Қазақтың құлағы – шетелдік бизнестің бұлағы

Қазақтың құлағы – шетелдік бизнестің бұлағы

Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметіне сү­йенсек, әлем бойынша есту қабілетінің бұзылуы бар 275 миллионнан астам адам бар екен. Осы сандардың кө­беюіне көптеп көмектеп тұрған қазақстандықтар да жоқ емес. Расында, соңғы жыл­дары есту қабілеті на­шар­лағандардың көбейіп ба­ра жатқанын айтып, дә­рі­герлер дабыл қағып отыр. Оның басты себептері тұ­қым­қуалаушылық, жүктілік ке­зіндегі асқынулар, жұқпалы дерт­тердің кесірінен деп ба­ғалауда. Бұдан бөлек, қай аурудың түп тамырына үңіл­сек, басты себепкер эко­логияны атаймыз ғой. Мұн­да да сол кеп. Қоршаған ор­та­ның ластануы да құлаққа тө­нер қауіпті көбейтіп тұр­ған құсайды. Осындай се­беп­терден болар, бүгінде есту аппараттарын жасап шы­ғаратын шетелдік фир­ма­лардың дәурені жүріп тұрған кө­рінеді. Олардың саудасын қыз-қыз қайнатып тұрған, әри­не, науқастардың көбеюі. Құ­лақ кемістігімен қалай кү­ресіп жүрміз? Алдымен осы­ған тоқталайықшы...
Жалпыға ортақ тілде керең, саңырау деген анық­та­ма берілген мұндай науқастар амал­дың жо­ғы­нан ес­ту аппараттарына ар­қандаулы. Сыртқы ортамен осы құй­та­қан­дай құрылғы арқылы байланыс орнатады. Басқа жол жоқ. Айналадағы дыбысты ес­ту­ге арналған мұн­дай құрылғылар мү­ге­дек­тігі анықталған топ­та­ғы­лар­ға тегін бе­рі­леді. Бірақ оны жылдар бойы күтуге тура ке­леді. Ал ақшасы артылып сатып алуға тура ке­ле­тін болса, онда ол аз ақша тұр­майды. Ең арзаны 30-40 мың теңге, зама­на­уи сандық құрылғылар 80 мың тең­геден асып-жығылады. Оқыстан орын алған жағ­дай­ларға байланысты керең боп қалса, амал жоқ, ал бала жастан дұрыс ем қабыл­да­май қолдан құрыса не шара? Оның ал­дын қалай алуға болады? Бұрындары құ­­лақ­қа кохлеарлық имплантация жасау тек ше­телде жүр­гізілетін. 2007 жылдан бастап Ден­саулық сақтау ми­нистрлігі бұл бағ­дар­ламаны елімізде де жүзеге асы­ра бастады. Алайда мамандардың айтуы бойынша, ба­ланы ота жасауға дейінгі дайындау ша­ра­лары на­шар, одан бөлек, отадан кейін де тұрақты бейімдеуден өту­ге тиіс болса да, барлық жағдай жасалмайды. 2007 жылдан 2010 жылға дейін елімізде 280 ба­лаға ота жа­салынған. Соның 100 шақ­ты­сына зерттеу жүр­гіз­ген­де тек 9-ы­ның ғана дұрысталып кеткені анық­та­лыпты. Яғни құлағы жақсы еститін болып, дені сау ба­лалардай орта мектептің партасына отыр­ған. Ал қал­ғандары сол күйінде құлағы нашар еститін бал­а­лар­ға арналған білім ошақтарында оқуын жал­ғас­тыр­ған. Мұның түпкі мәнісіне үңілсек, ота сәтті өткен, алайда отадан кейінгі сауықтыру шаралары мүлде на­зар­дан тыс қалған­дығын көрсетіп отыр. Бүгінде елі­міз­де есту кемістігі бар 13 мыңға жуық бала бар екенін ес­керсек, бұл мәселеге жіті назар аударатын уақыт жет­кен сықылды... Ота жасаудан бөлек құлағының мү­кісі бар бала үшін ең маңыздысы дыбыс процессорын рет­тестіру болып табылады. Себебі дыбыс про­цес­со­рын реттеу еліміздегі ірі қала­лар­да ғана жүргізіледі. Әрі осы саланың жі­лігін шағып, майын ішкен кәнігі маман жоқ­тың қасы. Осы олқылықты орынды пай­далана біледі шетелдік фирмалар. Мә­селен, кох­ле­ар­лық имплантантты елімізге әке­летін фирмалар жер­гі­лікті дәрігерлерді оқытудан бас тартады.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Себебі түсінікті, молынан қарпитын нандарынан айы­ры­лып қалмас үшін осын­дай қадамға ба­ра­ды. Құлақ құрылғысының дыбысын рет­теу­ден бөлек толып жатқан жұмыстары же­терлік. Оның күтімі де көп ақша тұрады. Оны үнемі құрғатып, тазартып отыру ке­рек. Құрғатуға арналған ұнтақтың бағасы теңгеге шаққанда 6 мың тең­геге шығады. Аз ақша дерсіз, алайда осы қаржыға алынған ұнтақ ары кетсе 6-ақ аптаға же­теді. Егер де дыбыс процессоры істен шық­са, оны жөндетуге 260 мың теңге шы­ғаруға тура келеді. Қысқасы, бұл құрыл­ғы компьютер сықылды ғой. Қажеті­ңіз­ге жарату үшін үнемі ақша шығарып, сы­лап, сипап, күтіп ұстауға тура келеді. Құлағына қажетті емін алып, қатарға қо­сы­луы тиіс балаларға тағы да бір алын­бастай асу бар. Ол – сурдопедагог ма­ман­дар­дың аздығы. Әрі еліміздегі сур­дол­гиялық кабинеттердің саны да кө­ңіл­ден шықпайды. Бар болғаны – 22 ғана. Бір қызығы, дәріхана, жеке тіс кабинетін ашуға рұқсат беретін заңымыз дәл осы аса қажетті сурдология кабинетін ашуға кел­ген­де кісендеулі аттың кейпінде. Онда жұ­мыс істеуі тиіс сурдопедагогтардың да сең­дей соғылысып жүргені жоқ. Маман тап­шылығы да етектен тартып тұр. Ал кө­біне құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қа­райтын ЛОР, отоларинголог мамандар бар­шылық. Бірақ бәрінің де қарайтыны бір құлақ болғанымен, атқаратын шаруалары әртүрлі. Балалар арасында етек жайып ба­ра жатқан дерттің ересектер арасында да көбеюде...
Бану ЕРТІЛЕСОВА, қала тұрғыны:
– Өзімнің тұрғылықты жеріме бай­ла­­нысты №1 емханаға барғанымда лор дә­рігер түрлі дәрілерді құйып екі апта емдеді, бі­рақ жазылмады. Сонда біздегілер қандай дәрімен емдеуді біл­ме­гені ме? Облыстық клиникалық ау­ру­ханаға барып, қайта тексерілмек бол­­дым. Дәрігер маған құлағыңды жа­уып тұр деп, жақында тұрып, сөйлеп, алыс­та тұрып сөйлеп, құлағымның есту қа­білетін тексерді. Бұл әлгі аудиометр де­ген аппараттың «көшірмесі» болса ке­рек. Содан «келіңіз, ота жасап бе­ре­міз» деді. Алайда онша сенімім бол­ма­ған­дықтан мен бармадым.

Расында, отандық дәрігерлерге көп жағ­дайда көңіліміз толмайтыны рас. Ауруды емдеу үшін алдымен қажетті құрылғымен толық қамтамасыз етіп алса ғой деген базынамыз да жоқ емес. Жеке кли­ни­ка­лар­да қажетті құрылғылардың барлығы да бар. Ал мемлекеттік емхана, аурух­а­на­лар­дағы қажетсіз шаң басып тұрған құрыл­ғы­лар­дың көбеюіне кім кінәлі? Қажетті құ­рыл­ғылармен қай уақта толық қамтамасыз етіледі сонда? Сұрақ көп, жауап жоқ....
Ғани ІЗТІЛЕУОВ, ЛОР-дәрігер:
 – Жасырары жоқ, соңғы әлетте есту қа­білеті нашарлағандардың көбейіп ба­ра жатқаны рас. Әсіресе жас бала­лар­­дың арасында көптеп кездесуі кө­ңілге қорқыныш ұялатады. Балалар ара­сында аурудың алдын алу үшін түр­лі іс шаралар қолға алынып жатқанына қа­рамастан, қанатын кеңге жайып ке­леді... Науқастардың көбеюіне орай ес­ту аппараттарына да сұраныс артуда. Бұ­рынғыдай емес бүгінгі аппараттар ды­быс қабылдау қабілеті күшті, әрі са­палы. Көбіне даниялық «Отикон» фир­ма­сының есту аппараттарына деген сұ­ра­ныс көп. ДДСҰ ұсынымына сәйкес адам­дардың есту органдарын міндетті түр­д­е протездеу жақсы еститін құла­ғы­ның есту шегі төмендегідей болғанда жүргізіледі: 15 жасқа дейінгі балаларда – 31 децибел және одан жоғары, ере­сек­терде – 41 децибел және одан жо­ға­ры болғанда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста