«Күйеуіне тоқал тауып берген»: Белгілі журналист Тоғжан Қожалыны парламентке жолатпауға шақырды
12 жыл бойы белгілі Тілеухановтар әулетінің келіні болып, жақында күйеуімен ажырасқан Тоғжан Қожалы күйеуінің тоқалы болатынына қарсы болмағанын және іштей бұл күнге дайындалғанын айтты. Бұл әлеуметтік желіде кеңінен талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.
Тоғжан Қожалиеваның ажырасуын қазір бүкіл қазақстандықтар желіде талқылап жатыр. Ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында тоқалдық мәселесін көтерді. Күйеуіне нашар отбасынан шыққан қызды тоқал ретінде өзі алып бермек болғанын айтып, жұртты дүр сілкіндірді.
“Сен ол адамды ең жақсы күйеу деп санап жүресің де, күндердің бір күнінде бұл тек сенің ойларың ғана болып шығады. Патриархалды, діни отбасында “Ұрпақ керек” деген мәселе болды. Бұл отбасында әйелдер үйде отырады, көбі көп балалы. Мен бір баладан артық көтере алмайтын болдым. 10 жыл бойы мұнымен күрестім, бірақ бала көтере алмайтынымды білдім. Кейбіреулер үшін бір қыз аздық етеді. Он еркекке тұрғысыз қыздар болады. Мені әкем солай өсірген еді. Мен барлығы бір-бірін жақсы көретін отбасында өстім. Және күйеуімен ешқандай мәселе болмайды деп ойладым”, –дейді Тоғжан Қожалиева.
Тоғжан Қожалиева өзінің келіндік қызметін толық атқарғанын, бірақ өмірге бала әкеле алмайтыны үшін күйеуінің басқа әйелге кеткенін айтты. Оған қоса Қожалиева иманды тоқалға қарсы болмағанын жеткізді.
“Мен бұл отбасындағы сәлем беретін жалғыз келін болатынмын. Көп балалы болу деген ниеттері дұрыс қой, бірақ құдай өзі бір ғана бала беріп тұрса, шарамыз бар ма, қабылдау қажет. Мен “ұрпақ керек” деген сөзді үнемі еститінмін. Оларға ұл керек болды. Күйеуім жалғыз ұл, жыл өткен сайын ол да ұл керек екенін түсінді. Имамға да бардық, сурагат ана да іздедік. Бірақ шариғат бойынша болмайды деді. Мен өзімді сурагат ана деген нәрсеге үйреттім. Ерте ме кеш пе бұл нәрсе болатынын білдім. Мен өзінің тоқал екенін білетін тоқалға дайын болдым. Өзінің екінші әйел екенін білетін адамды қабылдайтын едім. Онымен құрбы болып, балаларымызды бірге тәрбиелеуге де дайын болдым. Ақылды әйел ретінде Домалақ ана да тоқал болған ғой деген ой болатын. Иманды, тақуа қыз болса тіпті дос болуды ойлағанмын”, – дейді ол.
Алайда, жағдай тез дамып, Тоғжан Қожалиева қалағандай емес, мүлдем басқа тоқал келген. Ол күйеуін әлі де жақсы көретінін айтты.
“Бірақ мен менімен бәсекелесетін тоқалға дайын болмадым. Он екі жыл сол ер адаммен тұрып, оны қалыптастырған әйелмен бәсекелеседі деп ойламадым. Алғашқы жыл күйеуіммен қызымның көрімдігіне өмір сүрген едік. Біз бірге қалыптастық. Дұрыс таңдау болмады. Ол әйелмен танысып келіп, мен үйленемін деді. Мен бірден неке болады, той болады деп ойламадым. Бала туа алмағаным үшін бір күнде шетте қалып қалғаным өкінішті болды. Мен күйеуімді әлі де жақсы көремін”, – дейді ол.
Тоқжан Қожалиеваның бұл пікірі әлеуметтік желіде кеңінен талқыға түсті. Бірі оны жақтаса, енді бірі қарсылық білдіріп жатты.
“Әйелдер, әпке-сіңлілер, өзімізді сыйлайық! Көп әйел алу елдің ешбір заңымен реттелмейді, мен бұған оқығаныма байланысты сүйеніп отырмын. Дегенмен, заңнан да күшті бейресми институттар бар. Біздің қоғамда "тоқал" институтының қалыпты жағдайға айналғанын қаламаймын. Бәйбіше боп та, тоқал боп та өмір сүріп жатқан әйелдер көп. Мұндай отбасыларда әйелдер береке мен сыйластықта өмір сүреді деп ойлау – қателік. Зорлық-зомбылық, жоқшылық, мүлікпен және мұрагерлікпен бөлісу сынды дүниелер бар. Сонымен бірге үнемі байқалатыны – әйелдер арасындағы бәсеке, балалар арасындағы бақталастық. Қазақстандық әйел өз алдына толық және құнды болуы қажет. Әйел ұрпақты көбейтуге арналған инкубатор немесе қосымша құрылғы емес. Бұрын отбасындағы ұрып-соғу әр отбасының өз ісі болатын, төрт қабырғаға қамалып, "кедергі жасамауға" тырысатын. Бірақ жүздеген белсенді әйелдердің көп жылғы еңбегінің арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам мен мемлекеттің мәселесіне айналды. Менің ойымша, көп әйел алу – Қазақстанның барлық әйелдерін қорлайтын әрекет”, – деп жазды Салтанат Тұрсынбекова.
Тоғжанның парламентте орын алып, 7 жылдан кейін президенттікке үміткер болғысы келетіні желі қолданушыларын тіпті ашуландырды. Танымал журналистердің бірі бұған “бассыздық” деп баға берді. Ол Тоғжан Қожалиеваны парламентке жолатпауға шақырды.
“О, Алла, Тоғжан Қожалыны парламентке жақындатпа! Өз орнын біліп, бағынса, тоқал алуға дайын болғанын айтады. Ар-ожданыңыз, абыройыңыз қайда? Тоғжан даналық дегенді – намыс пен ардың жоқтығымен шатастырып жатырсың. Сондықтан, қазақ халқының тарихы мен ислам дініне, салт-дәстүрге қатысты пікір айтудың қажеті жоқ. Күйеуіне тоқал тауып беруге тырысқан. Бұл жағдайда саяси мақсатта қолданғысы келетін сияқты. Адамдар кездеседі, ғашық болады, өмір сүреді, ажырасады. Бұл – өмір. Мұны дәстүр ретінде көрсетудің қажеті жоқ”, – дейді журналист Бажкенова.
Дегенмен, Тоғжан Қожалиеваны қолдағандар да болды.
“Мен сұхбатты көргенге дейін бұл кісінің кім екенін білмеген едім. Ол өте ақылды, өте дана, сезімтал әйел! Браво! Браво!”, “Мен бұл әйелге қарап таңқалдым, қазірдің өзінде әлсіздігімен күшті болып отыр”, “Мен Тоғжанның бұрынғыдан да мықты әйел болып, алға қойған мақсатына жетуіне тілектеспін! Адамдарды соңынан ерте алатынын байқадым. Елімізге осындай адамдар керек”, – деп қолдау білдірді желі қолданушылары.
Оған қоса, Тоғжан Қолажының өзі де бұл тақырыпқа қатысты пікірін білдірді.
“Біздің қоғамдағы үлкен мәселенің беті ашылды.Тоқалшылықтың қалыпты жағдай екенін бізге алғаш көрсеткен Президент Назарбаев. Тоқалшылдықты бірінші болып ел басшысы шығарды. Әрі қарай, бұл вирус оның айналасындағыларға, бизнес-элиталарға үлгі болды. Бұл екі отбасыны асырауды былай қойып, бір отбасын да асырай алмайтын төменгі топтарға дейін жетті. Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінен келген араб достарым бар. Көп әйел алу олар үшін қалыпты жағдай емес. Исламда бұл норма емес. Мұның Исламға қатысы жоқ, бұл адам бойындағы жамандықтың белгісі”, – деп жазды ол.