Назарбаев қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдеріне алғыс айтты
"Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр" ұранымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдеріне өз алғысын жеткізді, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.
"Бүгін мен қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдеріінің, өз балаларына кішкентай кезінен бастап туған жердің тілінде сөйлеуге үйретіп жүрген ата-аналардың алдында бас иіп, шын алғысымды жеткізгім келіп отыр. Бұндай бастамалар халықты біріктіреді, біртұтас азаматтық қоғамның қалыптасуына жол ашады. Шыны керек, қазақ тілі кеңінен қанат жайып келеді. Қазір қазақ тілін білетін қазақ емес азаматтардың санын кім біледі? Мен білмеймін. Әйтеуір, көп екенін білемін", - деді Н.Назарбаев.
Осы орайда Президент ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілінің де кеңінен қолданылып жүргенін ерекше атап өтті.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу