Нұртай Әбіқаев "Отандастардан" кетті

Нұртай Әбіқаев "Отандастардан" кетті

Қордың баспасөз хатшысы Нұрымжан Жұмағазиев бұл ақпаратты растап, орнына жаңа басшы келгенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы, мемлекеттік саяси қайраткер, 75 жастағы зейнеткер Нұртай Әбіқаев «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті қызметінен кетті.

 

Нұртай Әбіқаев өз қалауымен қызметін тоқтатып, демалысқа шықты. 2018 жылдан бері Қорды басқарып, жемісті еңбек етті. Зейнет жасындағы ағамыздың отставкаға шығуынан аса зор жаңалық іздеуге болмайды. Өмір заңы, қалыпты үрдіс қой, дейді Н.Жұмағазиев.

 

Баспасөз хатшысы берген мәлімет бойынша, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің бұйрығымен "Отандастар қоры" КЕАҚ президенті лауазымына Абзал Сапарбекұлы тағайындалған.

 

"Жаңа басшы жұмысына белсенді кірісіп кетті. Енді бұл кісі сонау 2000 жылдардан бері СІМ-де қызмет етіп келе жатқан кәсіби дипломат қой. 2017-2022 жылдар аралығында Қазақстанның Түркиядаға төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Одан бұрын Түркі мемлекеттері ұйымының жобалар директоры, сондай-ақ Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары болды. Сондықтан қандастар мәселесімен жақсы таныс десек, қателеспейміз", — дейді "Отандастар қорының" баспасөз хатшысы.

 

Нұрымжан Жұмағазиев Нұртай Әбіқаевтың шет елдегі қандастарға арналған бірегей "қазақ" картасын ашамын деген уәдесі неліктен аяқсыз қалғанын түсіндірді.

 

Бұл жоба аяқсыз қалған жоқ. Әлі пысықталып жатыр. Өйткені бұл — өте күрделі, ауқымды жоба. Мұнымен арнайы мамандар, үйлестірушілер айналысуда. Дәл қазір қандай деңгейде тұрғанын нақты айта алмаймын. Бір белгілісі, бұл — қалай да жүзеге асатын жоба, — дейді ол.

 

Айта кетейік, "Отандастар қорының" мақсаты — шетелде тұратын қандастар мен этникалық қазақтардың атажұртымен мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру. Сондай-ақ, тарихи отанға көшіп келіп, Қазақстанның әр аймағына қоныстанған қандастарға жан-жақты қолдау көрсету де қор міндетіне кіреді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста