Қазақстан мен Түркия жаңа зауыттар салады
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғаның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қазақ-түрік бизнес-форумы өтті. Оған бизнес, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың 400-ге жуық өкілдері қатысты, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.
2012 жылы "Жаңа синергия" атты экономикалық бағдарламасының рәсімделгені белгілі. Бүгінде Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастық байланыстары осы құжаттың аясында дамып келеді. Аталған құжат сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен логистика, туризм және тағы басқа салалар бойынша бірлескен іс-шараларды қолға алуды көздейді. Осы орайда шағын және орта бизнестің белсенді түрде іске араласқанын ерекше атап өткен жөн. Атап айтқанда, "Yildirim Group" (тау-кен-металлургия кешені, металлургия, жер қойнауын пайдалану), "Okan Holding (Sultan Marketing)", "Anadolu Beverage Group (Coca-Cola Icecek)" және Түркияның басқа да ірі компаниялары Қазақстанға келіп, инвестиция құя бастады. Құрылыс индустриясы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп жобалары қолға алынды.
Ал алдағы жобаларға келсек, "Оңтүстік" экономикалық аймағын түріктердің басқаруына беру туралы келісім бар. Бұдан бөлек, қазақ-түрік индустриялық аймақтарын құру мәселесі қарастырылып жатыр.
Көлік-транзиттік сала бойынша Жезқазған - Бейнеу теміржол магистралін жаңадан салынып жатқан Ахалкалаки (Грузия) - Карс (Түркия) теміржол желісімен интеграциялау мәселесі де күн тәртібінде бар. Бұл бағыттың келешегі де зор болатын тәрізді. Себебі Баку және Ыстамбұл порттары арқылы жаңа Мармарай теміржол туннелімен Еуропа елдеріне шығуға мүмкіндік бар.
Жалпы, қазіргі кезде "Жаңа синергия" экономикалық бағдарламасын іске асырудың алғашқы жобалары жасақталды. Оған жалпы сомасы 2,8 млрд. доллардан астам 23 бизнес бастама еніп отыр. Соның ішінде
бүгінгі бизнес-форум аясында рәсімделген 19 жобар бар. Осы жобалардың жалпы соммасы 800 млн. долларға бағаланды. Осының арқасында алюминий радиаторлары, терезе мен есік аксессуарлары, гидроизоляциялық және жабу материалдары, болат құбырлары мен фибробетон зауыттарын салып, коммерциялық және әскери кемелер құрылысы саласындағы ынытмақтастықты күшейту көзделген.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу