деген тоқтамға кел­ді. Оның ішінде мұнай және газ комплекс­тері, гидро­тех­ни­калық және тау-кен өндіру­ші, сондай-ақ атомдық нысандар бар.   
Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақановтың айтуынша,  Респуб­ликамыз бойынша ең қауіпті сейсмикалық аймақтар қатарына  Алматы, Алматы облы­сы, Шығыс Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстан өңірлері еніп отыр. Жалпы, мұн­дай аймақтарда құрылыс сейсмикалық картасыз жүргізілмеуі тиіс. Себебі сол құ­жат­та жердің қандай күшке төтеп бере алатыны көрсеті­леді. Яғни сейсмотұрақ­тылық толықтай зерттеледі. Қазіргі таңда Алматының сейс­ми­калық картасын жасау үшін қыруар қаржы қажет. Қала аумағының ұлғаюына байла­нысты картаны дайындау мерзімі де ұзарты­лады. Егер тиісті қаржы мемлекет тарапынан бөлініп жатса, сейс­микалық карта 2015 жылы дайын болмақ. «Бұл жөнінде құзырлы органдарға 14 жыл бойы айттық.  Тек Қа­зақ­­стан Республика­сының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берген тікелей тапсырмасы­нан кейін ғана биыл Алматы қаласының сейсмикалық микроаудандау картасын жасау жұмыстары басталғалы жатыр. Екінші күрделі мәселе – бүкіл Қа­зақ­стан Республи­касы территориясының жалпы сейсмикалық картасын құрастыру. Бүгінгі пайдаланып жүрген карта кеңес дәуіріндегі ескі әдісте­мелермен жасалған. Ол кезде еліміздің тер­риториясында толық зерттеулер де жүрме­ген. Соңғы кезде мұнай-газ, тау-кен өн­ді­ріс­терінің дамуына байланысты Қа­зақстандағы сейсмикалық қауіп те өрби түсуде. Сол себептен Қазақстан террито­рия­сының сейсмикалық аудандау картасын жасау көкейтесті мәселеге айналды. Бұл картаны халықаралық Еурокодқа сәйкес жасауға тиіспіз», – дейді Т.Абақанов.
Бірақ құрылыстағы қауіпсіздік мәселе­лері осы карталармен аяқталмайтыны рас. Себебі біздің елде тұрғын үй құрылысын шетелдік компаниялар да жүзеге асырып жатыр. Әсіресе түрік кәсіпкерлеріне тапсы­рыс көп. Олардың аз уақыттың ішінде көп­қа­батты үйлерді тұрғызып, пайдалануға беруі халық арасында күмән тудырады. Себебі Түркияда болған жеті балдық жер сілкінісінің салдарынан ғимараттар қирап, адам шығыны болды. Соны естіп-біліп оты­р­­ған жұртшылықтың алаңдауы түсінікті. Осыдан-ақ үрке қарайтын қазақ қиранды астында қалсақ, кінәні құрылыс материал­дарын өндіруші Қытайдан іздеймін бе, жоқ әлде сол материалмен үйімді тұрғызып жатқан түріктен бе деп бас қатыруда...
Шетелдік құрылысшыларға сенуге бола ма ?
Талайдың  көкейінде жүрген бұл сұраққа елде құрылыс жұмыстарындағы сейсмика­лық тұрақтылыққа қатысты шаруаларымен айналысатын жалғыз ғана Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты маманы былайша жауап берді:
Сырымғали ЕРЖАНОВ, «ҚазҒЗЖЭСТҚСИ» РМК ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары:
– Құрылыс саласына қатысты әр елдің құрылыс жөнінде заңы, талабы бар. Ол елдің орналасуына, жер қырты­сына байланысты әртүрлі нормада болуы мүмкін. Мысалы, біздің талап тү­рік­терді­кі­нен әлдеқайда қатал. Ал құры­лыс жұ­мыс­тарын жүргізіп жатқандар – бар болға­ны құрылысшылар. Оның басы-қасында білікті мамандар тексе­ріп, жұ­мыс барысын қадағалайтын адам­дар бар. Бұл мезетте «біз неге отан­дық ком­па­нияларға тапсырыс бермей­міз?» деген сұрақ туындайды. Себебі Түр­кияның тех­нологиясы озық, әлемде құрылыс саласы бойынша алдыңғы қа­тарда жүрген елдің бірі. Сондықтан шетелдік құрылысшы­лардың жұмыста­рына сезіктене қарау­дың қажеті жоқ. Ең бастысы, бақылау мен қазақстандық қа­таң талап бар. Түріктерге құрылыс нысандарын сеніп тапсырып жатқан жалғыз біз ғана емес.

Түйін
Қазақ ғылыми-зерттеу және жоба­лау эксперименталдық сейсмикаға тө­зімді құрылыс пен сәулет институты ма­маны сөзіне сенсек, шетелдік құрылыс компа­нияларына сеніп тапсырылған нысандар­дың сейсмикалық қауіпсіз­дігіне  сенімсіз­дік танытуымыз орынсыз. Алайда сей­с­­ми­калық қауіпті аймақтар­дағы құрылыс нысандарын тұрғызудағы сейсмикалық картаның маңызды рөлін ұмытпағанымыз жөн.  «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, ертең апат болып жатса, оның салдарын жоюға қыруар қаржы жұмсағанша, бүгін сейсмикалық карта жасауға азын-аулақ ақша бөлгені­міз абзал болар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста