Қара суық пен жаңбырда салынған жолда қандай сапа болсын...

Қара суық пен жаңбырда салынған жолда қандай сапа болсын...

Ой-шұңқыры көп, ені тар тас жолдар талай апаттың себебі болып отыр. Елбасының сынынан кейін күрмеуі көп бұл күрделі мәселеге аз да болса көңіл бөліне бастағандай. Тіпті көлік және коммуникация министрінің өзі бұрын табаны тимеген жолдармен жүріп, жолаушылардың мұңын түсінгендей болды. Алайда Алдаркөсенің жыртық шапанына салынған жамау сияқты бірінің үстіне бірін жапсыра берген жөндеулер, жаз бойы тендердің ақшасын ары тартып, бері тартып, ал асфальт салуды күздің жауын-шашынында ғана бастайтын компаниялар, тапсырыс беруден бастап, қабылдап алуға дейінгі жұмысқа жалғыз мекеме жауапты болып тұрғанда қазақ жолының жыры әлі де жырлана беретіні белгілі.
Біздің жолдар жайлы қалжың әңгімелер де өте көп. Соның бірінде бір-біріне қонаққа барған қос жолдас жайлы айтылады. Тікұшақпен аспанда қа­лықтап жүріп, қалай байығандарын әңгімелейді. Біріншісі төмендегі жолды көрсетіп, «мынау жолдың екі жанынан бір метрден кем төсеп байыдым» дейді, сонда екіншісі екі ауылдың арасындағы жазық даланы көрсетіп: «Мынау даланы көріп тұрсың ба? Сол жерде асфальт жол болуы тиіс еді», – депті.
Шынымен де, тас жол салу өте қымбат іс және оның жылуына талай адам қолын қыздырып отыр­ғаны жасырын емес. Күнде көріп жүрген бір-екі ауылдан мысал келтіре кетейін, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында аудан орталығынан Қантемір ауылына дейінгі 40 шақырым жолға жазда жөндеу жүргізілді. Алайда жолшылар тиісті межеге 10 шақырым қалғанда жұмысты тоқтатып, тайып тұрды. Ақша жеткіліксіз бөлінді ме, әлде екі ауылдың арақашықтығы дұрыс өлшенбеді ме? Әйтеуір, кімнің есебінен қате кеткенін түсінбей тұрғындар дал боп қалды. Дәл осы тектес жөндеу Жамбыл ауда­нының Железное ауылына барар жолға да жүргізілді. Алай­да тұрғындар күзгі жауын-шашын кезінде сол жөн­делген жолдың өзімен жүре алмай қалды. Себебі жөндеу деген аты ғана, қиыршық тасты ана жер, мына жерге бір-бірден есептеп төсегендей әсер қалдырады. Тізе берсе, мынадай жағдай кез келген облыста кездеседі.
Қызылжар өңірі тас жолдарының ұзындығы жөнінен республикада үшінші орында тұр. Алайда сол жолдардың жағдайы жөнінен алдыңғы үштіктен әлдеқайда алшақ жатқанын түсіну қиын емес. Әкім­дердің есептеуінше, барлық жолдардың жартысынан астамы күрделі жөндеуді қажет етеді екен. Бұған қала мен ауыл ішіндегі адам тү­гіл, көлік кіре ал­майтын көшелерді қос­саңыз, жағдайдың қан­ша­лықты ушыққанын көресіз. Жақында Қызылжар қаласындағы Школьная көшесінің тұрғындары журна­листерді шақырып, мұңдарын шақты.
Мә­селенің мән-жайын сұрап әкімдікке бар­ғанда алған жауабымыз мынау болды:
Ғали ӘБДІРЕШОВ, Қызылжар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
– Біз бұл көшеде жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында жүргізуді жоспарлаған болатынбыз, алайда жауын-шашын кедергі келтірді, енді оны жөндеу қараша айына жоспарланып отыр.

Қарашада Қызылжарда қара суық түсіп, қар ұшқындай бастайды, ал осындай ауа райында жүргізілген жөндеудің сапасы қалай болмақ? Шырылдауық шегіртке се­кілді жаз бойы «әндетіп», қыс қыр астына келгенде ғана жолдың жайы естеріне тү­сетін әкімдікте ес бар ма екен, осы? Тіпті біздің жол жөндеушілер ауа райына қара­майтын да сыңайлы. Орал мен Степногорск қалаларында жаңбыр құйып тұрса да,  ыстық асфальт төсеп жатқандар туралы түсірілген видео интернетті біраз шулатқан. Шамасы, жаңбырда жол салуға мәртебелі қонақтың келе жатқаны себеп болған сыңайлы. Осындай көзбояушылық бізден басқа мемлекетте бар ма екен?
Қазақстандағы жібі түзу жалғыз жол – Астана мен Көкшетау арасындағы авто­банн. Бүгінде сол даңғылды Қызылжарға дейін жалғастыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл – облыстағы жүзеге асырылып жатқан ең ірі жөндеу жұмыстарының бірі. Сондай-ақ «Лавровка-Келеровка-Тайынша-Чка­ло­во» жолына 2010 жылдан басталған күрделі жөндеу де маңызды. Мамандар осы аралықтағы шаруалар оңтайлы жүзеге асырылса, 150-ден астам елді мекенге қатынау түзелетіндігін айтып отыр. Ал, жалпы, облыста 5000 шақырымнан астам автокөлік жолы қайта жөндеулі қажет ете­ді. Әдетте, ұшақпен сапарлататын көлік және коммуникация министрі Асқар Жұ­мағалиев облыс жолдарының осы күнгі мүшкіл халін көру үшін жермен жеткен екен.
Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚР көлік және коммуникация министрі:
 – Біз Петропавл қаласына дейін тас жолмен келдік. Астана – Шучинск бағыты ақылы, сапасы да жақсы. Ары қарай асфальт қайта жөнделген. Жаман емес. Тағы да жұмысты талап ететін учаскелер бар. Болашақта Петропавлды Көкшетау, Астанамен байланыстыру қажет. Бұл өңір үшін аталған трассаның маңызы зор.
Соңғы 10 жылда жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 20 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Келер жылға тағы 5 миллиард бөлініп отыр. Дегенмен жөн­делген жолдарға артылар сын көп. Авто­мобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтің сөзінше, республикалық бюджеттен қосымша мақсатты трансферт ретінде бөлінген ақшаға салынған жергілікті жолдардың осы жылғы тексерісі нәтижесінде комиссия 24 кемшілікті анықтаған. Атап айтқанда, нысандардағы су жүргізетін құбырларда, жолдың түзулігінде, жабынды еңісі, жол жиегі және құлама талаптарынан ауыт­қушылықтар табылған. Болашақта осын­дай кемшіліктері бар жолдар сол қалпында қабылданып кетпеуі үшін сырттан қада­ғалау жүргізетін инженерлік компа­ниялар тартылмақшы. Яғни сапасыз жолды тамыр-таныстық ар­қы­лы өткізіп жіберу тоқта­тылып, жауап­кершілігі төмен компания­лардың «қара тізімі» жасалмақшы екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста