Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Көк аспанмен таласа бой көтерген сәулетті құрылыстар, әсем ғимараттар, күн көзіне шағылған сәулетті сарайлар мен көпқабатты баспаналардың барлығы құрыш­қолды құрылысшылардың ерен еңбегі. Көрсең көздің жауын алатын алуан түрлі құрылыс нысандары Жетісу өлкесінде де жылма-жыл заман ағымына қарай бой көтеріп, халыққа пайдалануға беріліп келеді.
Шебер қолдардың ізі қалған сәнді де салтанатты сарайлар, алуан түрлі жобада салынған зәулім үйлер мен басқа да нысандарды Арқа төсіндегі Астанадан, Алатау етегіндегі бас қала Алматыдан, республиканың барлық облыс орталықтары мен аудан-қалаларынан көруге болады. Осы саланы меңгерген қызметкерлердің де төл мерекесі жаздың соңы, тамыздың орта шенінде тойланады.
Айтулы мерекеге орай, Алматы облысының әкімдігінде Құрылыс­шы­лар күні қарсаңында бас­қо­су бо­лып, сал­танатты жиын өтіп, сый-құр­мет көр­­сетілді. Оған Қазақстан Респуб­ли­касы және Орта­лық Азия құры­лыс­­шылар одағының вице-прези­ден­ті Аманжол Шормақов қатысты. Жиында облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов сөз алып, сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
– Сіздерді алда келе жатқан кәсі­би мереке­ле­ріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жиынды атқарылған жұмыстың маңызы мен мәнділігін сезінуге себеп болатын басқосу деп білемін. Бұл күнді облысымыз құрылыс саласындағы жоғары жетістіктермен қарсы алуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауында айтқандай: «Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың бәрі ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталды. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ бола­шағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңу­ге болатын, біз жеңе алатын бөгет­тер. Көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, біле­гіміз – бірлік».
Ғалымжан Әбді­райымовтан кейін облыстық құры­лыс басқармасының басшысы Темір­лан Бектасов құрылыс саласы қыз­меткерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс басшыларына алғысын айтып, атқарылып жатқан жұмыс­тар мен жеткен жетістіктерге тоқ­талды. Жылдар жылжыған сайын қалалар келбетінің көріктене түсуіне үлестерін қосып, қолтаңбаларын қал­дыр­ған құрылысшылардың салған нысан­дары туралы көзқарасын білдірді. Жетісу өңірінде жүзеге асырылып жат­қан жұмыстарға жиналғандардың наза­рын аударып, құрылыс саласының жыл өткен сайын қарыштап дамып, игілігі мол істің әлі де тоқтаусыз жал-ғасатынын тілге тиек етті. Құрылыс саласына үкімет тарапынан бөлініп жатқан қомақты қаражаттың мақсатты жұмсалып, көптеген әлеуметтік нысандар мен зәулім ғимараттардың, тұрғын үйлердің бой көтеріп, ел игілігіне беріліп жатқандығына мән берді. Темірлан Бектасов құрылыс саласын дамытып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көте­руге ықпал етіп жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – 2020», «Өңірлерді дамыту – 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» сияқты бағдарламаларының маңыздылығына тоқталып, ел дамуына үлес қосып жатқан әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бұдан кейін салтанатты мерекеге арнайы келген, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия құрылысшылар одағының вице-президенті Аманжол Шормақов, тағы басқа да азаматтар әріптестеріне алғыстарын жеткізді. Құрылыс саласында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ құрылысшының есімдері аталып, олар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері коми­тетінің «Құрметті құрылысшы», «Құрметті сәулет­ші» төсбелгісін омырауларына қадап, алғысхат­пен мара­патталды. Сондай-ақ, «Асан М Компани» ЖШС басшысы Жақсылық Макулов, Көксу аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбеков, Панфилов аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Жүнісов, «Жөндеу құрылыс» ЖШС ұстасы Тілеу Көшекбаев, «Құрылысшы ТБС» ЖШС прорабы Ертай Байдаулетовтерге «Құрметті құрылысшы» атағы берілді. Ал, «Урбостиль» ЖШС жобаларының бас инженері Татьяна Ковалева, «Градо» жобалау фирмасы» ЖШС жобаларының бас сәулетшілері Сағындық Ауғанбай мен Ришад Ыбрайымов, «Қазгипроград» жобалау институты» ЖШС жобаларының бас сәулетшісі Людмила Курганова және Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК филиалының сарапшысы Татьяна Карабутқа «Құрметті сәулетші» атағы бұйырса, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия құрылысшылар одағы вице-президентінің Құрмет грамотасымен «Альтаир» өндірістік кооперативінің басшысы Сейтхан Қырқынбаев, Талдықорған қала­лық құрылыс бөлімінің басшысы Әсет Шаяхметов, Еңбекшіқазақ аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Смағұлов, «ДорТехМонтаж» ЖШС басшысы Виталий Гринченко, Жамбыл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Әкеғұлов, «New Construction» ЖШС басшысы Ринат Рысқұлов, Қарасай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Анарқұлов марапатталды. Сонымен бірге Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК филиалының сарапшысы Ольга Сосина, Владимир Уваров, тағы басқаларына Қазақстанның Құрылысшылар қауымдастығының Құрмет грамотасы, тағы бірқатар азаматқа облыс әкімінің алғысхаттары мен Құрмет грамоталары табысталды.
Айтақын БҰЛҒАҚОВ,
Алматы облысы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста