ОҚО аумағынан мұздақтағы 25 көл табылды (видео)
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан мұздақтағы 25 көл табылды. Су жиналған ойпаттар Тянь-Шань тауларына жүргізілген Аэровизуалды зерттеу кезінде анықталды.
Теңіз деңгейінен 3500 мың метр биіктікте жатқан әртүрлі көлемдегі көлдер мұздақтар ерігеннен кейін пайда болған дейді төтеншеліктер. Оған қар мен жауын-шашынның суы құйылады. Мұздықтағы селдің алдын алу мақсатында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандарымен бірлесіп, тікұшақпен тау сілемдерін аралап шыққан. Үш сағатқа созылған сапар кезінде төбеден әрбір көлдің алып жатқан аумағы мен ондағы су деңгейі зерттелді. Өгем шатқалынан бастап Сайрам-су мен Ақсу-Жабағлы қорығының аумағындағы көлдер мен мұздықтардың қазіргі жағдайы бақыланған. Биыл таудың ұшар басындағы қалың қар аптапты ыстықтан ерте еріп кеткен. Сондықтан ол көлдерден келетін қауіп жоқ. Болашақта адам ізі баспаған жерлердегі көлдердің тереңдігі мен сыйымдылығы тексерілетін боладыдейді мамандар. Нұржан Әсибеков, облыстық ТЖД бөлім басшысы: - Соңғы кездері пайда болған. ОҚО-да бұрын мұндай мұздақ өзендер болмаған. Қазіргі таңда біз осы зерттеу жұмыстары кезінде анықтап отырмыз. Аэровизуалды зерттеу болғанымен оның көлемі нақты мәліметтер әлі зерттелуде. Қазіргі таңда тауда қар аз деңгейде,көп емес.Қазіргі таңда қауіп жоқ.