Психолог: Ата-ана махаббат пен мейірімге аш болса, балаға несін берсін!?

Психолог: Ата-ана махаббат пен мейірімге аш болса, балаға несін берсін!?

Күні бүгін Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы білім беру ошақтарындағы психологтардың саны көбейіп, психологиялық және педагогикалық кеңес беретін кабинеттер де еселеніп жатқанын хабарлады. Дегенмен, әр бала үшін оның ыстық ұясы – отбасындағы атмосфера маңызды екені түсінікті. Осы ретте Azattyq Ruhy сайтына сұхбат берген психолог Ақгүл Құсайын ханым қазір қоғамда жиілеп кеткен буллинг пен суицидтің алдын алудағы баланың ата-анасы, отбасы және жақындары қандай рөл атқара алады деген тақырыпта өз ойын айтты.

 
- Ақкүл ханым, шыны керек, ата-ана ретінде кейде балаларым сәби күйінде қалса деген қиялға берілемін. Өйткені, мектеп жасындағы, жасөспірім жастағы балалар арасында  тіркеліп жатқан сұмдық оқиғалар шошытады. Бірақ, баланы қоғамнан алшақ ұстай алмайтынымыз анық. Айтыңызшы, жалпы баланы осы  социумға, өмірде болатын проблемаларға неше жасынан бастап дайындау керек?

- Қазіргі таңда «дұрыс емес» бір әрекет жасап, баласының жанын жаралап аламын ба деген немесе баланың  болашақ әл-ауқатына зиян тигізетін нәрсені бастан кешіруінен қорқатын ата-аналардың көбейіп жатқанын байқаймын.

Баланың әлеммен (қоғаммен) байланыс орнатуы, оны бағып-қараған жанның балаға деген қарым-қатынасымен тікелей байланысты. Сондай ақ, «бала құлағымен емес, көзімен үйренеді» -деген әдемі бір сөз бар. Мысалы, үйде отбасында бала өзіне деген құрметті, сыйластықты көрсе сол құрметті барлық жерде бейсаналы түрде талап етеді. Үйде өзінің орны жоқ болса, жаны жоқ болса, өзін іштей жақсы қарым-қатынасқа, құқығым жоқ деп сенуі мүмкін.

Кейде біздің қазақтар, ер баланы қатты-қайрымға салып жатады, яғни, бұндағы басты мақсат төзімді болсын деген «ниет». Әрине оның да шегі болуға тиісті, ата-ананың қаталдығын ғана көруі, баланың санасында «бұл әлем қатігездердің мекені» деген ой түйдіруі мүмкін. Бірақ, өмір шынымен  қиын болса, бала бұл қиындықты тым болмаса отбасында көрмеуі керек!

Сондықтан, жалпы айтсақ, баланы қоғамға дайындаудың белгілі бір жасы жоқ, бала пайда бола бастағаннан баланы өмірге дайындау ата-ананың жауапкершілігі. Аз десеңіз, қазақ баланы құрсаққа түскеннен бастап, жерік асын беріп құрметтеген халықпыз ғой. Сондай-ақ, бала ойын әлемінде, үйде, түзде жүріп, аға-інілерімен, көршілердің балаларымен ойнау арқылы кейбір қиындықты сезінеді, еңсеруді үйренеді. Осылайша ең қиын сезімдерді ең сенімді ортада сүріп, үйреніп, кейін қоғамның ішіне кіргенде осыны қайталайды. Бір жағынан қарағанда ата-аналардың балалары үшін алаңдап жатқаны, ізденіп жатқаны құлаққа жағымды болса да, кейде шектен тыс қорғаштауымыз баланың нағыз әлемде жүздесетін кейбір негізгі қабілеттерінің дамуына бөгет болуы мүмкін. Мысалы, «төзімділікті» баланың жасына сәйкес келетін қиындықтарды жеңуіне мүмкіндік беру арқылы  арттыра аласыз. Баланың өз ісі өзі жасауына мүмкіндік беру де өте маңызды, егер бала сізді проблеманы шешуші ретінде таныса, сәл қинала бастағанда «мамааа» деп сізге жүгінуі мүмкін. Әрине бала қиналады, ешбір бөгетсіз өмір жоқ, балалық шақ адамның, «әлсіздікті» жан тәнімен сезінетін кезеңі. Сондықтан да, бала іштей осы әлсіздігімен күресіп өзінің күшін сезінгісі келеді. Ата-ана бұл тұста, балаға оның жасына, деңгейіне сәйкес келетін жауапкершіліктерді беру арқылы оны төзімділікке, өзін-өзі игеруге, қиындықтармен күресу үшін күшті өзінен табуға үйрете алады. Әрине, бала өзінің қалауына жету барысында кейде  ыңғайсыз сезімдермен кездеседі, бұл сезімдерді игеруге қиналып жатса қасынан табылатын ата-анасы барын білген бала өзін әлсіз емес, керісінше, қолынан келгенін жасай алғанына, көмек сұрай алғанына қуанады, өзіне сенімі артады.

- Кейде баласынан айырылған ата-ана «оның  суицид жасауы мүмкін емес, оны өлімге итермелегендерді жазалау керек» деп, жан айқайын айтып жатады журналистерге. Сонда, бала расымен біреулердің оған буллинг жасап жүргенін, біреулерден қысым көріп жүргенін, қатарластарынан таяқ жеп жүргенін ата-анасынан соншалықты қатты жасыра алатын болғаны ма? Яғни, ата-анасына сыр ашпайтын балалар қайдан шығады? Бұның астарында не жатыр? Ата-ана бұны өзгерте ала ма, қалай ойлайсыз?

- Бұл жерде, бала неге өз әлемін ата-анасына ашпады деген сұрақ туындайды және оның көп себебі болуы мүмкін.  Бірінші себеп -  бала мен ата-ана арасында сенімге негізделген қарым-қктынастың болмауы.  Мысалы, өзара түсіністік пен сезімталдықтың жоғары деңгейі бар қарым-қатынас ол сенімге негізделген қарым-қатынастың бар екенін білдіреді. Біреуінің айтқанын (ауызша, іс-әрекетімен, сезімдерімен) келесі адам түсінеді және естиді, сезеді. Егер араларында қарым-қатынас жоқ болса немесе қарым-қатынасты ұрып-соғу, талап ету, мәжбүрлеу деп түсінген ата-анаға бала өзінің әлемін жабуы мүмкін. Балалар арасында«кибербуллингге тап болсаң ең бірінші кімге айтасың деген зерттеу» жасалған, сонда балалардың 90 пайызы «достарыма» деп жауап берген екен. Ал, ең бірінші ата-анама, жақыныма, мұғаліміме деген жауап өте аз кездескен. Ата-анасына немесе мұғаліміне бірінші айтудан тартынуының себебі - олар біліп қойса интернет пен технологияны пайдалануда еркіндігімді шектейді деген қорқыныш. Немесе сәл қателік жасағанда жазаланатынына сенімді бала бұндайды бірінші ата-анасына айтпайды. Бала қандай жағдайда болсам да мені тыңдайдын, қолдайтын, менің сезімдеріме құшағын ашатын адам бар дегенге сенуі керек. Ол мейлі баланың анасы болсын, әкесі болсын, ағасы болсын. Балаларда сәл қателескенде өзін кінәлі сезіну жиі байқалады, сондықтан, мәселені өзім шешемін деп жасыруы ла мүмкін.  Сондықтан кибербуллинтің алдын алу үшін ата-ана баламен осындай кибербуллинге қатысты ақпараттар біліп, баланың өзін қорғауы үшін не істей алатыны туралы алдын ала әңгімелесуі керек. Әйтпегенде, бала қорқынышының құрбанына айналады.

- Өзіңіз білесіз, жыл басында қатарласын сабаған колледж студенттерінің, яғни, қыз балалардың видеосы желіде желдей есті. Сол кезде халық видеоны таратып, қыздың жазалануын талап еткен халық сол ұрған қызға буллинг жасады деп айта аламыз ба? Жалпы, осындай жағдайда, яғни, буллинге ұшыраған, буллинг жасаған балалармен қалай жұмыс істеу керек?

- Маман ретінде буллинг жасайтын балалармен жұмыс жасау барысында, өзін-өзі игере алмау, өзгені аямай ұрып соғудың астарынан кейде буллинге  тап болған және осы жағдайдан зардап шеккен балалардың өшін алу мақсатында өзгені жәбірлеуін байқаймын. Кейбір балалар әділетсіздікті көргенде осыны буллинг жасау арқылы шешемін деп сенеді. Қалай бодғанда да буллинге итермелеген себепті анықтау маңызды. Көбінесе жәбір көрген, өзгені (күшінің жететін әлсізді) жәбірлейді.

Сондықтан да балалар психологы ретінде жәбір көргенді ғана емес, жәбірлеген баланың қандай проблемасы бар, соны ескеру маңызды. Әсіресе, балаларға адамдардың әртүрлі болатынын, яғни, әр адамның сенімі, өмірге деген көзқарасы, ұстанымы әртүрлі екенін, сені біреу ұрғанмен, қоғамдағы бүкіл бала немесе адам сондай емес екенін түсіндіру керек. 

- Өзіңіз психолог ретінде қандай балалар, қандай отбасыдан шыққан балалар, қандай ортаның балалары көп суицид жасайды деп ойлайсыз? Жалпы, осындай зерттеу бар ма, яғни, белгілі бір топқа жататын балалар суицидке бейім деп айтуға бола ма?

- Суицидке бейімді балалардың жалғыз себебі – ата-анасының бұрыс ұстанымы емес. Бірақ, баланың айналасындағы адамдармен  қарым-қатынасы жақсы болса, қолдаушысы, арқа сүйері бар болса, туыстық байланыстар тығыз болса, ондай балаларда суицидке бейімділік аз болады.  Баланы бар болмысымен қабылдамасаңыз, ол депрессияға түседі. Қазір қандай баланың суицидке бейім екенін анықтайтындай зерттеулер аз деп айтар едім, тіпті, жоқтың қасы. Ал, менің білуімше, депрессия, шарасыздық пен жалғыздық сезімі, соның ішінде балалардың өзінің жыныстық келбетіне қатысты күмәндардың болуы, оның суицидке бейім екенін анықтайтын факторлар. Өзіне қол жұмсаған 10-адамның 9-ының терең психикалық ауытқуы болғанын, депрессияға түсіп, өмірден мән таппағанын көруге болады. 

- Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алудағы үкіметтің, құзырлы органдардың атқарып жатқан жұмысына қандай баға берер едіңіз? Психолог маман ретінде қазіргі стратегияларға енгізілуі керек деген ұсыныстарыңыз бар ма?

- Мектептер суицидке қарсы не істей алады деген сұраққа қатысты менің ойым – мектепте дағдарысқа қарсы топтар құру керек. Бұл топтағы адамдар суицитке бейімді баламен қалай жұмыс жасалу керек екенін білуі керек. Сонымен бірге, оқушыларға өз сезімдерін еркін жеткізе алатын орта қалыптастыру керек.  Өзара құрдастар арасында бір-бірін қолдау, көмектесу, ынтымақтастықты арттыру бойынша іс-шараларды өткізу де өте маңызды.

Жалпы, суицидке бейімділік балалар арасында бір-біріне «жұғатын» дүние. Сондықтан,  әсіресе 10-15жас аралығындағы жасөспірімдерге сезімді игеру, проблеманы шешу жолдары, өзгерістерге ашық болу сияқты дағдыларды үйрету керек.

- Бауыр еті баласын осындай жамандықтан құтқару үшін ата-ана не істей алады?

- Қазір балалардың барлығы әлеуметтік желіні қолданады, соның ішінде өз-өзіне қол жұмсауды ойлаған бала  өз парақшасында өмірмен қоштасу, түңілу сияқты сезімдерінен сыр беретін дүниелерді бөліседі. Ең алдымен, міне сол ортаны зерттеп, ата-ана бұндай құбылысты байқай сала ерте психологқа жүгінуі керек.

- Ал, ата-ананың психологпен сөйлесуі, мектеппен жиі қарым-қатынас орнатуы бала үшін қаншалықты маңызды болмақ? Жалпы, ата-ана бала тәрбиесіндегі білімін тереңдету үшін ең тиімді тәсілдер қандай деп ойлайсыз?

- Ата-ананың балаға жетік тәрбие беріп, қарай алуы үшін ең әуелі өзінің бойында зор жауапкершілік болу керек. Ол адам әр нәрсеге көңіл құбылта бермей, сезімдерін басқарып, жауапкершілік алуы керек. Өйткені, қиын-қыстау кезде өзіне көмек бере алатын ата-ана баланың да қиындықтарын жеңеді. Алайда, өзі рухани деңгейде толық есеймеген адам баланың балалығына, ісінің шалалығына төзе алмайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ата-ана махаббат пен мейірімге аш болса, балаға несін берсін!?

- Сұхбатыңызға рақмет, сау болыңыз!

Сымбат Молдатай

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста