Қазгидромет жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазақстанның синоптиктері алдағы жаз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Келер жаз, ауа райының тұрақсыз сипаты бар күндермен — нөсер жаңбырлы, найзағайлы және желді, сондай-ақ ашық күндермен сипатталады. Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында — нормаға жақын болады деп болжануда. Тамыз айы салқын болады деп күтілуде — Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климаттық норма шегінде болмақ, нормадан жоғары тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана болады деп болжанады", - делінген сейсенбі күнгі тараған Қазгидромет мәлімдемесінде.
Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жаууы ықтимал. Шілде мен тамыз айларында болса керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады — климаттық нормаға жақын.