Қарағандыда су құбыры жарылып, көшені су басты
Қарағандыда ыстық су құбыры жарылып, орталық көшені су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz. «26 сәуірде М5 магистраль желісіндегі құбырда ақау болды. Жұмысшылар диаметрі 1 мың мм болатын жылу желісінде судың ағып жатқанын анықтады. Бүгінде ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп жазылды «Қарағанды Теплотранзит» ЖШС таратқан хабарламада.
Компания мәліметінше, алдағы уақытта апат болған жерде қалдық суды сорып алатын арнайы құрал іске қосылады. «Оңтүстік-Шығыс тұтынушылары М3 магистраль желісіне қосылды. М5 құбырына 4 нысан қайта қосылады: Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығы, Мұз сарайы, Теннис орталығы және мұз айдыны. Ақау тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету сапасына әсер етпейді», - деп жазылған хабарламада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу