Қасқыр соққанның қалтасы қалың

Қасқыр соққанның қалтасы қалың

Бұрын қасқыр атаулыны «дала дәрігері» деп атап, түз тағысын тек ауру-сырқау аң-құсты ғана жейді деп дәріптейтін. Заманына қарай олардың да тәбеті өзгерген сияқты. Бүгінде ен даладағы жабайы аңды жеп бітіп, енді қорадағы қойға шаба бастады. Тіпті шалғай ауылдарда қойды былай ысырып қойып, ірі қараға дейін тамақтап кетіп жатыр.
Ашыққан түз тағысының бұлайша қа­ғы­нуына қақаған қыстың да «қосар» үлесі қомақты. Тау баурайларында таусылған тақ-тұқ аң біткен түз тағысының жұмы­рығына жұқ болмасы анық. Дәніккеннен бұрын құнығып кеткен қасекеңдер есік-терезесі мықты деген қораның өзінен тесік тауып, жемтігін жеп кетіп жүр. Қасқырларға қарсы «майдан» ашылмағанына да бес-алты жыл болыпты.
Осы уақыт аралығында әбден өсіп-өніп, үйірімен жортатын болған. Ал олардың көзін жоюға шаруа адамының шамасы келмейтіні белгілі. Қолда бар аңшы мылтығының бәрін өз аяқтарымен апарып, ішкі істер органдарына тапсырған. Тапсырмағандарының өзінде оқ-дәрісі жоқ. Ал қақпанға түсетін аңқау қасқыр бүгінде жоқ. Әбден әккі боп алған қасекең­дер қақпанның иісін сезетіндей, айналып қашады дейді ауыл адамдары. Мылтығы және жоқ, қақпаны қолда бол­ғанымен қауқары жоқ, қасқыр алатын қыран құсы жоқ, қасқыр соғатын тазысы және жоқ ауыл тұрғындары амалсыздан жергілікті биліктен көмек сұраудан басқа жолды көрмей отыр.
Тоқырау жылдары зообақтағы қасқыр­ларға тамақ тауып бере алмағаннан кейін тікұшаққа артып әкеп, тауға тастап кеткен деген сөз расқа шықты білем, бүгінде. Содан бері жеті атасына жетіп, үрім-бұтағы көбейген қасқырлар бүгінде облыс бойынша шамамен 3 мыңнан асқан дейді мамандар. Шалғайда жатқан Талас, Мойынқұм, Меркі, Сарысу, Жамбыл, Байзақ аудандарының әкімдіктеріне «қас­қырдан құтқарыңдар» деген сыңайдағы өтініштер қардай бораған. Әсіресе түз тағылары облыстың ең шалғайындағы Мойынқұм ауданының тұрғындарының тынышын алған. Төрт түлікті таңдамай, талғамай тамағынан өткізіп жатқан түз тағылары енді ештеңеден қорықпай, үрікпей, ауыл арасында «қыдырыс­тайтынды» шығарыпты. Бұрынғыдай қасқырды алып соғатын арландар да жоқ. Ауыл үйдің арасында жүретін иттер қасқырдың иісін сезгеннен-ақ ұясына тығылатын көрінеді. Осылайша, адам атаулыны көзге ілмей, әбден басынған қасқырлар шулықтарды да шулатып жатыр. Мұндағылар түз тағысы тартып кеткен малдарының санына жете алмай әуре. Бөрілерден әбден запысы шыққан ауыл тұрғындары әкімдіктің алдын бермей, көмек сұрауда. «Ұра берсе тастың да мүжілетіні» белгілі. Ақыры Жамбыл облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұсынысымен келер жылға 6 миллион 500 мың теңге бөлініп отыр. Мамандардың есептеулерінше бұл қаржы еркінсіп кеткен бөрілердің бәрін қырып тастауға жетпесе де 600-інің көзін құртуға жетеді екен. Хош, сонымен қасқырға қарсы «майданға» шыққандардың қанжығасы майланғалы-ақ тұр. Мәселен, ірі қасқырды жоюға – 12 000 теңге, ал бөлтірікке – 6 000 теңге, шиебөріге  4 800 теңге көлемінде  сыйақы белгіленіп отыр. Ал ең ірі сыйақы аналық қасқырды өткізгендерге берілмек. Яғни мұндай қасқыр соққандар 20 мыңға жуық теңге алмақ. Аналық жыртқышты жою бұрын-соңды жоқ болса да, амалдың жоқтығынан осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр.
Қайрат Өзбеков, облыстық орман шаруашылығы басқармасының жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің бас маманы:
 – 2006 жылдары бір қасқырды соққаны үшін 2 000-3 000 теңге сыйақы берілетін. Содан бері жыртқыш атаулының көзін жоюға қаржы қарастырылмаған екен. Қолындағы бес-алты уақ малына қарап отырған ауыл тұрғындарына үлкен көмек болғалы тұр. Бұл шараға аңшылыққа ебі барлардың барлығы атсалысады деген ойдамыз. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста