Қазақстанда отандық өнімдерге сұраныс азайды
ҚР сауда және интеграция министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында отандық өнімдерге коронавирустың әсері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол пандемия отандық өнімдердің сатылымына әсер еткенін айтты. Биыл елімізде ішкі өнімнің экспортталуы айтарлықтай төмендеген.
 
"Ағымдағы жылы пандемия әсерінен отандық өнімді сатып алушылар өндіріс көлемін қысқартып, отандық өнімді сатып алуды қойды. Соңғы сегіз айдың ішінде экспорт 7,8 пайызға төмендеді. Экспорттың төмендеуіне мұнай өнімдері, фероқоспалар мен, мырыштың жеткізілуінің бәсеңдеуі себеп болып отыр", - дейді Сұлтанов. 
Сонымен қатар, Сұлтанов елде тұрақты экспорттаушылардың жоқ екенін айтты.
"Өкінішке орай, бүгінде елде тұрақты экспорттаушылар өте аз - компаниялардың немесе 445 субъектілердің жалпы санының 2% -дан сәл аз. Сонымен бірге, олардың 81% -ы шағын және орта бизнес өкілдері екендігіне қуаныштымын. Олардың үлесі жылдан-жылға артып келеді. Экспорттаушылар негізінен 3 миллионнан астам халқы бар қалаларда шоғырланған. Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент. Экспортқа ең аз аймақ - Ақтөбе", - дейді ол.