ҚР парламенті мәжілісінің толық құрам белгілі болды
7-ші шақырылған ҚР парламенті мәжілісінің толық құрам белгілі болды. Жаңа мәжілісте еліміздегі 3 саяси партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары мандатқа ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Атап айтқанда "Nur Otan" партиясы 76, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы 12, Қазақстанның халық партиясы 10 мандат иеленді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды. Бұған дейінгі 6-шы шақырылған парламент мәжілісінде де жоғары аталған үш партияның кандидаттары депутат болып сайланғанды.
 
Дегенмен ол кезде "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша - 84, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7, ал сол кезде атауы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы болған бүгінгі Қазақстанның халық партиясы бойынша 7 депутат Мәжіліске өткен еді.