Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті: Біз Димекеңді Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті: Біз Димекеңді Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші, кеңестік Қазақстан тарихында парасаттылығымен ел жадында мәңгіге қалған көрнекті тұлға Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай республика деңгейінде түрлі шаралар басталды.
Жыл бойы жалғасатын салтанатты шаралар кеше тұлғаның туған күнін­де басталды. Алматы қаласында Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назарбаевтың, ар­дагерлер, саясаткерлер мен өнер майталмандарының қатысуымен салтанатты жиын болып өтті. Сондай-ақ жиынға Д.Қонаевтың көзін көрген қариялар мен туған-туыстары да қатысты.
Салтанатты шараны ашқан Ал­ма­ты қаласының әкімі Ахметжан Есімов көр­некті тұлға Димаш Ах­метұлын халқы мәңгі жадында сақ­тай­тынын айта келе, Астанадан ар­на­йы келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың қатысуы бұл жиынның ма­ңызын арттыра түсетінін айтты. Сөз алған Мемлекет басшысы Қонаев дәуірі туралы ой толғады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті:
– Құрметті отандастар!
Қазақ елінің тағылымды тари­хын­­да заман жүгін арқалаған та­лай тола­ғай тұлға болған. Аса көр­некті мем­лекет және қоғам қай­раткері Дін­мұ­хам­мед Ахмет­ұлы Қонаев – біртуар құбылыс иесі. Қонаев есімін мәңгі қалдыру үшін менің арнайы Жарлық шы­ғар­ғанымды білесіздер. Сол уа­қыт­­тан бері Димекеңе қатысты көп­­те­ген шара атқарылды. Оқу орын­дарына, меке­мелерге, кө­ше­лерге аты беріліп, мұражай-үйі ашыл­ды. Жақында Аста­на қала­сының кең көшелерінің бі­ріне Қо­наев есімін бердік. Бұл Қазақ­стан­­ның дамуына зор үлесін қос­қан тұ­ғыр­лы тұлғаға деген біздің шы­найы құр­метіміз болып сана­ла­ды.
Қадірлі қауым!
Кеңестік кезең – біздің тұтас тари­хы­мыз­дың ажырамас бөлшегі. Көпшілігіміз сол кезеңде өмірге келдік, сол заманда өмір сүрдік. Сол тарихтың ауқымды бөлігі Қо­наев есімімен тікелей байланысты. Дінмұхаммед Ахметұлы – өз заманының перзенті болған ірі тұлға, көрнекті қай­рат­кер. Қонаев жоғары қызметке келген уақыт аса күрделі, қайшылықтары көп кезең болғанын сіз бен біз жақсы білеміз. Со­ғыс­тан кейін мемлекет барлық күшті неміс басқыншылары қиратқан батыстағы қала­лар­ды қалпына келтіруге жұмсады. Қиырдағы Мәскеудің шешімінсіз респуб­ли­када бірде-бір өндіріс іске қосылмайтын еді. Сол уақытта Семей өңірі ядролық сы­нақ полигонына айналды. Ойланбай жа­салған қадамдардың кесірінен Арал теңізі жойылуға таяды. Ұлттардың мәдениетіне қайшы келетін солақай шешімдер қабыл­данды. Қазақ тілінде білім беретін мек­теп­тер жабылып, халық мұралары көмескі тарт­ты. Жоспарлы экономика салдарынан Қазақстан шикізат көзіне айналды. Тың игеру кезінде де қателіктер мен негізсіз қа­дамдар жасалды. Алайда осындай қиын­дықтарға қарамастан, Қонаев елдің да­муына жағдай жасады. Республикада құ­рылыс, ауыл шаруашылығы салалары өркендей түсті. Елсіз жерлерде жаңа қала­лар мен елді мекендер сол кезеңдерде пайда болды. Сонымен қатар Қонаев өнер мен мәдениеттің кеңінен қанат жаюына өлшеусіз үлес қосты. Алды кең, жаны жомарт, парасатты жанның өнер адам­да­рына қолдау көрсеткеніне мен өзім талай куә болғанмын. Димекең туған қаласы Алматы үшін де көп жақсылық жасағанын білеміз. Бұл тұрғыдан алғанда, Дін­мұ­хаммед Ахметұлын айрықша ардақтауға лайықты қарымды қайраткер деп санай­мын. Сондықтан біз Димекеңді Тәуел­сіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек. Тәуел­сіздікті бізбен қатар алған кейбір мем­ле­кеттер бұрынғы тұлғаларға қойылған ескерткіштерді қиратып, тарихты қайта жа­зуға тырысты. Ал біз ондай қадамдарға бармадық. Әрқашан өткенге құрметпен қарап келдік, алдағы уақытта да құр­ме­тімізді арттыра түсетін боламыз, – деді Елбасы Н.Назарбаев.
Бұдан кейін Дінмұхаммед Қонаевтың үзеңгілес әріптесі болған мемлекет қай­рат­кері Сұлтан Жиенбаевқа сөз берілді. Дін­мұ­хаммед Қонаевты жақсы білетін тұлғалардың қатары да сиреп барады. Со­лардың арасында тұлғамен достық қа­тынаста болған Сұлтан Сүлейменұлы Ди­мекең туралы ойларымен бөлісті. Ди­маш Ахметұлының қарапайым ин­же­нер­ліктен республика басшылығына дейінгі қызмет жолын адал еңбегімен, тапқырлығымен, көрегендігімен жүріп өткені жайлы сыр шертті. Өнер майталмандарының атынан көзі тірісінде Дінмұхаммед Қонаевпен жақын араласқан ҚР Халық әртісі, Со­циалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова сөз алды. Қазақтың бұлбұлы Қонаевтың ұлт өнері мен мәдениетінің шынайы жанашыры болғанын атап өтті. «Дінмұхаммед Ах­мет­ұлына тұтас қазақ халқының, оның ішінде өнер адамдарының ерекше ықыласы бар екенін баршаңыз жақсы білесіздер. Біздің өнеріміз арқылы өскенімізді көріп, шын жүректен қуанып, қашанда ілтипатын білдіріп отыратын. Димекең – өнегелі өмірінде артына өшпес мұра қалдырып кеткен тұлға. Ол кісі ел басқарған тұста республикамызда бірнеше мәдени ошақтар ашылып, ғимараттар бой көтерді. Ол қиын кезеңдерде өз халқының жү­ре­гінен орын таба білді», – деді. Д.Қо­наевтың отандық ғылымға сіңірген еңбегі ерен. Білікті ғалым біраз жыл Ғылым ака­де­мия­сын басқарды. ҚазақКСР-інің Ғылым ака­­де­миясы рейтингісі бойынша бүкіл­ одақта үшінші орынға дейін көтерілген. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов айтып өтті. Дінмұхаммед Ахметұлы ғылым­ға ми­нистрлер кеңесін басқарғанда да, кейін­нен республиканың бірінші хатшысы қызметін атқарғанда да үлкен қолдау көр­сетіп отыр­ған. Ұлы тұлғаның жерлестерінің аты­нан Ұзақбай Несіпбаев өз ойын ортаға сал­са, туыстарынан Д.Қонаев атындағы халық­­ара­лық қоғамдық қордың президенті Елдар Қонаев сөз сөйледі.
Елдар ҚОНАЕВ, Д.Қонаев атындағы ха­лық­аралық қоғам­дық қордың пре­зи­денті:
– Бұл күн – тек қана атамыздың туыс­тары мен үзеңгілестерінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан қо­ға­мының мерекесі. Бүгінде Д.Қонаев сияқ­ты тарихи тұлғаға лайықты баға беріліп, ел алдындағы ерлігі әспет­теліп жатыр. Мұның өзі 20 жыл толған Тәуел­сіз­дігіміздің арқасы деп ойлаймын. Д.Қонаевты еске алып, осындай ша­ралар өткізіліп жатқанына қуа­ныш­ты­мын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, жиналған қауымға, жалпы жұрт­шы­лық­қа ризашы­лы­ғым­ды білдіремін.

Ресми жиыннан кейін шақырылған қонақтардың назарына Дінмұхаммед Қонаевтың өмірі мен қызметін қамтыған шағын деректі фильм ұсынылды. Соңы өнер саңлақтары дайындаған концертке ұласты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста