Қазақстандықтар қандай жағдайда банкроттылық рәсімдей алады

Қазақстандықтар қандай жағдайда банкроттылық рәсімдей алады

 Қазақстанда азаматтардың банкроттылығы рәсімінің 3 түрі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекет басшысының осы жылдың 5 қаңтарындағы тапсырмасын орындау үшін министрлікпен заңды тұлғалардың банкроттығы институтын енгізу бойынша жұмыс жандандырылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қарыздың сомасы мен ұзақтығына байланысты рәсімнің 3 түрін енгізу ұсынылады", - деді ол Орталық комуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Бірінші жағдайда азаматтар сот арқылы қарызды өтеу жоспарын бекіте алады. Бірнеше шарт бар: Алдымен берешек 5 миллион теңгеден кем болмауы тиіс, борышкер мен кредитордың келісімі қажет, сондай-ақ азамат тұрақты табысының болуын растауы тиіс.

Егер азаматтар тұрақты кірісті растай алмаса, онда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімінен өту ұсынылады: 

банктер мен микрокредиттік ұйымдар алдында бес жылдан астам мерзімін өткізіп алған азаматтар;
несие төлеу мерзімін 12 аөткізіп алған азаматтар. Бұл жағдайда қарыз сомасы 100 АЕК-тен (306 мың теңге) аспауы тиіс. Сондай-ақ, қарыз алушыда қарызды өтеуге болатын мүлік болмауы керек;
5 млн теңгеге дейінгі қарызы 6 ай ішінде өтелмеген азаматтар.
Сонымен қатар 6 ай ішінде 5 млн теңгеге жуық дейінгі қарызы өтелмеген азаматтар сотқа жүгінбей-ақ өзін банкрот деп жариялай алады. Мұны соттан тыс тәртіппен банктер мен микроқаржы ұйымдарда, коллекторлар алдында 5 жылдан астам берешегі бар тұлғалар да қолдана алады.

Соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішті азамат "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе "Е-салық азамат"қосымшасы арқылы береді. 

“Құжаттарды қабылдағаннан кейін талаптарға сәйкестігін, яғни мүліктің болмауын, мерзімін өткізіп алу мерзімдеріне сәйкестігін және т.б. автоматтандырылған тексеру жүргізілетін болады", – деп мәлімдеді Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ брифингінде.

Үшіншіден, сот банкроттығы рәсімі 5 млн теңгеден асатын берешек бойынша қолданылады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлігі сатылуға жатады. Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болса, онда кредитор оны сот банкроттығы кезінде алуға құқылы.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылмаса, онда кредиторлар оған талап қоя алмайды. Қалған өтелмеген сома борышкердің арам пиғыл белгілері болмаса есептен шығаруға жатады. Бірақ, алимент және өзге адамның өміріне және денсаулығына келтірілген залал бойынша қарыздар есептен шығарылуға жатпайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста