Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ыстық болады, тек батыс пен шығыста өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, 29 маусымда Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.
Еліміздің қалған бөлігінде күн райы ашық болады.
Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл облысында күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі өте жоғары.