Президент жолдауында бірқатар шенеуніктер ұйықтап отырған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Жолдау барысында елдегі ең маңызды мәселелер қозғалып, мемлекет басшысы үкіметке, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Жолдау мемлекеттік телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған Президент жолдауына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 47 депутаты және 102 Мәжіліс депутаты қатысты. Жолдау кезінде ұйықтап, қалғып-мүлгіп отырған шенеуніктерді тікелей эфир кезінде журналист Ерқанат Көпжасар түсірген. Бейнежазба оның Instagram парақшасында жарияланған, деп жазады Orda.kz.
"Жолдаудың кейбір сәттері.
Шенеунік болу оңай ма?!
Қызыл қаны төгіліп,
Қара тері сөгіліп.
Күндіз күлмейді, Т
үнде ұйықтамайды", – деп жазды ол.
Бейнежазба халықтың ашу-ызасын тудырды. Олар шенеуніктердің көп бөлігі ұйықтауға келетінін айтып, пікір білдіріп жатты.