"Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр": министрлік мәлімдеме жасады
Қазақстан Ресейге әскери техника жібергені туралы ақпарат тарады. Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады", - деп мәлімдеді министрлік.
Ведомствоның айтуынша, былтыр 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған.
"Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz