Қазақ хандығының тарихына қатысты жаңа жәдігерлер көрмеге қойылады
Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайында Қазақ хандығының тарихына қатысты бірегей жәдігерлер қойылады. Арнайы көрме ертең, ақпанның 25-сі күні ашылады, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы мұражайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар елімізге белгілі суретшілер, зергерлер мен мүсіншілердің көмегімен Қазақ хандығының көркем панорамасын жасап қойды. Экпозицияның басты нышандары - Абылай ханның қылышы, Бөлек батырдың дұлығасы, қазақ хандарының жүзік-мөрлері, алтын жіппен кестелеп тігілген панно және тағысын тағы. "Экспонаттардың басым бөлігі алғаш рет таныстырылмақ. Оның ішінде Қытайдың Цинь әулеті кезіндегі бірегей панно бар. Онда сан алуан мемлекеттерден келген елшілердің сый-сияпатпен өзара алмасулары суреттелген. Олардың ішінде Қазақ хандығының өкілдері де бар", - делінген ресми хабарламада.
Мұражайдың ақпаратына сәйкес, бейнелеу өнерінің бірегей туындылары Қытай Халық Республикасының мұрағаттарынан табылды. Оның барлығы бұрынғы елші Нұрлан Ермекбаевтың бастамасымен іске асты.
"Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы тұлғалары" тақырыбындағы көрме қыркүйектің 28-іне дейін жалғасады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу