Қазақстан Қарулы Күштері сержанттарының бүкілармиялық байқауы

Қазақстан Қарулы Күштері сержанттарының бүкілармиялық байқауы

«Отар» әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштері сержанттарының бүкілармиялық байқауы аяқталды. Әртүрлі әскери бөлімдер мен еліміздің өңірлерінің келісімшарт бойынша 80-ге жуық әскери қызметшісі өздерінің кәсіпқойлықтары мен жауынгерлік даярлықтарын дәлелдеді. Алайда, мықтылар ғана жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кәсіби сержанттар корпусы Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен ҚР ҚМ Кадет корпусын құру сәтінен бастау алды. Қазіргі уақытта дәл осындай оқу орны кеңестік дәуірде одақтас болған мемлекеттердің ішінде біздің елде ғана бар екенін атап өтуге болады. Бүгінгі күні Қарулы Күштерде жоғары интеллектуальды мүмкіндігімен ерекшеленетін жаңа кәсіби сержанттардың генерациясы қалыптасты.

Сайысты іс жүзінде өткізу сержанттардың жан-жақты дамуы мен кәсіби шеберлігін көрсетті. Кезең барысында қатысушылар атыс, дене, әскери-медициналық дайындық, әскери топография және қоян-қолтық ұрыс бойынша нормативтерді орындады.
Байқау келесі алты санат бойынша өткізілді:
- «Үздік өңірлік қолбасшылық (әскер тектері, Қарулы Күштер бас басқармасының) сержанты»;
- «Үздік бригада (база) сержанты»;
- «Үздік батальон (дивизион) сержанты»;
- «Үздік рота (батарея) сержанты»;
- «Үздік взвод сержанты»;
- Үздік бөлімше (танк, әскери машина, есеп-топ,қондырғы) командирі».
«Жыл сайын біз нормативтерімізді шыңдап, сайысымызды жақсартуға тиіспіз. Бұл арқылы сержанттар корпусы дамитын болады. Сарбаздарымыз, бағыныстыларымыз бізге мақтанышпен қарап, «Сержантымыз, командиріміз өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды» деп айтатын болады, - деді байқауға қатысушы «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшісі сержант Қанат Қанатбаев.
«Қорғаныс министрі мен Бас штабтың бастығы сержанттардың дайын болып, «мен сияқты жаса, менен жақсырақ жаса» жеке үлгі көрсетуде өздерінің жеке құрамын алып жүруіне ерекше назар аударады. Конкурс бізге сержанттар қандай деңгейде дайындалғанын, біздегі дайындықта қандай кемшіліктер бар екенін талдауын береді. Байқаудан кейін біз қорытынды жасаймыз», - деп ҚР ҚК бас сержанты – ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста